Электрондық бизнес
Өзінің даму кезінде ғаламдық Internet желісі – электрондық пошта құралдарынан жəне
бұқаралық ақпарат көздерінен желілік экономика принциптеріне негізделген, электрондық
бизнесті (e-business) жүргізу құралына айналды. Электрондық бизнес – бұл пайданы алу
мақсатымен ақпараттық технологиялар мен ғаламдық ақпараттық желілер қолданылатын
кəсіпкерлік қызмет. Электрондық бизнестің негізгі өнімі ретінде ақпарат болып табылады,
сондықтан электрондық бизнесті кейде ақпараттық бизнес деп атайды.
Электрондық бизнесті негізгі құраушы ретінде электрондық коммерция болып табылады.
Электрондық коммерция – бұл сату-сатып алу операциялары ғана емес, сондай-ақ өнімдер
мен қызметтерге сұранысты қалыптастыру үрдістерін қамтамасыз ету, тапсырыстарды
онлайн өңдеу, сонымен қатар əріптестер арасында ақпаратпен алмасу. Саудадағы
электрондық коммерцияның қазіргі кезде маңызы өте зор, өйткені Интернет бүкіл əлемде
коммерсанттар арасындағы тиімді делдал болды. Қаржылық құралдардың айналымы тікелей
сауда саласында, яғни «сатушыдан тұтынушыға» сату саласында 1,3 триллионнан аса
долларды, компаниялар арасында – 15 триллион долларды құрады.
Электрондық коммерцияның негізгі үліглері
Электрондық сауда – дамыған жəне дамушы елдерде экономикалық өсімнің негізгі
факторы болып табылады. Интернет бойынша келісім-шарттарды бекітудің құнының
төмендігі компанияларға шетелдеөз сатылымдарының барлық өлшемдерін кеңейтуге жəне
интернет-коммерцияның көмегімен тасымалдаушыларды іздеуге мүмкіндік береді.
Электрондық бизнесте келесі үлгілерді бөліп қарастырады:
Мемлекет
(G)
Бизнес
(B)
Азамат
(C)
Мемлекет
G2G
үйлестік
G2B өтімсіз
заттарды
хабарлау
жəне
жаппай сату
G2C
Бизнес
B2G
жабдықтау
B2B
электрондық
коммерция
B2C
электрондық
коммерция
Азамат
C2G
салықтар
C2B
бағаларды
салыстыру
C2C
Аукциондар
Достарыңызбен бөлісу: |