Білім беру бағдарламасы бойынша жхм-313 тобының 1 курс студенті Нышанбай Арайлымның



бет4/8
Дата28.03.2024
өлшемі3.67 Mb.
#496747
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
арай отчет (1)

05.02.2024 ж.

Жаңа аптадағы оқу тәжірибем 8 “А” сыныбына болған химия сабағынан басталды. Бакыт ағай сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасты.


«Миға шабуыл» әдісімен оқушылардың өткен тақырыптан алған білімдерін тексерді. Және үй тапсырмасын әр оқушының дәптерінен арап тексеріп шықты. Және жетекшімме үй тапсырмасын тексеріп шығуға көмектестім.
Жаңа тақырып «Иондық байланыс» жайлы ағай оқушыларға түсіндірді. Бұл тақырыпта «катион, анион, ион» дейтін терминдер қолданылды. Иондардың пайда болуы олардың арасындағы байланыс, металл және бейметалл арасындағы байланысты қарастырдық. Ол қалай жүреді сол бойынша оқушылар тақырып артындағы тапсырмаларды тақтаға орындады. Катион және анионды бөлу. Иондық немесе коваленттік байланысы бар қосылыстарды бөлу бойынша тапсырмаларды жасады. Жетекші оқушыларға сергіту сәтін ұйымдастырды. Оқушылар тұрып алдағы күндерінің жақсы өтуі туралы бір-бірлеріне сәттілік тіледі. Сонымен сабақ аяқталып оқушылар үй жұмысын алды, ерігіштік кестедегі бірнеше катионмен аниондары байланысқа түсіру.

6-сурет. 8 “А” сыныбына өткен химия сабағынан үзінді.

Бұл күнгі келесі сабақ 8 “Б” сыныбына кірдік. Ең алдымен ағай оқушылар не оқып келгенін ойын арқылы сұрады. «Санды -сұрақ» ойыны арқылы оқушылар кез келген санды таңдап оның артында тығылған сұраққа жауап беріп отырды. Бұл өткен тақырыпты еске түсіру үшін таптырмас әдіс болды. Жаңа тақырып «Иондық байланыс» болды.


Оқушыларға иондар қалай пайда болады деген сұрақ қойылды. Бұл оқушыла ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік берді. Оқушылар электронды қосып алу немесе жоғалту деп жауап береді. Және ағай оқушыларға түсіндіре бастады. Мысал ретінде натрий және фтор ионының түзілуін көрсетті.
Кері байланыс ретінде оқушылардан бүгінгі сабақтан не түсінгендерін және не білгендерін сұрады. Бұл оқушылардың өз ойын жеткізе білуіне әсері мол екеніне көзім жеттім.
Келесі кестеден тыс 9 «Ә» сыныбына химия пәнінен 3-курс білімгерінің жүргізген сабақтарына тәжірибе алмасуға қатыстық. Алдымен оқушылармен амандасып, түгелденді. Оқушылардың көңіл-күйін сұрап, өткен тақырыпқа шолу жасалынды. Жаңа бөлім бойынша «15 топ элементтері. Азот» тақырыбында өтті. Оқушыларға жаңа тақырыпты түрлі әдіс-тәсілдермен түсіндірді.


Кері байланыс ретінде «Бір ауыз сөз» әдісін пайдаланды. Оқушылар сабаққа өте белсенді атсалысып, кері байланыс жасап отырды. Сабаққа қатысып отырған оқушыларды «жарайсың», «талпын» секілді сөздермен мадақтады.


Бұл олардың одан сайын жақсы оқуға әрекет етуіне қозғаушы күш болды.
Оқушылар сабақ барысында «азотофикация, нитрофикация, денитрофикация т.б.» терминдерді қарастырды. Адам өміріндегі азоттың маңызын тұрмыста және көптеген басқа салаларда да азоттың маңызын қарастырды. Олардың барлығын дәптерлеріне түртіп отырып білімгерді тыңдап отырды.
Білімгер қойған сұрақтарға жауап беріп , бұл сабақ пен алдыңғы өткен сабақ арасындағы байланысты сұрап кері байланыс жасалынып тұрды. Бұл сыныптың оқушылары да өте белсенді қатысып, түсінбеген тұстарын бізден және Бакыт ағайдан жеке келіп сұрады. Ал біз өз білгенімізбен бөлісіп, жақсы әсер қалдыруға тырыстық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет