Білім беру бағдарламасы бойынша Жеке тапсырма тақырыбы Ацикловирдың құрамы және қолданылуы



бет7/12
Дата26.06.2023
өлшемі71.66 Kb.
#475369
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Амина практика

Жүктілік және лактация
Ацикловирді жүктілік кезінде ішке қабылдау жөніндегі шектеулі мәліметтер ацикловирдың жүктілік барысына немесе ұрық/ жаңа туған нәресте денсаулығына жағымсыз әсерін растамайды. Қолжетімді эпидемиологиялық деректер жоқ. Ациклостад жүктілік кезінде пайда-қатерінің арақатынасы мұқият бағаланғаннан кейін ғана қолданылуы тиіс. Ацикловир жүйелі қолданудан кейін емшек сүтіне өтеді. Сау теріге жергілікті қолданудан кейін жүйелік қолжетімділігі байқалмайды. Анасы Ациклостадты қабылдағаннан кейінгі баланың емшек емізу кезінде алатын дозасы өте аз. Емшек емізу кезінде Ациклостадты қолданғанда сәбидің зақымданған аймаққа жанасып кетуін болдырмау керек.
Артық дозаланғанда
Жергілікті қолданған кезде препараттың артық дозаланғаны туралы мәліметтер жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
2 г немесе 5 г бұралатын пластмасса қақпағы бар алюминий сықпаға салынған.
Әр сықпа қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары:
25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі:5 жыл
Сықпа ашылғаннан кейінгі сақтау мерзімі – 12 ай.
Қаптамасында және сықпасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.


3.3 Ацикловирдың қолданылуы
Фармакотерапиялық тобы
Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Нулеозидтер және нуклеотидтер. Ацикловир.
Фармакологиялық тобы
Ересектерде 1 сағаттық 2.5 мг/кг, 5мг/кг және 10мг/кг инфузиялардан кейінгі тепе-теңдік жағдайдағы (Cssmax) орташа ең жоғарғы плазмалық концентрациялар сәйкесінше 22.7 мкмоль (5.1 мкг/мл), 43.6 мкмоль (9.8 мкг/мл) және 92 мкмоль (20.7 мкг/мл) құрады. Қан плазмасындағы препараттың тиісті концентрациялары 7 сағаттан соң келесі дозаны (Cssmin) тура енгізер алдында сәйкесінше 2.2 мкмоль (0.5 мкг/мл), 3.1 мкмоль (0.7 мкг/мл) және 10.2 мкмоль (2.3 мкг/мл) құрады.
Ацикловир аздап плазма ақуыздарымен байланысады (9 - 33%).
ГЭБ және плацентарлық бөгет арқылы өтеді, емшек сүтімен бөлінеді.
9-карбоксиметоксиметилгуанин ацикловирдың бірден-бір елеулі метаболиті болып табылады (бүйрек арқылы шығарылатын қабылданған дозадан шамамен 10-15 % құрайды). Ацикловирді көктамыр ішіне тағайындағаннан кейін жартылай ыдырау (Т½) кезеңі шамамен 2.9 сағатты құрады. Препараттың едәуір бөлігі бүйрек арқылы өзгермеген күйде шығарылады. Ацикловирдың бүйрек клиренсі креатинин клиренсінен біршама басым болады, бұл дәрілік заттың шумақтық сүзілісі және өзектік секреция арқылы шығатындығы туралы куәландырады.
1 жастан асқан балаларда ересектердегі сияқты Cssmax және Cssmin ұқсас деңгейлер байқалды. Нәрестелер мен сәбилерде (0-3 ай) 1 сағат ішінде 8 сағат аралықпен 10мг/кг дозада көктамыр ішіне енгізу кезінде Cssmax 61.2 мкмоль (13.8 мкг/мл), ал Cssmin 10.1 мкмоль (2.3 мкг/мл) құрады. Т½ бұл пациенттерде 3.8 сағатты құрады.
Егде жастағы адамдар
Егде жастағы пациенттерде жалпы клиренс жас келген сайын төмендейді, бұл креатинин клиренсінің төмендеуімен байланысты.
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде жартылай ыдырау кезеңі 19,5 сағатты құрады. Ацикловирдің жартылай ыдырау кезеңі гемодиализ кезінде 5,7 сағат. Диализ кезінде ацикловирдің плазмалық концентрациялары шамамен 60 % төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет