Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет89/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Көлемді мəліметтер
 
Көлемді мəліметтер (big data) – үлкен көлемдегі құрылымдық жəне құрылымдық емес 
мəліметтерді өңдеу тəсілдерінің, құралдары мен əдістерінің жиынтығы. McKinsey Institute 
есебіне сəйкес «Көлемді мəліметтер: инновациялар, бəсекелер мен өнімділік үшін жаңа 
меже».
«Көлемді мəліметтер» термині мəліметтердің жиынына жатады, олардың өлшемі 
ақпаратты енгізу, сақтау, басқару жəне талдау бойынша типтік мəліметтер қорының (МҚ) 
мүмкіндіктерінен асып түседі.Көлемді мəліметтер үшін сипаттамаларды анықтау ретінде 
«үш V»: көлем (volume, физикалық көлем шамасы мағынасында), жылдамдық (velocity
жоғарыжылдамдықта өңдеу мен нəтижелерді алу қажетілігі сияқты, өсім жылдамдығы 
мағынасында), əртүрлілік (variety, əртүрлі типтегі құрылымдық жəне құрылымдық емес 
мəліметтерді бір уақытта өңдеу мүмкіндігі мағынасында).
Көлемді мəліметтермен жұмыс істеу, қазіргі кезде, қызметтің түрлі саладағы, мысалы, 
жаппай секторға қызмет көрсетуші – медициналық, сақтандыру, телекоммуникациялық, 
банктік жəне e-government жүйесін қолданатын үкіметтік құрылымдардағы компаниялар 
үшін айтарлықтай шақыруды ұсынады.
Көпшілік кеңістікте көлемді мəліметтердің пайда болуы, осы мəліметтердің тек ғылыми 
қауымдастыққа ғана емес, яғни барлық адамдарға да əсерін тигізгенімен байланысты. Big 


99 
Data технологиясы көпшілік салаға, нақты сан – планета тұрғындарының саны туралы 
мəселе қозғалғанда шықты. Адамдарды біріктіретін əлеуметтік желілер мен басқа жобаларда 
жиналатын 7 миллиард. YouTube, Facebook, ВКонтакте, мұнда адамдардың саны миллиард 
пен өлшенеді, ал олардың бір уақытты орындайтын операцияларының саны өте көп. Бұл 
жағдайда мəліметтер ағыны – бұл пайдаланушылық əрекеттер. Мысалы, екі жаққа да желі 
бойынша жіберілетін YouTube хостингісінің мəліметтері. Өңдеу ретінде тек түсіндіру ғана 
емес, сондай-ақ осы əрекеттердің əрқайсысын дұрыс өңдеу мүмкіндігі деп түсінеді, яғни 
осы мəліметтердің əрбір пайдаланушыға жылдам қолжетімді болатындай етіп, оны қажетті 
орынға орналастыру, өйткені əлеуметтік желілер күтуді көтермейді.
Жоғарыда қарастырылған басқа мысал – нақты уақты режиміндезаттар интернетінің өте 
үлкен көлемді мəліметтерін өңдейтін,заттардың интернеті. Алдағы жылдары заттардың 
интернеті іскери əлемде алатын орны маңызды болады. Компаниялар осы құралдың тиімді 
екенін түсінуде. Оларға қажетті ақпаратты түрлендіруге көмектесе отырып, миллиардтаған 
заттарды біріктіруге мүмкіндік беретін технологиялар компанияларға бизнес-үрдістерді 
ұқыпты жоспарлауға жəне құруға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет