Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет71/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

 
Əдебиеттер
1. Т.Б. Нурпеисов, И.Н. Кайдаш “Қазіргі сандық əлемдегі информатика”, Оқу құралы, 412 бб 
Алматы 2021ж. 
2. D.Shynybekov, R.Uskenbayeva., V.Serbin, N.Duzbayev, A.Moldagulova, K.Duysebekova, 
R.Satybaldieva, G.Hasanova, B.Urmashev “Information and communication technologies”, 
Textbook in 2 parts Part 1, Almaty, IITU, Pages: 643, 2017 . 
3. Джусупбекова Г.Т., Бесбаев Г.А., Ахметова С.Т., Рахымбек Н.Ж., ТурганбековаМ.М., 
Белесова Д.Т. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» оқулық, М. Əуезов атындағы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 176б, 2020 
4. Шевчук 
Е.В., 
Шпак 
А.В., 
Кольева 
Н. 
С. 
ИНФОРМАЦИОННЫЕ 
КОММУНИКАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ учебно-методическое пособие. Алматы: 
Эверо, 2020.- 108 с. https://elib.kz/ru/search/read_book/1729/ 
5. June J. Parsons and Dan Oja, New Perspectives on Computer Concepts 16th Edition – 
Comprehensive, Thomson Course Technology, a division of Thomson Learning, Inc Cambridge, MA, 
COPYRIGHT © 2014. 
6. Lorenzo Cantoni (University of Lugano, Switzerland) James A. Danowski (University of Illinois 
at Chicago, IL, USA) Communication and Technology, 576 pages,NurpeisovaT.Kaidash 
ICT,Almaty,Bastay2017 
Дəріс 18. Интернет технологиялар. 
Мақсаты: Білім алушыны Web-технологиялар мен хаттамалар мен таныстыру, электронды 
пошта туралы түсінік беру. 
Жоспар
1. Web-технологиялар: HTTP, DHTML, CSS, JavaScript. Электрондық пошта. Хабарламаның 
форматы. SMTP, POP3, IMAP хаттамалары. HTTP, DHTML, CSS, JavaScript. 
2. Электрондық пошта. 
3. SMTP, POP3, IMAP хаттамалары. 
HTTP(Hyper Text Transfer Protocol) хаттамасы HTTP хаттамасы бойынша жұмыс келесі 
түрде жүргізіледі: программа клиент сервермен TCP-байланысты орнатады (порттың 
стандартты нөмірі - 80) жəне оған HTTP-сұраныс жібереді. Сервер бұл сұранысты өңдеп
клиентке HTTP-жауап жібереді. HTTP-сұраныстың құрылымы. HTTP-сұраныс бос қатармен 
бөлініп жазылған сұраныстың тақырыбымен сұраныс денесінен тұрады. Сұраныс денесі 
болмауы да мүмкін. Сұраныс тақырыбы сұраныстың негізгі (бірінші) қатарынан жəне негізгі 
қатардағыларды анықтай түсетін келесі қатарлардан тұрады. Келесі қатарлардың да болмауы 
мүмкін. Негізгі қатардағы сұраныс бос орынмен бөлінген үш бөлімнен тұрады: Əдіс (басқаша 
айтқанда, http командасы): 
• GET – құжат сұранысы. Анағұрлым көп қолданылатын əдіс; HTTP/0.9-да, осы əдіс 
қана болған. 
• HEAD – құжат тақырыбына сұраныс. GET-тен, тек құжат жөнінде ақпарат жазылған 
тақырып сұранысы шығарылатындығымен ерекшеленеді. Құжаттың өзі шығарылмайды. 
• POST – бұл əдіс мəліметтерді CGI-скрипттеріне жіберу үшін қолданылады. 
Мəліметтердің өзі келесі қатарларда параметрлер түрінде орналасады. 
• PUT – құжатты серверге орналастыру. Сирек қолданылады. Бұл əдіс қолданылған 
сұраныс құжаттың өзі жіберілетін бөліктен тұрады. 
Ресурс – бұл клиент алғысы келетін, сервердегі нақты файлдың орналасқан орнының 
жолы (немесе PUT əдісі үшін орналастыру). Егер ресурс – оқуға арналған жай ғана файл болса, 
сервер бұл сұраныс бойынша оны жауап бөлігінде шығаруы керек. Егер бұл CGI-скриптке 
апаратын жол болса, онда сервер скрипті іске қосып, оның орындалу нəтижесін шығарады. 
JavaScript программалау тілін Netscape пен Sun Microsystems фирмасы бірлесіп ұсынған, 


81 
ол интерактивті HTML-құжаттарды құруға арналған. JavaScript тілін қолданылатын 
аймақтары: Динамикалық, яғни 
• құжат жүктелгеннен кейін мазмұнын өзгертуге болатын парақтарды құру; 
• Серверге жөнелтілгенге дейін пайдаланушының форманы дұрыс 
толтырылғандығын тексеру; 
• Сценарийлер көмегімен «жергілікті» (локальный) жəне басқа да мəселелерді шешу. 
JavaScript клиент жəне сервер жағында да орындалатын қосымшаларды құру мүмкіндігін 
береді. Екі түрлі қосымшаларды құру кезінде де, стандартты объектілерді анықтаулардан 
тұратын, ядро қолданылады. Пайдаланушы компьютерінде клиенттік қосымшаларды 
браузер орындайды. JavaScript тіліндегі программа (сценарий) браузерге ендірілген 
интерпретатор арқылы өңделеді. Сценарийлерді кез келген браузерде орындалатындай түрде 
жазуға тырысу керек. JavaScript тіліндегі жазылған программалар (сценарий) операторлар 
тізбегінен тұрады. Егер бір жолға бірнеше операторлар жазылса олардың арасына нүктелі 
үтір (;) қойылады. Егер əрбір оператор жеке жолға жазылса, онда ешнəрсе қоймауға болады. 
Бір операторды бірнеше жолға жазуға болады. Құрылымдық программалау принципіне 
сəйкес, программаны бөліктік құрылым болатындай түрде жазу ұсынылады. Бұл 
программаны зерттеу мен қателерді іздеуді жеңілдетеді. JavaScript программаларында 
түсініктемелерді қолдануға болады. Бір жолға сиятын түсініктеме беру үшін екі қиғаш 
сызықты қолдануға болады (//). Егер түсініктеме мəтіні бірнеше жолға жазылса, онда оларды 
/* жəне /* символдарының ішіне жазу керек. JavaScript тілінде бас əріптер мен кіші əріптер 
əр түрлі символ болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет