Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет110/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Бақылау сұрақтары: 
1. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы? 
2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қауіпсіздігі? 
3. Индустриялық АКТ? 
 
Əдебиеттер: 
1. Т.Б. Нурпеисов, И.Н. Кайдаш “Қазіргі сандық əлемдегі информатика”, Оқу құралы, 412 бб 
Алматы 2021ж. 
2. D.Shynybekov, R.Uskenbayeva., V.Serbin, N.Duzbayev, A.Moldagulova, K.Duysebekova, 
R.Satybaldieva, G.Hasanova, B.Urmashev “Information and communication technologies”, 
Textbook in 2 parts Part 1, Almaty, IITU, Pages: 643, 2017 . 
3. Джусупбекова Г.Т., Бесбаев Г.А., Ахметова С.Т., Рахымбек Н.Ж., ТурганбековаМ.М., 
Белесова Д.Т. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» оқулық, М. Əуезов атындағы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 176б, 2020 
4. 
Шевчук 
Е.В., 
Шпак 
А.В., 
Кольева 
Н. 
С. 
ИНФОРМАЦИОННЫЕ 
КОММУНИКАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ учебно-методическое пособие. Алматы: Эверо, 
2020.- 108 с. https://elib.kz/ru/search/read_book/1729/ 
5. June J. Parsons and Dan Oja, New Perspectives on Computer Concepts 16th Edition – 
Comprehensive, Thomson Course Technology, a division of Thomson Learning, Inc Cambridge, 
MA, COPYRIGHT © 2014. 
6. Lorenzo Cantoni (University of Lugano, Switzerland) James A. Danowski (University of Illinois 
at Chicago, IL, USA) Communication and Technology, 576 pages, NurpeisovaT.Kaidash ICT, 
Almaty, Bastay 2017 
 
Дəріс № 29. АКТ-ның даму перспективалары 
Мақсаты: студенттерді АКТ-ның даму болашағымен таныстыру. 
Жоспар: 
1. Ақпараттық технология саласындағы нарықтың даму перспективалары: еркін 
бағдарламалық жасақтаманы дамыту. 
2. E-технологиялардың даму перспективалары. 
Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін 
ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі əрбір адамға сапалы жəне терең 
білім мен кəсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс 


120 
істеуін талап етеді. Елбасының «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында
«Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған 
мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай- 
ақ «Онлайн тəсіліне оқыту тəжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп 
атап көрсеткендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға 
негізделуін жəне ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша, 
оқу-тəрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан 
туындап отыр. ХХІ ғасыр бұл ақпараттық қоғам, технологиялық мəдениет дəуірі, айналадағы
дүниеге, адамның денсаулығына, кəсіби мəдениеттілігіне мұқият қарайтын дəуір. Кəсіптік 
оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты 
білімгерлердің оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық 
жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық 
оқулықтар, тексеру программалары, оқу программалары сияқты программалық өнімдер 
қызмет етеді. Кəсіптік оқыту саласында компьютер білімгер үшін оқу құралы. Жаңа заман 
талабына сай білімді, бəсекеге қабілетті, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды 
жетік меңгерген, кəсіби біліктілікті жұмысшы мамандарды даярлауда кəсіптік оқытуды 
жетілдірудің, оның материалдық-техникалық базасын толық жаңартып отыру қажетті оқу 
құралдарымен қамтамасыз етіліп отырылуы қажет. Осыған байланысты мəлімет алмасуына, 
қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациалық технологиялардың кеңінен қолданысқа 
еніп жылда дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа 
айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері жастардың бойында ақпараттық 
мəдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында білімгерлердің ақпараттық 
мəдениетін қалыптастыруда жаңа əдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр.
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса,ол 
өркениетке жетуде жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі 
білім берудің басты мақсаты да жан – жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру 
болып табылады.Сондықтан заман талабына сай оқыту үрдісін жетілдіре отырып, қоғам 
сұранысына сай жеке тұлға қалыптастыру мəселесі бойынша білімгерлерге ақпараттық- 
коммуникациялық технологияларды сабақта көптеп қолдану тиімділігі артып отыр.
Əрбіріміздің санамызда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дегеніміз не 
деген сұрақ туындайды? «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық 
технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту 
технологиялары» 
жəне 
т.б., 
тіркестермен 
тығыз 
байланысты. 
Ақпараттық– 
коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу 
барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті 
тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына 
негізделеді.
Білім ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында құнның негізгі көзіне айналуда. 
Ғылым мен жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістері:
1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар. 
2. 
Ақпараттық мəдениет орталығы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңының 11 бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кəсіптік 
білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез 
бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды енгізу жəне тиімді пайдалану міндеті қойылған. Ақпараттық 
технологиялардың бірі интерактивтік тақта, мультимедиялық жəне онлайн сабақтары. 
Жаңа ақпараттық технологияларды сабақта қолдану келесі нəтижелерге жеткізеді:
1. Білімгерлерге еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2. Тіл байлығын дамытады;
3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге 
тəрбиелейді.


