Білім беру бағдарламасы бойынша жхм-313 тобының 1 курс студенті Нышанбай Арайлымның



бет7/8
Дата28.03.2024
өлшемі3.67 Mb.
#496747
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
арай отчет (1)

9.02.2024ж

Бұл аптада сыныптың белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығына сырттай бақылау жүргіздім. Сынып жетекшімнің тәрбие жұмыс жоспар кестесін зерттедім. Жоспар бойынша тәрбие сағаттың тақырыптарымен толықтай танысып шықтым.


Тәрбие сағатты жетекшіммен бірге ақылдаса отырып, алдағы өтілетін тәрбие сағаттарды талқыладық.
Тәрбие сағатта қандай әдіс-тәсілдер қолданылатынын, оқушылармен қалай жұмыс жасау керектігі туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Бұдан бөлек оқушылардың сабаққа қатысуларын, белсенділіктері, үлгерімдері туралы талқылап өттік. Жетекшімнің жұмыс жоспар кестесіне сай әр апта түрлі тақырыптар өтіледі екен.
Тәрбие сағатта өтілген әр тақырып оқушыларға өзіндік қызық болады, оқушылар өздеріне тәрбие алатындай, үлгі-өнеге алатындай, ой-түйерліктей деңгейде өтеді. Жетекшіммен тәрбие сағаттарды жоспарлау негізінде 8 «Г» сыныбында «Нашақорлық-ғасыр дерті» атты ашық тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағат өте жоғары деңгейде өтті.
Онда нашақорлық туралы маңызды ақпараттар айтылды. Оқушылар өз ойларымен еркін бөлісе отырып, постер қорғады. Тәрбие сағаты барысында оқушылардың жауапкершіліктерін, белсенділіктерін байқадым.
Барлық оқушылар белсене араласып, өз ойларын ашық жеткізе білді. Олар өзара бір-бірімен ұйымшылдықтарын, ауызбіршіліктерін көрсетті.
Оқушылар ізденімпаздылықтарын көрсетіп, әр берілген жұмыстарды ұжымдаса отырып орындады.
Тәрбие сағат нәтижесінде оқушылармен ашық сөйлесіп, жақсы байланыста болдым. Бұл оқушыларды одан әрі тануыма өз септігін тигізді.
Тәрбие сағаттарда түрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, көрнекілік құралдар қолданылды. Осылайша, тәрбие сағатымыз жақсы көңілкүйде өтіп, оқушылар біршама пайдалы ақпараттар алды.
Пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің тапсырмасын орындадым. Мектептегі оқу тәжірибе барысында мен барлық қажетті тәрбие жұмысын атқардым. Оқу тәжірибе менің кәсіби тұлғалық қасиеттерім мен сапаларымның дамуына оң әсерін тигізді. Мектептегі білім мен тәрбиенің нақты жағдайында мағыналы қолдану жолдарын меңгердім. Оқыту сабақтарын дайындау және кезең-кезеңімен дамыту, сабақтың тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін анықтау, сонымен қатар қажетті оқу және көрнекі құралдарды дұрыс таңдау дағдылары жинақталды.
Мен Нышанбай Арайлым Бақымжанқызы оқу тәжірибе барысындағы басты жетістігім – оқу тәжірибе кезінде жоғары оқу орны қабырғасында алған, жалпы теориялық білім, білік, дағдыларымды мектеп практикасында алғаш қолданып, оны іс-жүзінде жүзеге асыра алғандығым.
Оқушылармен ұстаз және дос ретінде аз уақыт ішінде оқушыларға үлгі боларлықтай өзін көрсете алдым және өте жақсы қарым – қатынас жасай білдім деп ойлаймын. Oқушылармен тез тіл табыса білуім, әр оқушының мінез-құлықтарына қарай қарым - қатынас жасай білуім, педагогикалық іскерліктің қалыптасып келе жатқандығын білдіреді.
Оқу тәжірибеден өткеннен кейін мен өзімнің бойымнан көптеген қызықты нәрселерді байқадым. Ең үлкені өзімнің мамандық таңдаудан қателеспегенімді түсіндім.
Осылайша оқу тәжірибенің соңғы күнінде жетекшім мінездеме жазып, қорытынды жасады. Барлық құжаттарымды түгелдеп жетекшіме, мектеп директорына, директордын оқу-ісі жөніндегі орынбасарына қол қойдыруға алып келдім. Мектеп ұжымы өз мадақтауларын айтып құжаттарыма қолдарын қойып берді. Жетекшім оқу тәжірибеден өту кезінде алған тәжірибеме сай бағалар қойып берді. Оқу тәжірибе менің кәсіби тұлғалық қасиеттерім мен сапаларымның дамуына оң әсерін тигізді.
Оқыту сабақтарын дайындау және кезең-кезеңімен дамыту, сабақтың тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін анықтау, қажетті оқу және көрнекі құралдарды дұрыс таңдау дағдылары жинақталды.
Сабақ болғандыктан оқушыларыммен қимай қоштастық. Аз уақыт болсада бір-бірімізге үйренісіп қалған екенбіз. Оқушыларыма келер оку жылына сәттілік тілеп, жылы лебізімді білдірдім. Маған көп тәжірибе жинауға септігін тигізген сынып болды.

10-сурет. Оқу тәжірибесінің соңғы күніндегі естелік.




11-сурет. Оқушылармен естелікке түскен сурет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет