6.02.2024 ж.
Бұл күнгі сабағымыз 8 “В” сыныбына химия пәнінен 3 курс білімгерлері ашық сабақ өтті. Ашық сабақ тақырыбы “Иондық байланыс” болды. Сабақ басталмас бұрын “QR код ” әдісін қолдана отыра, оқушыларға код таратылды. Оқушылар ұялы телефондары қолдану арқылы өз топтарын анықтады. Топтарға бөлінгеннен кейін, жаңа тақырып түсіндірілді.
Жаңа тақырыпты білімгер оқушылармен ақылдаса отырып жеткізе білді. Бұл әдіс өте керемет нәтиже берді.Келесі тапсырма топтық жұмыс болатын. Оқушыларға постер қорғау тапсырмасы берілді. Бұл тапсырма оқушылардың топпен ұйымшылдық көрсетуіне өз әсерін береді. Бірінші топқа-Ковалентті полюсті байланыс, екінші топқа- ковалентті полюссіз байланыс, үшінші топқа-Иондық байланыс жайлы тапсырма берілді.
Оқушылар ойдағыдай алып шықты. Жылдамдығы бойынша бірінші болған топқа 3 доллар, екінші болған топқа 2 доллар, ал соңғы болған топқа 1 доллар берілді. Осылай сабақ соңында көп доллар жинаған топқа жоғары балл қоятынын атап өтті және бұл оқушылардың сабаққа деген құлшынысын арттырды.
Келесі тапсырма жылдамдықты талап етті. Интерактивті тақта арнайы бақаның жолдары берілген. Сұраққа дұрыс жауап берілетін болса,бақа дұрыс жолмен жүреді. Егер жауап қате болса бақа кері бағытқа қарай кетеді. Тапсырма барлығына ортақ болғанымен, қай оқушының тақырыпты қалай меңгергенін байқауға болады.Барлығы дерлік дұрыс жауап берді.
Сабақ аяқталуына жақын қалды. Кері байланыс алынды. Және бұл стикерлер арқылы өзінің өткен сабақ жайлы ойын жазуға негізделді. Оқушылардың көбіне сабақтың ұнағанын байқадым. Және алдағы уақытта жоғары курс студенттің қолданған әдістерін қолданатыныма сенімдімін.
7-сурет. Жоғары курс білімгерінің өткен ашық сабағынан үзінді.
Келесі сабақ 8 «Г» сыныбында өткен химия пәнімен жалғасты. Жетекшім Бакыт ағай бұл сыныпқа Бөлім бойынша жиынтық бағалау өткізді. Сабаққа 22 оқушы қатысты. Бөлім бойынша жиынтық бағалауда оқушылар өздерінің осы бөлімдегі деңгейлерін көрсетті деп ойлаймын.Себебі барлық оқушылардан ұялы телефондарын жинап алды және 20 минут қана уақыт берілді. Ал ары қарай жаңа тақырып түсіндірілді және сабақта мынадай әдістер қолданылды:
• "Миға шабуыл" әдісімен қысқа-нұсқа ғана ең маңызды деп табылған сұрақтарды "дұрыс"/"бұрыс" екенін анықтау арқылы үй тапсырмасына шолу жасады.
• Жоғары курс білімгері жаңа тақырыпты өткен тақырыппен салыстыра түсіндірді. Сондай-ақ тақырыптың басты ақпараттарын ғана түсіндіріп, оқушының ары қарай да түсініп, игеруі үшін алғашқыда "ТОПТЫҚ ЖҰМЫС" арқылы барлық оқушыларды қамти отырып, жұмыс істеуі ерекше болды.
• Оқушылар постерді қорғап жатқан сәтте, бала жеткізе алмаған ақпараттарды білімгер қатесін түзе отырып, плакатқа қорғалатын материалдарды аша түсті.
• Яғни жаңа сабақты оқушылар өздері іздене отырып, түсінді. Бұл сыныптағы оқушылардың зейінін сабаққа аударды.
Достарыңызбен бөлісу: |