121 
5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді 
жеке тұлғаны қалыптастырады.
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» деген ғұлама 
Баласағұнның сөздері менің өмірлік қағидам. Ұлы педагог Ушинский: «Мұғалім білімін 
үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі де 
жойылады»деген болатын. Сондықтан əр бір ұстаз күнделікті сабағына өмір талабына сай 
дайындалып ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануы тиіс. Ол 
заман талабы. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім беру жүйесінің 
басты міндеті ұлттық жəне азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке 
адамды қалыптастыруға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті 
жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, 
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу делінген.
Білім ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында құнның негізгі көзіне айналуда. Ғылым мен 
жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістері:
1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар.
2. Ақпараттық мəдениет орталығы.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияға интернет, теледидар, электрондық 
почта, радионы жатқызуға болады. Оқытушы ақпараттық коммуникациялық технологиялар 
арқылы білім алушылармен байланысын жеке-дара жақындаса алатындай жолмен жүргізуге 
мүмкіндік алады. Мультимедия кабинетінде электрондық оқулықпен сабақ берудің тиімділігі 
көп:
1. Оқытушы білім алушымен білімін бағалауды компьютерге жүктейді. Бұл бағалау 
көрсеткіштерінің нақты, дəл болуын қамтамасыз етеді.
2. Білім алушы жеке жұмыс жасайды.
3. Оқытушы аудиториядағы білім алушылардың жағдайын толық көріп, əрбір білім 
алушының қабілетіне қарай онымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі ашылады. Сонымен 
қатар пəндерді оқыту əдістемесіне интернет жүйесін қосу сапалы білімнің қайнар көзі болар 
еді. Интернет жүйесі арқылы оқыту білім алушылардың өзара ақпарат алмасуын мүмкін 
етеді, танымдық қызметін арттырады, білім алуға қызығушылық ұлғайып, өз бетінше 
ізденуге ұмтылдырады. Білім алушылардың мұндай қабілеттерін ашып, танымдық іс- 
əрекетін қалыптастыратын əрине, мұғалім екені даусыз. Оқытудың бұл жүйелерінде 
оқытушы тек басшылық жасайды əрі ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады.
Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгеру қазіргі 
заман талабы. ХХІ ғасыр ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін 
дамытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді 
ақпараттандыру жəне пəндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға 
қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, əрі 
білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. 
Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны 
меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 бабының 9 тармағында 
оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кəсіптік білім беру бағдарламаларының 
қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін 
кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жəне 
тиімді пайдалану міндеті қойылған.
Білім болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің 
бірі жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет білім алушының жеке жəне қоғам 
талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-əрекетіне қажетті білім дайындығына 
əлеуметтік тапсырыс.
Құзыреттілік білім алушының əрекет тəсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім 
нəтижесі.Ақпараттық құзыреттілік бұл жеке тұлғаның əртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, 
сақтау, оны жүзеге асыру жəне ақпараттық-коммуникациялық технологияның 


122 
мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.
Білім алушылардың түпкілікті құзіреттіліктері білім берудің жаңа нəтижелері. 
Құзіреттілікті білім алушының пəн бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға 
келмейді. Ол оқу нəтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны 
тəжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – білім алушыларды 
ақпараттыберу, түрлендіру жəне оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың 
компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін 
қалыптастыру.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мəлімет алмасуына, қарым-қатынасына 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып 
келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. 
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – білім алушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, 
логикалық ойлау құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны 
пайдалану дағдыларын қалыптастыру жəне оқушы əлеуметінің ақпараттық сауатты болып 
өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тəрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу. 
Ақпараттық технология қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, 
өндеу жəне тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық жəне кибернетикалық 
тəсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Коммуникация ақпаратты тасымалдап жеткізу əдістері мен механизмдерін жəне 
оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Ақпараттық-
коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, 
тəрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау жəне шығармашылық қабілеттерін дамытумен 
анықталады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік жəне интерактивтік технологиялары 
бағыттары:
а) электронды оқулықтар;
ə) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық жəн египер мəтіндік технологиялар; 
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тəрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына 
жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
• Өз пəні бойынша оқу-əдістемелік электронды кешендер құру, əдістемелік пəндік Web – 
сайттар ашу;
• Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
• Бағдарламалау ортасында инновациялық əдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, 
құралдар жасау. (мультимедиалық жəне гипермəтіндік технологиялар).
• Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды 
қамтамасыз ету.
Оқыту құралдарының біріне тоқталсақ– электрондық оқулық. Ол білім алушыларды 
даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді 
тесттік бақылауға арналған программалық құрал. Білім беру жүйесінде электронды 
оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды 
пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі пəндік білім, екіншісі 
компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану білім алушының өз бетінше 
шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік 
береді. Электронды оқулық арқылы білім алушы көптеген қосымша материал ала алады, осы 
алған мəліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс 
жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың – 
шығармашылық жетістіктің негізгі көзі.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты оқыту үрдісін үздіксіз жəне толық 
деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін, шығармашылық қабілетін 


123 
дамыту. Мұның тиімді жағы: электронды оқулықта əр сабаққа арналған бейне көрініс, 
анықтама сөздік, диктант, тест тапсырмаларын, қайталау сұрақтарын пайдалана аламыз. 
Электронды оқулықты қолдану арқылы сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық 
материалдарды қолдану тиімділігі, білім алушының пəнге қызығушылығы, білім, білік, 
дағды деңгейін қалыптастыруы, білімнің тереңдігі, тексеру түрлері, бағалауы, практикалық 
дағдыларды игеруі артады. Білім алушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып, 
онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.
Қорыта келгенде, оқытушы үшін нəтижеге жету білім алушысының білімді болуы 
ғана емес, білімді өздігінен алуы жəне алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады.
Бүгінгі бала ертеңгі жаңа əлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық 
ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, 
коммуникативті жəне ақпараттық мəдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана 
алатын, Онлайн режимінде жұмыс жасау əдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман 
талабына сай жаңа технология əдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Білім 
алушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен 
бəсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін 
ұмытпауымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет