Білім беру бағдарламасы бойынша Жеке тапсырма тақырыбы Ацикловирдың құрамы және қолданылуы



бет6/12
Дата26.06.2023
өлшемі71.66 Kb.
#475369
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Амина практика

Қолдану тәсілі және дозалары
Кремді тәулігіне 4 сағаттық аралықпен 5 рет терінің жұқпаланған жеріне жұқалап жағады.
Ациклостад кремін мақта таяқшаның көмегімен зақымданған бөлікті және оның маңайындағы аймақты жабатындай етіп, кремнің жеткілікті мөлшерінде жағады. Препаратты жаққан кезде кремнің тек ұшықтың көрініп тұрған белгілеріне күлдіреуік, ісіну, қызарған жағылуын ғана емес, емдеу үдерісінде іргелес аймақтарының да қамтылғанын бақылап отырған жөн. Егер препарат қолмен жағылса, онда терінің зақымданған аймағының қосымша жұқпалануын мысалы, бактериялармен және вирустардың тері мен шырышты қабықтардың жұқпаланбаған бөліктеріне тасымалдануын болдырмау үшін қолды осы емшараға дейін де және емшарадан кейін де мұқият жуу керек.
Емдеу ұзақтығы - 5-тен 10 күнге дейін.
Жағымсыз әсерлері
Жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100)

  • терінің өңделген бөліктеріндегі өткінші ашыту сезімі немесе шаншып ауруы

  • крем жағылған жердің құрғауы, қабыршақтануы, қышуы.

  • эритема, жанаспалы дерматит.

Көптеген жағдайларда ацикловирдің әсер етуші заты емес, крем негізінің қосымша заттары тері реакциясының себептері болған. Жанаспалы дерматиттің бар екендігін жоғарыда айтылған жағымсыз әсерлер қатты білінгенде және препаратпен өңделген тері аймақтары бөліктерінің шегінен тыс тарағанда айтуға болады.
Өте сирек (<1/10000)

  • ангионевротикалық ісінуді қоса алғанда, асқын сезімталдық реакциялары.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • ацикловирге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне асқын сезімталдық

  • ауыздың, көздің, қынаптың шырышты қабатына жағу үшін пайдалануға болмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Осы уақытқа дейін жергілікті қолданған кезде басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы хабарламалар болмаған.
Айрықша нұсқаулар
Иммунитеті айқын бұзылған емделушілердің ацикловирді ішке қабылдауы пайдалы болатын-болмайтынын қарастыру қажет.
Гениталийдің ауыр герпес жұқпаларын ацикловирді ішке қабылдау арқылы емдеген дұрыс.
Емдеудің мүмкін болатын ең жоғары нәтижесіне қол жеткізу үшін кремді ұшық ауруының алғашқы белгілерінен-ақ шаншуды сезіну, тартылу, ашыту, қышу, қызару қолданған жөн. Егер тері бөртпелері қабыршақтану сатыларына жетсе, онда вирусқа қарсы Ациклостад кремімен ем жүргізудің пайдасы жоқ.
Ациклостад кремімен емдеу нәтижелі болуы үшін оның көрсетілген қолдану мерзімін міндетті түрде сақтау қажет.
Гениталий герпесі бар емделушілер жұптасына жұқтыруды болдырмас үшін көрінетін күлдіреуіктер кеткенше жыныстық қатынастан бас тарта тұруы тиіс.
Ациклостад кремі құрамында парафин мен вазелин болуына байланысты гениталий мен анус аймағына қолданғанда латекстен жасалған мүшеқаптың мықтылығы кемуі мүмкін, осыған байланысты оларды қолданудың қауіпсіздігін төмендетеді.
Цетил спирті мен пропиленгликоль терінің жергілікті тітіркенуін (мысалы, жанаспалы дерматит) туғызуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет