Электрондық оқулықтар Электрондық оқулықтар (ЭО) біздің өмірімізде көп орын ала бастады. Электрондық
оқулықтардың
пайда
болуына
жəне
таралуына
электрондық
өнеркəсіптің,
микроэлектрониканың, компьютерлік технологиялар мен интернет технологияларының
жылдам дамуы ықпалетуде.
Қазіргі кезде электрондық оқулықтарды гипермəтіндік формада құру жəне оларды оқу
үрдісіне енгізу бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Алайда электрондық оқулықтарды
құрудың бірыңғай стандарты жоқ, оларды құқықтық қорғау механизмдері жоқ, электрондық
оқулықтардың сапасы анықталатын бірыңғай белгілер жоқ.
Əдетте электрондық оқулықтарды екі түрге бөледі: дисктерде таралатын немесе жергілікті
желілерде орналасатын оқулықтар əр түрлі үрдістер мен құбылыстарды, сондай-ақ материал
мен бақылауды баяндайтын күрделі көпдеңгейлі құрылымды көрсететін үшөлшемді
суреттер, бейнефрагменттер, интерактивті үлгілер түріндегі жоғарғы сапалы, аса бай
иллюстративтік материалдармен ерекшеленеді.
Электрондық оқулықтардың бірқатар артықшылықтары бар. Қарапайым оқулықтармен
салыстырғанда, электрондық оқулықтар өзіне үлкен көлемдегі ақпаратты қамтиды.
Оқытудың стандартты құралдары, оқулықтар ешқашан өздерінің өзектілігін жоғалтпайды,
кітап, оқулық адамның қасында əрқашан болады жəне көмектесетін болады. Ал электрондық
оқулықтар оқытудың классикалық əдістері мен тəсілдеріне жақсы толықтыру болып
табылады. Электрондық оқулыққа мынадай анықтама беруге болады:
Мультимедиялық (электрондық) оқулық – бұл оқу материалдарын келесі объектілерді қолдану арқылы электрондық түрде көрсету: 1)
форматталған гипермəтін;
2)
графикалық суреттер;
3)
анимация;
4)
аудио жəне бейне жазбалар.
113
ЭО қолдану ыңғайлығы айқын, əсіресе бұл құрамы үнемі прогреспен байланысты
пəндерге қатысты, мысалы, информатика, экономикалық жəне құқықтық пəндер. жыл сайын
ЭО жаңартуға болады.