Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет77/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Қызметтер
 
iCloud. Apple компаниясының (MobileMe орнына келген) iCloud «бұлттық қызметі»
толығымен автоматты жəне тегін. Бұл қызмет серверлерде пайдаланушылық контентті (пошта, 
күнтізбе, контактілер, құжаттар, музыка, бейне мен суреттер жəне т.с.с.) сақтайды, сосын оны 
Push сымсыз технологиясының көмегімен барлық құрылғыларға (iPhone, iPad, iPod touch
Mac и PC) жеткізеді.
Google Play. Google Play атауымен «бұлттық қызмет» серверлерде сандық ақпаратты 
сақтауға арналған, пайдаланушылардың арнайы кинофильмдерді, музыканы, қосымшалар мен 
кітаптарды орналастыру үшін арналған. Қызметке қол жеткізушілік ОЖ тəуелсіз, тікелей 
браузерден жүзеге асады, сондықтан ДК де, сондай-ақ Android негізіндегі ұтқыр 
технологияларда да жүзеге асырылады. Əрбір пайдаланушының мыңдаған музыкалық 
жазбаларды тегін орналастыру жəне сақтау, сондай-ақ дүкендерде алынған сандық 
тауарлардың серверіне – кинофильмдерді, электрондық кітаптарды, бағдарламаларды, 
музыкалық тректерді жəне т.б. тікелей жүктеу мүмкіндігі бар,
OnLive. Тіпті қарапайым компьютердің өзінде де заманауи ойындарды ойнау мүмкіндігін 
ұсынады. Техникалық түрде бұл келесідей болады: ойынның өзі қашықтықтағы серверде 
орналасады, жəне пайдаланушының компьютеріне «дайын» түрде түсетін графиканың өңделуі 
дəл сонда жүзеге асады. Компьютердегі қарапайым ойындарды бейнекарта, процессор жəне 
басқа да құрылғылар орындайтын есептеулер, мұнда серверде орындалады, ал компьютер тек 
соңғы картинканы алатын монитор ретінде ғана қолданылады.
Бағдарламалық шешімдер
 
Google жəне Microsoft компаниялары құжаттармен жұмыс істеуге көмектесетін қызметтер 
жиынын шығарды.
Google – Google Дискті ұсынады. Презентацияларды құру құралдары, мəтіндік, кестелік 
процессоры, Google Translate автоаудару, Google Maps картографиялық қызметі, Google Talk 
мессенджері, сондай-ақ файлмен алмасу функциялары арқылы файлдарды бұлттық 
сақтаудың интернет-қызметі бар тегін онлайн-офис. Дискідегі файлдарды смартфоннан, 
планшеттен немесе компьютерден ашуға болады. Бұл пайдаланушының компьютеріне 
браузер шеңберінде орнатпай-ақ жұмыс істейтін веб-бағдарлы бағдарламалық қамтама – 
Word, Excel жəне басқа да қосымшалардың баламалы нұсқасы. Microsoft – Office Online 
(бұрынғы Office Web Apps) ұсынады – бұл Microsoft Office: Word, Exel, PowerPoint, OneDrive 
қосымшаларының жеңілдетілген веб-нұсқаларын қолдана отырып, пайдаланушыларға 
файлдарды құру мен түзетуге мүмкіндік беретін,офистік қосымшалардың онлайн-пакеті (3- 
сурет). 
Бұл қосымшалардан бөлек, пакетке Sway, Outlook.com, Адамдар мен Күнтізбе 
қосымшаларыкіреді.


87 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет