Креатинин клиренсі
|
Дозалау
|
25-50 мл/мин
|
500 мг/м2 әрбір 12 сағат
|
10-25 мл/мин
|
500 мг/м2 әрбір 24 сағат
|
0 (анурия) - 10 мл/мин
|
үздіксіз амбулаториялық перитонеальді диализде: 500 мг/м2 әрбір 24 сағ, гемодиализ кезінде:500 мг/м2 әрбір 24 сағ және диализден кейін
|
Ересектермен жасөспірімдердегі дозаны түзету: 2–кесте
Креатинин клиренсі
|
Дозалау
|
25-50 мл/мин
|
5 - 10 мг/кг әрбір 12 сағат
|
10-25 мл/мин
|
5 - 10 мг/кг әрбір 24 сағат
|
0 (анурия) - 10 мл/мин
|
үздіксіз амбулаториялық перитонеальді диализде: 5-10 мг\кг әрбір 24 сағ., гемодиализ кезінде 5-10 мг\кг әрбір 24 сағ. және диализден кейін
|
Организмге сұйықтықтың ұтымды деңгейінің түсуін қамтамасыз ету қажет.
Ерітіндіні дайындау тәсілі
Препаратты сұйылту және еріту тура пайдалану алдында стерильді жағдайда жүргізіледі.
Еріткіш ретінде инъекцияға арналған стерильді су, натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі, натрий хлоридінің 0,45% ерітіндісі немесе Хартман ерітіндісі пайдаланылады.
Медовир 250 мг құтысына 10 мл еріткіш немесе Медовир 500 мг құтысына 20 мл еріткішті қосқанда 25 мг/мл концентрациядағы препараттың дайын ерітіндісі алынады. Ұнтақ толығымен ерітілуі үшін құтыны жақсылап сілку керек.
Алынған ерітіндіні оның концентрациясын 5мг/мл-ге (0,5 %) дейін жеткізу үшін еріткішпен қосымша сұйылту қажет. Инфузияның ең төменгі көлемдерін сақтауды қажет ететін балалар мен нәрестелер үшін Медовирдің (100 мг ацикловир) 4 мл дайындалған ерітіндісін 20 мл инфузиялық ерітіндіге қосу ұсынылады.
Сұйытылғаннан кейін ерітіндіні бөлме температурасында 12 сағат бойы сақтауға болады. Тоңазытқышта сақтауға болмайды! Пайдаланылмаған ерітінді утилизацияланады. Дайындау үдерісінде немесе енгізу кезінде ерітінді бұлыңғырланса немесе кристаллизацияланса препаратты жою қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |