Интерактивті тақта – бұл компьютерге қосылған сенсорлық экран, ондағы бейне
проектор арқылы тақтаға тасымалданады.
Интернет (Internet) – компьютерлер арасында қашықтағы ақпаратқа қол жеткізуді жəне
ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін өзара байланыстағы компьютерлік желілерден
тұратын ашық əлемдік ақпараттық жүйе.
Интернет (Интернет желісі) – бөліктері бір-бірімен бірыңғай мекенжай кеңістігі
арқылы логикалық өзара байланыстағы жаһандық ақпараттық желі.
Интранет (intranet) – интернет технологиялар негізінде құрылған жабық корпоративтік
желі. Оның құрамында корпоративтік веб болуы мүмкін.
Информатика – компьютердің көмегімен ақпаратты жинақтау, өңдеу жəне тарату
заңдары мен əдістерін зерттейтін ғылыми пəн.
Кейс (case) – əртүрлі тасмалдауыштағы (баспа, электронды, аудио) оқу
материалдарының жиыны.
Компьютерлік графика – компьютер көмегімен графикалық бейнелерді құру, көрсету
жəне өңдеу.
Контент (content) – мəтіндік, графикалық, аудио ақпараттың жиынтығы.
Корпоративтік ақпараттық жүйе – 1. Кəсіпорынның (ұйымның) қызметін құрайтын
бизнес-процестердің маңызды бөлігін автоматтандыратын ақпараттық жүйе. 2. Ақпарат
иесімен немесе осы ақпараттық жүйенің пайдаланушыларының келісімімен анықталатын,
пайдаланушылары шектеулі тұлғалар болуы мүмкін ақпараттық жүйе.
Қашықтан қол жеткізу – аумақтық байланыс желілері арқылы абоненттік жүйелердің
жергілікті желілермен өзара əрекет ету технологиясы.
Қашықтан оқу – оқулықтар, дербес компьютерлер жəне компьютерлік желілер арқылы
қашықтықтан оқыту.
Қашықтықтан білім беру – білім беру біліктілігін растау жолы мен қашықтықтан
оқыту əдістері іске асырылатын педагогикалық жүйе.
Құрылым (жүйе) – жүйенің элементтерінің өзара əрекеттесу жолдарын, оның
тұтастығы мен бірлігін анықтайтын тұрақты байланыстар жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |