Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет121/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Ұлттық инновациялық жүйе (ҰНЖ) – елдегі инновациялық қызметті дамытуды 
қамтамасыз ететін заңнамалық, құрылымдық жəне функционалдық компоненттердің 
жиынтығы.
Ұялы телефония – телефон байланысының сымсыз технологиясы. Ұялы телефония 
адамдардың заманауи өмір салты мен ойлаудағы өзгерістеріне айтарлықтай əсер етіп, 
оларды ақпараттық қоғамға тəн құралдармен қамтамасыз етеді.
Файл сервері (File Server) – қашықтағы пайдаланушыларға (клиенттерге) өз құрамында 
сақталған файлдарға рұқсат беруге арналған компьютер.
Хаттама – ақпараттық-коммуникациялық технологияларда екі агент арасындағы өзара 
іс-қимыл процесін нақты сипаттайтын тəртіп. Хост (host) – байланыс сұрақтарын жəне 
желілік ресурстарға қол жеткізуді шешетін желі торабында орнатылған компьютер 
(сервер).
Цифрлау – түпнұсқалық сандық емес деректерді, ұзақ мерзімде сақтау мүмкініндін алу 
мақсатында, цифрлық формаға аудару.
Шифрлау – ақпарат мазмұнына қатынауды шектеу үшін ақпаратты кодтау.
Шлюз – əртүрлі хаттамалар арқылы екі желіні қосуға арналған бағдарлама, мұндағы екі 
желі арасындағы деректер бір-бірімен алмасады.
Іздеу машинасы, іздеу жүйесі (Интернетте) – интернеттегі сайттар туралы ақпаратты 
автоматты түрде жинайтын, жіктейтін жəне оны пайдаланушылардың сұрауы бойынша 
беретін бағдарламалық жасақтама. Мысалы: AltaVista, Google, Excite, Northern Light жəне 
басқалар.
Электрондық ақша – əдетте банктердің қатысуынсыз, электронды түрде ғана 
қолданылатын жəне айналымдағы ақша.
Электрондық байланыс (Телекоммуникациялар) – тарату ортасына қарамастан
электромагниттік тербелістер арқылы байланыс жасау.
Электрондық денсаулық сақтау медициналық қызмет көрсету, медициналық 
бақылау, медицина əдебиеті, медициналық білім, денсаулық сақтау жəне ғылыми 
зерттеулерді қоса алғанда, денсаулық сақтау жəне онымен байланысты салалардағы 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың экономикалық тиімді жəне 
сенімді нысаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет