Практикалық сабақтың тақырыбы: : Жер-кадастрлық құжаттама
Сабақтың жоспары:
1. Кадастрлық база
2. Кадастрлық құжаттама
Сабақтың мақсаты: Жер кадастрлық жұмыстарды жүргізу кезіндегі құжаттама.
Кадастр базалық құжаттардан тұрады, оларға мыналар жатады:
жер учаскесінің жер-кадастр ісі (кадастр ісі);
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік жер-кадастр кітабы;
жер-кадастр картасы (кадастр картасы).
Базалық құжаттарда жер учаскелері туралы бастапқы мәліметтер тіркеледі және жердің шаруашылық және табиғи жай-күйінде болып жатқан өзгерістер көрсетіледі.
Кадастрлық іс-жер учаскесі туралы құжаттар орналастырылған жаңа жер учаскесін қалыптастыру және қолданыстағы жер учаскесін қайта ұйымдастыру туралы іс.
Қалыптастырылған кадастрлық іс жер учаскесін мемлекеттік жер-кадастрлық кітапқа жазу үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік жер-кадастрлық кітап жер учаскелері есепке алынатын, жердің кеңістіктік, табиғи және шаруашылық жағдайы туралы анық мәліметтер қамтылатын құжат болып табылады.
Ауылдық (селолық) округтің, кенттің мемлекеттік жер-кадастрлық кітабын жүргізуді тиісті ауылдық (селолық) немесе кенттік атқарушы органның уәкілетті лауазымды адамдары жүзеге асыра алады.
Көрсетілген құжаттың жүргізілуін әдістемелік қамтамасыз етуді және бақылауды Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитет жүзеге асырады.
Жер учаскесін мемлекеттік жер-кадастрлық кітапқа жазу кезінде оған жеке, Қазақстан Республикасының аумағында қайталанбайтын кадастрлық нөмір беріледі, ол учаске біртұтас болып тұрғанда сақталады. Осы нөмірмен осы учаскеге жүргізілетін кадастрлық істе сәйкестендіріледі.
Жердің кадастрлық картасы Жер учаскелерінің орналасқан жерін, мөлшері мен шекараларын көрнекі түрде көрсету, біріктіру және бөлу кезінде олардың өзгеруін есепке алу мақсатында жасалады және жүргізіледі.
Жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, мазмұнын, нысандарын, сондай-ақ оларды жүргізу жөніндегі нұсқауларды мүдделі министрліктермен және ведомстволармен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі әзірлейді және бекітеді.
Жер-кадастрлық құжаттама мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
барлық деректемелер (оларды шығарған органның, мекеменің, ұйымның атауы, құжаттың күні, нөмірі, адресаттың (құжатты алушының) нұсқауы) толтырыла отырып, белгіленген үлгідегі бланкілерде орындауға міндетті);
жер учаскелері шекараларының жоспарларын (сызбаларын) дайындау Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі белгілеген техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады;
мемлекеттік құпияға жатқызылған жер учаскелерінің жоспарларында (сызбаларында) қамтылған мәліметтер олардың құпиялылығын қамтамасыз ететін белгіленген қағидаларға сәйкес пайдаланылады және сақталады.
Мемлекеттік жер кадастрының базалық құжаттарының бірі жер учаскесінің жер- кадастрлық ісі (кадастрлық іс) болып табылады.
Кадастрлық іс-жер учаскесі туралы құжаттар орналастырылған жаңа жер учаскесін қалыптастыру немесе қолданыстағы жер учаскесін қайта ұйымдастыру туралы іс.
Кадастрлық іс Жаңа жер учаскесі пайда болған жағдайларда, сондай-ақ бұрын азаматтар мен заңды тұлғаларға иелену не пайдалану құқығымен берілген жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беру алғаш рет ресімделген кезде жүргізіледі.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы бір жер учаскесін бөлу және бірнеше жаңа жер учаскелерін құру немесе бірнеше жер учаскелерін біреуіне біріктіру жағдайларында жаңадан құрылатын әрбір жер учаскесіне жаңа кадастрлық іс ашылады. Бұл ретте бұрынғы жер учаскелерінің кадастрлық істері жойылады және мұрағатқа тапсырылады.
Мемлекет мұқтажы үшін жасалатын жер учаскесін қайта ұйымдастыру не азаматтар мен заңды тұлғалар арасындағы мәмілелер кезінде жаңа кадастрлық іс басталмайды. Жер учаскесін қайта ұйымдастыру процесіне ілеспе және оларды растайтын барлық құжаттар қолданыстағы кадастрлық іске орналастырылады.
Азаматтарға бұрын берілген жер учаскесінің шекараларын нақтылау жаңа учаскені қалыптастыру ретінде қарастырылмайды. Жер учаскесінің бір бөлігі уақытша пайдалануға немесе кепілге (ипотекаға) салынған жағдайда да кадастрлық іс басталмайды. Жаңа уақытша учаскенің осы бөлігін қалған жерден бөлетін шекараны белгілеу жөніндегі барлық құжаттар бұрын негізгі жер учаскесіне жүргізілген кадастрлық іске орналастырылады.
Бір жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ жер учаскелері бірыңғай жер массивімен біріктірілген және атқарушы органның бір шешімімен (бау-бақша, саяжай, тұрғын үй, гараж және өзге де кооперативтер) бірнеше жер учаскесі берілген жағдайда әрбір жер учаскесіне кадастрлық істер бірыңғай құжатқа брошюраланады.
Кадастрлық істерді аудандық (қалалық) жер ресурстарын басқару комитеттері, олардың бөлімшелері және осы жұмыстарды орындауға тиісті лицензиясы (рұқсаты) бар басқа да ұйымдар қалыптастырады.
Жер учаскелерінің кадастрлық істерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды орындау мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге көзделген бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Кадастрлық істерді сақтауды және жүргізуді аудандық (қалалық) жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттер жүзеге асырады.
Кадастрлық істі комитеттердің тартылатын бөлімшелері және басқа да ұйымдар қалыптастырған жағдайда ол екі данада жасалады, оның біреуі жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық (қалалық) Комитетке беріледі.
Қалыптастырылған кадастрлық іс жер учаскесін жер-кадастрлық кітапқа жазу және осы жер учаскесіне құқықтарды кейіннен мемлекеттік тіркеу үшін негіз болып табылады.
Кадастрлық істің мазмұны
Кадастрлық іс мыналарды қамтиды:
жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу үшін берілетін жер учаскесіне арналған ақпарат тізбесі;
жер учаскесін заңды ресімдеу құжаттарын;;
жер учаскесін техникалық ресімдеу материалдарын; жер-кадастрлық ақпарат;
тексеру парағы (куәландыру).
№ 26 Практикалық сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |