Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»


COM порттары (communication ports)



Pdf көрінісі
бет14/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

COM порттары (communication ports) – əртүрлі коммуникациялық құралдарды қосу 
порттары, мысалы, модемдерді – интернетке қол жеткізу жəне аналогты немесе цифрлы 
телефон желісі бойынша ақпаратты тасымалдау құралдары. COM-порты стандартының 
ескі атауы – RS-232. 10-15 жыл бұрынғы компьютерлерде COM порты арқылы жиі маусты 
қосатын (қазір, ол USB арқылы қосылған). COM- порт қосқыштарының екі форматы бар
– «үлкен» (25 контактілі) жəне «кіші» (9 контактілі). Қазіргі компьютерлерде COM 
порттарын көбінесе қолданбайды, бірақ операциялық жүйе Bluetooth арқылы байланысуға 
арналған драйверлер арқылы немесе мобильді құрылғы арқылы компьютер кабелімен 
байланыс жасау үшін жүйеде виртуалды COM-порттары болуы мүмкін. бұл жағдайда ұялы 
телефон немесе органайзер (немесе сымсыз байланыс арқылы) USB портына қосылған 
болуы мүмкін, бірақ онымен байланысу үшін Ож, əдетте, үлкен нөмірлі (мысалы,
10 немесе 15) виртуалды COM портын пайдаланады. COM порты сонымен қатар 
тізбектелген порт (serial port) деп аталады, себебі Oж жəне драйверлер тұрғысынан COM 


15 
порт тізбекті əрекеттің символды құрылғысы болып табылады.
LPT порт (line printer) немесе параллельді порт қалың кабелі жəне үлкен қосқышы бар 
принтерді немесе сканерді қосуға арналған ескірген порт түрі. Принтер мен сканерлердің 
барлық жаңа үлгілеріUSB-порттары арқылы жұмыс істейді. алайда, кейде ескі принтерді 
жаңа компьютерге қосу мəселесін шешуге тура келеді. Компьютерде LPT порты болмаса, 
USB немесе басқа порттарға қосылатын арнайы адаптерді сатып алу керек болады.
SCSI порттары жəне SCSI құрылғылары. SCSI (Small Computer System Interface – 
шағын компьютерлік жүйе интерфейсі) – сыртқықұрылғылардың кең диапазонын – қатты 
дискілерді, CD-ROM / DVD- ROM, сканерлер жəне басқа құрылғыларды қосуға арналған
адаптерлер мен порттар интерфейсі. SCSI стандарты 80-ші жылдардың басында ұсынылған 
болатын, жəне оның жұмыс станцияларын кеңінен пайдаланған Sun фирмасының 
арқасында кеңінен танымал болды. SCSI ерекшелігі SCSI-құрылғыларының біреуіне 
(10-ға дейін) қосылу мүмкіндігін алатын SCSI-портары гирляндалар (тізбектері) бар, 
олардың əрқайсымен байланыс орнату үшін бірегей SCSI ID коды қолданылады, ол 0-ден 
9-ға дейінгі сандар, бұл сандардың əрқайсысы SCSI құрылғысының артқы панелінде 
белгіленеді. SCSI-ның артықшылығы құрылғылар гирляндаларын пайдалану, сондай-ақ 
оның жылдамдығы мен сенімділігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет