Білім беру бағдарламасы бойынша жхм-313 тобының 1 курс студенті Нышанбай Арайлымның



бет8/8
Дата28.03.2024
өлшемі3.67 Mb.
#496747
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
арай отчет (1)

Қорытынды

Мен оқу тәжірибе кезінде көп тәжірибе жинадым. Практика барысында оқушылармен қалай жұмыс жасау керектігін, сабақтарды қалай өту керектігін, сабақ кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді, көрнекілік құралдарды қолдануды үйрендім. Білікті жетекшілеріммен бірігіп, оқушылармен жұмыс жасадым. Жұмыс жасау барысында өзімнің ұйымдастырушылық қабілетімді арттырдым. Жетекшілерімнің арқасында жаңа форматта сабақтар өтуді, оқушылармен қалай байланыс жасау керектігін үйрендім. Әр сабақты қадағалау нәтижесінде оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыруды, сабақ жоспарын ұйымдастыруды, бағалау жүйесін үйрендім. Практика өту барысында іс-қағаздарды толтыруды, жоспар құруды, оқушылармен жеке жұмыс жасауды, жаңа әдіс-тәсілдермен таныстым. Сабақ соңында жетекшіммен біріге отырып, сабақ өту тәсілдерін, оқушылардың сабаққа қатысу белсенділіктерін талдадық. Сыныптан тыс тәрбие сағаттарын ұйымдастыруды, жоспар құруды қандай әдіс-тәсілдерді қолдану керектігін үйрендім. Сыныптан тыс тәрбие сағаттары арқылы оқушылардың танымдарын кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін арттыру керектігін түсіндім. Оқушылардың өзіндік қабілеттерін, ұжымдық қабілеттерін арттыру үшін жеке, жұптық, топтық секілді педагогикалық әдістерді қолдану жолдарын көрдім. Жалпы, бұл практика барысында сабақты ұйымдастырып, жоспар құрудан бастап, амандасу, сергіту сәті, түрлі тапсырмалар мен ойындар, көрнекілік құралдар, кері байланыс, бағалау шкаласы секілді сабақ өту барысын толықтай игердім. Практика кезінде жақсы қарым-қатынас құрып, оларды психологиялық тұрғыдан зерттедім. Әр оқушымен жеке жұмыс жасауды үйрендім. Бұл тәжірибеден өту барысында үлкен жауапкершілікті сезіндім. Мұғалім оқушыларға білім ғана беріп қоймай, тәрбие беретін, үлгі-өнеге беретін тұлға екенін түсіндім. Болашақта білікті де, білімді мұғалім болу үшін көптеген қасиеттерге ие болу керектігін түсіндім. Мұғалім болу үшін мейірімділік, жауапкершілік, ұқыптылық, біліктілік секілді көптеген қасиеттер болу керек. Мұғалім ең алдымен оқушылармен тығыз байланыста болып, олардың тілін таба білу керек. Оқушылар үлгі ала алатындай адам болу керектігін үйрендім. Қай пәннен бермесін мұғалім оқушыларды әрқашан қолдап, олардың мақсаттарына жетуіне, шығармашылық қабілеттерінің артуына көмектесу керек деп білемін.


Білім алушы __________ Нышанбай А.Б

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет