Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет103/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

С2С үлгісі
 
С2С жүйесі (сатып алушы үшін сатып алушы). Web-сайттың төңі регінде нақты 
қызығушылықтар арқылы біріктірілген, адамдардың
интернет-қауымдастығы жинақталады, олардың саны жоба қатысушылар мен қажетті 
сервистерді ұйымдастыру күштеріне тура пропорционал. С2С бағыты кез келген ыңғайлы 
уақытта мəміле жасауға, үстеме шығындарды азайтуға жəне соңғы тұтынушының қаражатын 
үнемдеуге мүмкіндік береді.
С2С секторына интернет-аукциондар жатады, онда бір сатушы жəне көп сатып алушылар 
болған кездегі электрондық бизнес шеңберінде бір адамнан екіншісіне тікелей сату 
жүргізіледі.
Интернет биржан – қаржылық активтермен амалдарды белсенді режимде жүргізуге 
мүмкіндік береді. Биржа – бұл сауда алаңы, онда тауардың бағасы сұраныс пен ұсыныс 
арқылы анықталады. биржада тауар стандартты болу керек, өйткені сауда анонимді түрде 
жəне сатып алушы тауарды сатып алғанға дейін көре алмайды. Интернет биржалардың 
түсімдері толығымен мəмілені бекітуден түсетін комиссиялық төлемдерден тұрады.
Электрондық бизнесті төлеу формалары
 
Интернет арқылы сатуды жүргізетін көптеген фирмалар банктердің берген кредиттік 
карталары бойынша төлемді қабылдайды. Бүкіл əлемде жиі қолданылатын – American 
Express, Visa, Mastercard жəне Discover – кəдімгі дүкендерде, онлайн-дүкендерде де төлем 
жүйесі ретінде болып табылады. Көптеген елдерде адамдар сол елдің өзіне тəн карталарды 
қолдануды дұрыс көреді. Компаниялардың көпшілігі халықаралық тұтынушылардан 


111 
төлемдерді өңдеуге бағытталады. Осындай компанияны табу үшін Google немесе Bing 
сияқты кез келген браузерде «халықаралық онлайн-төлемдер» сөзін енгізу керек. төлемдерді 
төлеудің белгілі нұсқаларының бірі – PayPal тəуелсіз қызметі болып табылады, ол 
тұтынушылардың кредиттік карталары мен банктік шоттары арқылы жүргізілетін төлемдерді 
өңдейді жəне ақшаы сатушыға баыттайды. PayPal – онлайн сатылымды жүзеге асыратын 
кішігірім фирмалар арасында белгілі болуда, PayPal шетелдіксатып алушыларға төлемнің 
сатышуға төленуіне кепілдік береді.
Қазақстандағы электрондық коммерция нарығы соңғы жылдарықарқынды өсіп келеді. 
Айналымы 700 млн доллардан асып жығылды. Төніп келген дағдарыс, нарықтың осы 
сегментінің қазіргі кезде болашағы зор екенін, онлайн-сауданың өсуіне жаңа мүмкіндіктердің 
пайда болғанын көрсетті. Адамдар үнемдей бастады, интернетте көп іздеуді бастады жəне 
қайда арзан болса, сонда баруда – сөзсіз е-коммерция жоғары өрлеуде. Қазақстандағы 
электрондық коммерцияның аса дамушы нарығы – бұл тұрмыстық техника. Біздің ірі 
желілерге кіргендер: Sulpak, Технодом, Электроника планетасы – бəрінде интернет-дүкендер 
бар. Басқа мысалы ретінде Satu.kz болып табылады, негізінен бұл да дəл сол нарық. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет