Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет45/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Компьютерлік желі – бұл компьютерлердің желілерге ақпараттық алмасуды 
қамтамасыз ететін компьютерлер мен телекоммуникациялық құрылғылардың жиынтығы. 
Компьютерлік желілердің негізгі қызметі – таратылған ресурстарға қол жетімділікті 


52 
қамтамасыз ету.
Телекоммуникациялар (грек. tele – алыс, қашық и лат. communicatio – қатынас) – бұл 
əр түрлі электромагниттік жүйелер (кабельдік жəне оптикалық-талшықты каналдар, 
радиоканалдар мен басқа сымды жəне сымсыз байланыс каналдары) бойынша қашықтықта 
кез келген ақпаратты (дыбысты, суретті, мəліметтерді, мəтінді) жіберу мен қабылдау.
Телекоммуникациялық желі – бұл техникалық құралдардың жүйесі, оның көмегімен 
телекоммуникациялар жүзеге асады.
Телекоммуникациялық желілерге жатады:
1) 
Компьютерлік желілер (мəліметтерді жіберу үшін).
2) 
Телефон желілері (дыбыстық ақпаратты жіберу үшін).
3) 
Радиожелілер (дыбыстық ақпараттық жіберу – кеңінен таратушы қызметтер).
4) 
Телевизиялық желілер (дыбыс пен суретті жіберу – кеңінен таратушы қызметтер).
Компьютерлік желілер.
 
Желіге біріктірілген компьютерлердің бір-бірінен қандайқашықтықта орналасқанына 
қарай жергілікті, аумақтық жəне ғаламдық есептеуіш желілер болып бөлінеді. Жергілікті 
есептеуіш желі (ЖЕЖ) бір немесе көрші жерлердегі, бір-екі километрден аспайтын 
қашықтықтағы бір немесе көрші ғимараттар аймағындағы компьютерлерді біріктірсе, ал 
аумақтық желі – қала, аудан немесе облыс аймағындағы бір-бірінен əлдеқайда 
қашықтықта орналасқан абоненттерді байланыстырса, онда ғаламдық желі – бұл əр түрлі 
елдерде немесе жер шарының əр түрлі континенттерінде орналасқан компьютерлерді 
біріктіретін желі (мысал ретінде интернет желісін атауға болады). Өз кезегінде ақпараттық-
есептеуіш желілер қызметтеріне қарай бірнеше типтерге бөлінуі мүмкін:
1) 
пайдаланушыларға негізгі қызметтерді (əр түрлі анықтамалық қызметтерге (қалалық 
анықтама, аэрофлот мен темір жолдардың, түрлі муниципалдық қызметтердің 
анықтамалықтары), хабарламалар тақтасына қол жетімділік, электрондық пошта, 
файлдарды жіберу, телеконференциялар, сондай-ақ басқа желілерге шығу 
мүмкіндігі) көрсететін, жалпы мақсаттағы мəліметтерді жіберу желісі (Public- 
желілер);
2) 
коммерциялық негізде қол жеткізуге болатын, түрлі мəліметтер қорын құрайтын, көп 
қолданыстағы ақпараттық орталықтар;
3) 
жалпы қолданыстағы мемлекеттік желінің ішкі желілері болып табылады, бірақ 
көлемі аймақтық желіде айналыстағы ақпараттың жалпы көлемінен 70% жететін, 
аумақтық ақпаратты алмастыруға арналған мəліметтерді (облыстар деңгейінде) 
жіберудің аумақтық желілері;
4) 
шектеулі мүмкіндіктегі ақпараттық жүйелер, мысалы, банктік (несиелік карточкалар
мен клиенттерге қызмет көрсетуге бағытталған), биржалық, тағы басқа осындай 
жүйелер;
5) 
жеке желілер, мысалы бір қала аймағындағы банктің орталық кеңсесі мен оның 
бөлімдері арасында, сондай-ақ басқа қалалардағы, аумақтардағы немесе тіпті басқа 
елдердегі орталық кеңсе мен банк филиалдары арасында ақпаратпен банк ішінде 
алмасуға арналған, үлкен банктің телекоммуникациялық жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет