КІРІСПЕ
«Ақпараттық қоғамның» жаһандануы жəне дамуы қазіргі əлемнің тұлғасын тез өзгертіп
отырады. Ақпараттық сала ғылым мен техниканың барлық салаларын, экономика мен
өнеркəсіпті, мемлекеттік басқаруды жəне қоғамдық өмірді қамти отыра жүйе
қалыптастырушы факторға айналады. Ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялар
əлемдік технологиялық дамудың барлық компоненттері үшінмаңызды болып табылады,
сонымен қатар олардың негізінде құрылған жаһандық ақпараттық инфрақұрылым дамудың
кез келген нұсқасын қамтиды.
Ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялардың көптеген түрлерінде жаһандық
жəне жергілікті үрдістерге негізделген міндетті жəне сөзсіз болатын негізгі аспектілер бар.
Олар:
1)
Коммуникацияның барлық түрлерімен елді қамту жəне бүкіл елге ақпараттың
əмбебап қол жетімділігін қамтамасыздандыру.
2)
Кең мағынада адамдарды компьютерлік желілерге біріктіру. Бұл байланыс тек
ұйымдық жəне техникалық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ бүкіл əлеуметтік-мəдени
орталарда болуы тиіс. Сенсорлық жəне басқа да датчиктермен қоршалған адам
желінің белсенді қолданушысы болады.
3)
Жасанды интеллектуалды технологияларды өнеркəсіптің барлық салаларында,
мемлекеттік басқару мен қоғамдық өмірде кеңінен қолдану. Бұл қарапайым
процедураларды автоматты түрде орындау ғана емес, сонымен қатар адам
орындайтын кейбір функцияларды жасанды интеллект негізіндегі интеллектуалды
операциялармен нақты алмастыратын болады.
Əр адамды байланыс құралдарымен тұрақты түрде қамтамасыздандыру, оның ғаламдық
ақпарат пен желі кеңістігіне қатысуына мүмкіндік береді. Жаңа ақпараттық жəне
коммуникациялық технологиялар ғаламдық электронды коммерцияның өсуіне, өмір
сапасын жақсартуға, денсаулық сақтауға, төтенше жағдайға көмек көрсетуге,халықаралық
түсінушілікке жəне білімге негізделген қоғамды қалыптастыруға мүмкіндік береді,
сонымен қатар бұл азаматтардың əлдеқайда саналы, адамгершілігі мол жəне жақсы
хабардар болғанына ықпалын тигізеді.
Сонымен қатар, инновациялық технологияларды қолдану қоғамды аталған үрдістерді
қолдана алатын адамдарға жəне пайдалану мүмкіндігі жоқ адамдарға бөлуі, яғни
«цифрлық теңсіздік» орнатуы мүмкін.
Осыған байланысты бұл құбылыстың теріс аспектілерінің əсерін азайту үшін белсенді
қадамдар мен шаралар атқару қажет.
Бүгінгі таңдағы басты міндет қарқынды өзгеретін əлемнің қажеттіліктері мен
талаптарына тез бейімделетін, жаңа білім мен дағдыларды меңгере алатын, кəсіби
құзыреттілігіне сүйене отырып, шешім қабылдауға жəне олардың негізінде əрекет етуге
қабілетті мамандарды даярлау болып табылады. Бұл функциялардың сипаттамалары
адамның еңбек ету кезеңінде бірнеше ұрпақ технологияның өзгеруі орын алатын,
əлеуметтік-мəдени жағдайдың өзгерістерінде, белгісіздік жағдайда, сонымен қатар қызмет
салаларының кеңеюіндеқызмет етуге қабілетті болуын талап етеді.
Бүгінгі студент ақпараттық пəні туралы жақсы хабардарболуы, атап атқанда есептеу
техникасының тағайындалуын, оның техникалық, инновациялық жəне тұтынушылық
сипаттамаларын жəне қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыздандыруды, сонымен
қатар сандық, графикалық жəне мультимедиа ақпараты өңдеу, бағдарламалау тілдерінің
негіздерін меңгеру, «бұлт» əлеуметтік технологияларын, сондай-ақ үлкен көлемдегі
деректерді талдау технологияларын білуі қажет.
|