Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет118/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Қызмет көрсету сапасы (QoS) – қызмет көрсетудің қажетті сапасын жүзеге асырушы 
желіні құру принципі.
Мəліметтер базасы – деректерді сипаттау, сақтау жəне өңдеудің жалпы принциптерін 
көздейтін белгілі бір ережелерге сəйкес ұйымдастырылған бірыңғай деректер жүйесі.
Мəтін редакторлар – компьютерлердегі мəтіндерді дайындау жəне өңдеу 
бағдарламалары.
Медиатека – білім беру мекемесінің ақпараттық инфрақұрылымының орталығы, мұнда 
белсенді түрде студенттердің ақпараттық мəдениетін (кең мағынада) қалыптастыруға 
сондай-ақ жаңа ақпараттық технология құралдарының көмегімен оқытушылардың кəсіби 
біліктілігін арттыру жағдайлары ұйымдастырылады.
Мультимедиялық жүйелер – ақпаратты өңдеудің əртүрлі формаларын: мəтін, 
графика, анимация, музыка, сөйлеу, бейне пайдалануға мүмкіндік беретін бағдарламалар. 
Мультимедиялық электрондық оқулық – басылған оқулықты компьютерге 
гипермəтіндік жəне мультимедиалық тасымалдау. Баспа материалдарымен салыстырғанда 
мұндай оқулыққа тез арада қажетті түзетүлер енгізу мүмкін; оның керемет графикалық
көрінісі меныңғайлы интерфейсі бар (мəзір, көмекші гиперсілтемелер жəне т.б.).
On-line технологиялар (желіде) – нақты уақыт режимінде синхронды ақпаратпен 
алмасуды қамтамасыз ететін желілік ақпараттық кеңістіктегі хабарламаларды беру тəсілі:


129 
«сөйлесу арналары» (чаттар), аудио жəне бейне конференциялар жəне т.б.
Операциялық жүйе – компьютердегі негізгі басқару бағдарламасы (бағдарламалар 
кешені).
Өзін-өзі басқару желілері – өзара қарым-қатынас механизмін жүзеге асыруды 
қамтитын, орталықтандырылған басқару мен қолмен басқаруды қажет етпейтін байланыс 
желлері.
Парақ мекен-жайы – сайттың немесе вебтің логикалық мекен-жайын дəл анықтайтын 
деректер
Порт (port) – əртүрлі құрылғыларды компьютеріне қосу орны.
Портал (portal) – əртүрлі ресурстар мен сервистердің көп деңгейлі қауымдастықтар 
жүйесі ретінде ұйымдастырылған сайт. Пайдаланушыны анық ақпаратпен қамтамасыз 
етіп, іздеу жүйелерін, электрондық сауда-саттықты, тегін электронды поштаны, 
коммерциялық жарнаманы, жылдам хабар алмасу жəне т.б. қызметтерге жылдам қол 
жеткізу мүмкіндігін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет