Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет88/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Заттар интернеті
 
Заттар интернеті (IoT, Internet of Things) – бұл əр түрлі технологиялардың бірігуінің 
арқасында кез келген уақытта жəне кез келген жерде интернет арқылы адамдар мен 
оқиғалардың
қашықтықтан өзара əрекет ету мүмкіндігі. Қазіргі кезде объектілерді, тұрмыстық заттарды, 
құрылғыны жəне интернетті қолданатын адамдар сияқты көптеген затарды теңестіруге 
болады. Енді, заттар адамдармен қатар бір деңгейге шықты.
«Оқиғалар интернеті – бұл интернет контенттің келесі буыны. Бұрын бізде адамдардың 
интернеті болған, ал қазір заттардың интернеті бар. Егер бұрындары адамдар интернет 
арқылы байланысқа түсетін болса, онда қазір дəл солай заттарда істей алады» – дейді SAPSE 
компаниясындағы IoT бөлімінің басшысы Нильс Херцберг.
Заттардың интернеті Интернетке қосылған құрылғылардың көлемді желісі арқылы, 
сондай-ақ смартфондар, планшеттер жəне кез келген «заттар» арқылы, есептегіштермен 
жабдықталған: автомобильдер, өндірістік құрылғылар, реактивті қозғалтқыштар, мұнай 
мұнарасы, тасымалдаушы құрылғылар мен т.б. арқылы ұсынылады. Барлық осы


97 
«заттар» мəліметтерді жинақтайды жəне олармен алмасады.
Заттардың интернеті мен оның негізінде жатқан машинаралық өзара байланыс 
технологиясы (machine-to-machine, M2M) кез келген саладағы айтқысыз айқындықты 
қамтамасыз етуге қабілетті (1- сурет).
1-сурет. Машинааралық өзара байланыс технологиясы
 
 
Заттардың интернеті – компьютерлік жүйелер арқылы біріктірілген сенсорлар мен 
есептегіштердің жүйесі. Бұл жүйелер нақты объектілердің əрекеттерін талдай жəне өлшей 
алады, мысалы, Bosch концепткар өзіне инновациялық технологиялардың кең спектрін 
сыйғызды: жүргізуші орындыққа отырған кезде, бет-жүзді тану жүйесі дəл сол сəтте рульді, 
айнаны, салондағы температураны жəне қалауы бойынша радиостанцияны икемдейді. Жүйе 
тактильді дисплейдің арқылы жəне ыммен басқаруға арналған инновациялық шешімнің 
көмегімен басқарылады – екеуі де қолдану кезінде айтарлықтай жауап беруді қолдайды. 
Интернет арқылы орнатылған бағдарламалық қамтаманың есебінен машинаның техникалық 
жағдайы туралы, оның қалай қолданылғаны туралы ақпаратты есепке алуға болады.
Екінші мысал – денсаулық туралы қамқорлық. Портативті есептегіштер адам ағзасының 
өмір сүру көрсеткіштерін үнемі қадағалайтын болады, бұл созылмалы аурумен ауыратын 
адамдар үшін өте маңызды. Құрылғылар дəрігерге денсаулығының күйі туралы ақпаратты 
бағыттайды, жəне емделушінің клиникаға қаралу үшін бару қажеттілігі туындамайды. 
Дəрігер емделушінің науқас екенін сезінгенге дейін хабарласады. 2025 жылға қарай 
созылмалы аурумен ауыратын емделушілер ахуалының мониторингі əлемдік экономикаға 
жылына $1,1 трлн. дейінгі қаражат əкелетін болады.
Қазіргі кезде өнеркəсіптік өндірістің талаптары өзгеруде, клиенттер талапшыл болуда. 
Олардың болжамдарына сəйкес келетін тауарларды алуға ниет ете отырып, көптеген 
компаниялар бəсекелестердің тарапынан болатын қысымға тап болуда. Осындай шарттарға 
бейімделу үшін, оларда замануи технологияларға топтастыру қажеттілігі туындауда. Заттар 
интернеті арналған шешімдерді қолданатын компаниялар, клиенттердің сұраныстарына 
жылдам жауап беру, қызмет көрсету сапасын жақсарту, техникалық қызмет көрсету 
шығындарын азайту, құрылғының үздіксіз жұмыс істеуі сияқты бизнес операцияларда 
жетістіктерге жетеді. Бизнеске арналған мүмкіндіктер шектеусіз десе де болады. 
Аналитиктердің мəліметтері бойынша, ІоТ технологияларының енгізілуі əлемдік деңгейде 
$500 млрд. үнемдеуге, құрылғының жоспарсыз тоқталу уақытын 23% төмендетуге, тиімді 
тізбектік жеткізу мен нысаналы маркетингпен байланысты маржаны 22% жоғарылатуға 
мүмкіндік береді.
Заттар интернетінің əлеуетін адамдардың өмірін жақсарту үшінəр түрлі бағыттарда 
қолдануға болады. Мысал ретінде Шымкент қаласында іске қосылған, қалалық қызметтердің
жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік беретін, «Стриж-Телемеханика» ТКШ 
приборларының көрсеткіштерін қашықтықтан жинау жүйесі қызмет ете алады. Қазіргі кезде 
жүйеге ТКШ қалалық құрылғылары мен басқа да сала қызметтері қосылған: су, газ 
есептегіштері, электр есептегіштері, жылу есептегіштері, сондай-ақ тұрақ пен ауыл 
шаруашылық есептегіштері. Жүйе тұрғындарға жеке кабинет арқылы есептегіштердің 
көрсеткіштерін бақылауға жəне оларды басқарушы компанияға жіберуге, ал қалалық 


98 
қызметтерге – «су немесе электрді монитордан өткізугн» жəне алынған мəліметтер бойынша 
есептерді дайындауға мүмкіндік береді. Компания өкілдерініңайтуынша, мəліметтерді 
өңдеуші негізгі станция,
«екі млн дейінгі құрылғыларға қызмет көрсете алады», ал оның 
қамту аймағы 50 километрге дейін жетеді. Жүйені елдің көпқабатты үйлеріне де, сондай-ақ 
мемлекеттік мекемелерге де, балалар бақшасы мен мектептерде орнату жоспарлануда.
«Domintell ақылды үй» ЖШС Қазақстан аумағында ІоТ технологияларын енгізеді. 
Барлық Қазақстан бойынша орындаған ірі жəне жүздеген кіші объектілер 
автоматтандырылды. Ақылды үйдің міндеті – тұрғындардың əр түрлі инженерлік 
жүйелермен жəне приборлармен күнделікті байланысудан көңіл бөлуді, уақытты максималды 
түрде босату. Ол үшін автоматика көптеген жағдайларда приборларды өзі басқарады, сондай-
ақ үйдің əр түрлі жүйелері бір- бірінің режимдерін есепке ала отырып, жұмыс істей алады. Ал 
пайдаланушының өзі қатысу қажеттілігі туындаған жағдайда, ақылды үй – барлық құрылғыға 
бірыңғай – қарапайым, интуитивті түсінікті пульттер мен басқару панельдерін ұсынады (2-
сурет).
2-сурет. «Ақылды үйді» басқару
 
 
Жүйе смартфоннан бос бөлмелерді жылытпас үшін, жылыту приборларын қоса алады 
жəне өшіре алады. Қожайын əрбір бөлменің қажетті температурасын ғана береді, ал жүйе 
автоматты түрде оны қолдайтын болады.
Заттардың интернеті, қазіргі кезде біздің қоршаған əлеммен байланысымызды нық 
өзгерте алады. Компьютерлердің көмегімен физикалық объектілерді басқару мүмкіндігі адам 
қызметінің жаңа облыстарын ұтымды етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет