Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет70/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

WhatsApp
 
WhatsApp – дыбыстық байланысты қолдау арқылы ұялы жəне басқа да платформалар 
үшін мəтіндік хабарламалармен жылдам алмасудың белгілі тегін жүйесі. Интернет арқылы 
мəтіндік хабарламаларды,суреттерді, бейне жəне аудио файлдарды жіберуге болады.
Клиент Android, iOS, Windows Phone, BlackBerry, Nokia Symbian, NokiaS40 
платформаларында, сондай-ақ Windows ОЖ жұмыс істей алады.
2016 жылдан бастап қосымша тегін болды, пайдаланушы тек қолданылған интернет 
трафикті ғана төлейді. Қосымшаны миллиардтан астам адамдар қолданады. WhatsApp- тың 
өте жоғары танымалдығынан, ұялы операторлардың телефондар арасында SMS- 
хабарламаларды жіберуден түсетін пайда төмендеген. WhatsApp түрлендірілген XMPP 
хаттаманы қолданады. Орнату кезіндепайдаланушының есімі ретінде телефонның нөмірін 
қолданатын, s.whatsapp.net серверінде аккаунт құрылады (Marat ID: [телефон 
нөмірі]@s.whatsapp.net).
Мультимедиа-хабарламалар HTTP-серверге сурет, дыбыс немесе бейнені жүктеу жəне 
объектіге гиперсілтемені жіберу арқылы жеткізіледі. WhatsApp телефонның байланыс 
кітабындағы контактілер тізімін автоматты түрде үйлестіреді. Бұл барлық 
пайдаланушылардың өз телефон нөмірлері бойынша тіркелетінінің арқасында мүмкін 
болады.
Пайдаланушылар өздерінің əңгімелесу, фото, бейне жəне аудио мəліметтерінің 
резервтік көшірмелерін құра алады.
2016 жылдың сəуір айынан бастап 2.16.12 нұсқасының жаңартылуымен WhatsApp 
барлық пайдаланушылар үшін өтпелі шифрлеуді (end-to-end) қосты. Шифрлеу 
хабарламалардың барлық типтеріне таралады: мəтін, фото, бейне жəне дыбыстық 
хабарламалар. Шифрлеу топтық чаттарда да қол жетімді. компанияның мəлімдемесі 
бойынша, мұндай хабарламаларды ашу үшін тек қолданушының өзіне ғана тиесілі, құрамы 
тіпті WhatsApp серверлеріне де қол жетімсіз. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. 
Домендік адресертердің түрлері?
2. Клиент, сервер ұғымдары қандай? 


80 
3. Əмбебап ресурс идентификаторлары деген не? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет