34
жүйелер құрылуда. Олардың ішінде объектілі-реляциялық,
дедукциялы-объектілі-
бағытталған, семантикалық, концепциялық жəне бағдарланған модельдерді атауға болады.
Кейбір ДББЖ бір уақытта бірнеше деректер моделі қолданады.
Иерархиялық модель.
Иерархиялық модельде деректер арасындағы байланысты реттелген графтың (немесе
бұтақтың) көмегімен сипаттау мүмкін. Иерархиялық модельдегі деректер арасындағы
байланыстың оңайлатылған көрінісі 1-суретте көрсетілген.
«Бұтақ» типі ПЛ/1 жəне C бағдарламалау тілдерінің «құрылымы»
деректер типтеріне
жəне Паскаль тілінің «жазба» типіне ұқсайды. Онда əрқайсысы белгілі бір деңгейде
орналасқан типтер, қабаттасқан түрде орналасуы мүмкін. «бұтақ» типі – құрамды болып
табылады. Ол əрқайсысы «бұтақ» типі болып табылатын бағыныңқы типтерден («бағыныңқы
бұтақ») тұрады. Əрбір «бұтақ» типі бір «түбір» типінен жəне бағыныңқы типтердің реттелген
жиынтығынан (бəлкім, бос) тұрады. «Бұтақ» типіне енгізілген
қарапайым типтерінің
əрқайсысы қарапайым немесе құрамды «жазба» типті болады. Қарапайым
«жазба» бір типтен
тұрады, мысалы сандар, ал құрамды «жазба» белгілі бір типтер жиынтығын біріктіреді,
мысалы, бүтін сандар, символдық қатар жəне нұсқағыш (сілтеме).
Типтердің
жиынтығыретіндегі «бұтақ» типінің мысалы 2-суретте көрсетілген.
1 - сурет. Иерархиялық модельдегі байланысты бейнелеу
2-сурет. «Бұтақ» типінің мысалы
Иерархиялық деректер моделінің артықшылығына ЭЕМ жадын тиімді пайдалану жəне
деректер мен атқарылатын негізгі операцияларды орындау уақытының жақсы көрсеткіштері
жатады. Иерархиялық деректер моделі иерархиялық реттелген ақпаратпен жұмыс істеу үшін
ыңғайлы. иерархиялық модельдің кемшілігі – бұл аса күрделі логикалық байланыстары бар
ақпаратты өңдеу үшін ақпараттың аса көптігі, сондай-ақ қарапайым қолданушыны үшін оның
күрделілігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: