Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»


Телекоммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет50/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Телекоммуникациялық технологиялар. 
Ғаламдық компьютерлік желіні құру
кезінде компьютерлер (телекоммуникациялар) арасындағы байланыс құралын таңдау 
туралы сұрақ туады.
Біріншіден, жаңа коммуникацияларды тартуды талап етпейтін, керісінше қолда барын 
қолданатын байланыс тəмілін қолдану керек.
Екіншіден, байланысты ұйымдастыру қарапайым жəне ашық (желіге жаңа абоненттерді 
қосу үлкен қиындықтарға əкелмеуі керек).
Коммуникация құралдарының екі түрі ғана – телефондық жəне телеграфтық желілер осы 
талаптарды қанағаттандыра білді. Нəтижесінде, телеграфтық желі оның мəліметтерді 
жіберудің салыстырмалы шамалы жылдамдығымен мұндай мақсаттар үшін қолайсыз болды.
Телефондық сымдарға келетін болсақ, компьютерлік желілерде мəліметтерді жіберу үшін 
байланыстың коммутациялық немесе белгіленген (яғни тұрақты байланыс арқылы)
каналдарын қолданады.
Жалпы қолданыстағы коммутациялық каналдар – бұл АТС (автоматты телефон 
станциялары) арқылы теелфон абоненттерінің автоматты режимде қолданылатын қарапайым 
телефон сымдары. Коммутациялық каналдар, жіберілетін ақпараттың көлемі шамалы жəне 
мəліметтерді жеткізу жылдамдығына жоғары талаптар қойылмайтын кезде ғана 
қолданылады.
Ақпараттардың үлкен көлемін жіберу кезінде олардың жоғарғы жылдамдығы мен 
сенімділігін қамтамасыз ету қажет болған жағдайларда телефон желілерінен – мəліметтерді 
жіберу желісіне компьютердің тұрақты қол жетімділігін қамтамасыз ететін белгіленген 
каналдарды жалға алуға (немесе тіпті сатып алуға) тура келеді.
Телефон 
каналдарымен 
қатар 
аумақтық 
жəне 
ғаламдық 
желілерде 
телекоммуникациялар құралдары ретінде байланыстың оптикалық-талшықты сымдары
радио, инфрақызыл жəне спутниктік каналдар қолданылады.
Модемдер: негізгі түсініктер
 
Компьютерден сандық сигналды байланыстың телефон желісі бойынша жіберу үшін 
модем қолданылады, ол сандық сигналды аналогтық сигналға, сондайақ кері үрдісті – 
кодталған аналогтық сигналды сандық сигналға ауыстырады. «Модем» сөзі екі: 
МОдулятор/ДЕМодулятор сөздерінің қысқартылуынан алынған. Модем компьютердің 
жіберетін сандық коды мен телефон желісіне берілетін аналогтық сигнал арасындағы көпірді 
құрайды.
Мəліметтерді жіберу кезінде модем комьютерден берілетін мəліметтерді (нөл мен бірдің 
тізбегі түрінде) қабылдайды жəне оларды желіге жіберуге тиіс командалар мен ақпаратқа 
бөледі. Сосын қабылданған командалар орындалады, ал жіберілуге жататын мəліметтер 
модемнің (бұл аналогтық сигналды модемнің құрамындағы дауыс зорайтқыш арқылы 
үздіксіз шу түрінде естуге болады) құрамына кіретін модулятордың көмегімен аналогтық 
сигналға түрленеді. Модем аналогтық сигналды желіге түрлі жиіліктермен жібереді, яғни 
бірліктерді – жоғары жиіліктегі сигналдар түрінде, ал нөлдерді төменгі жиіліктегі 
сигналдар түрінде. желінің қабылдаушы соңында орналасқан. Басқа модем аналогтық 
сигналды «тыңдайды» жəне, оны алып, сандық кодты кері түрлендіре жəне қабылдаушы 
компьютерге бағыттай отырып, демодуляция функциясын орындайды, осылайша, 
компьютерлер арасындағы байланыс жүзеге асады. Модемнің негізгі сипаттамасы ретінде 


61 
мəліметтердің жылдамдығы болып табылады: ол бір секунд ішінде жіберілетін ақпараттың 
бит санымен өлшенеді; ол 1200/2400/4800/9600/19200/28800 бит/с (жəне одан жоғары) 
құрауы мүмкін.
Ақпаратты бір уақытта қабылдау жəне жіберу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін модемнің 
дуплексті жұмыс режимін қолданады. Дуплексті каналдың əдеттегі мысалы – екі 
сұхбаттастың қарапайымтелефонмен сөйлесу əңгімесі. кейде дуплексті байланыс қажет 
емес,мысалы, факсимильдік хабарламаларды жіберу кезінде. бұл жағдайда уақыттың əрбір 
сəтінде ақпарат тек бір жаққа ғана жіберіледі; жұмыстың мұндай режимін жартылай 
дуплексті деп атайды.
Модемдердің – ішкі (компьютерге кірістірілген) жəне сыртқы (1-сурет) түрлері бар. Ішкі 
(internal) модемдер компьютердің ішкі шинасына тікелей қосыла отырып, процессор 
блогының ішіндегі жалғағышқа қойылады; сыртқы (external) модемдер кабельдің көмегімен 
компьютердің тізбектелген коммуникациялық портына қосылады. 
а) 
б)
 
1-сурет. Модемдер – а) сыртқы; б) ішкі (компьютерге кірістірілетін)
 
 
Жалпы қабылданған хаттамаларды анықтайтын стандарттар қатары бар:
– 
V.22 жəне V22bis – сəйкесінше 600/1200 жəне 1200/2400 бит/с мəліметтерді жіберудің 
ақпараттық жылдамдығымен дуплекстік хаттамалар (бөлшек арқылы көрсетілген екі сан, 
мəліметтерді қабылдаумен жіберу екі жылдамдықта жүргізілуі мүмкін екенін білдіреді);
– V.32 жəне V32bis – сəйкесінше 2400/4800/9600 жəне 7200/9600/ 12000/14400 бит/с 
ақпараттық жылдамдықтары арқылы дуплекстік хаттамалар;
– 
V34 – 28000 бит/с жылдамдығына дейін мəліметтерді жіберу хатамаларын 
сипаттайтын стандарт.
Модемнің жұмыс істеу жылдамдығы мəліметтерді тығыздаудың арнайы əдістерін жəне 
қателіктерді автоматты түзетуді қолдану есебінен жоғарылауы мүмкін. Ақпаратты тығыздау 
мағынасы, мəліметтерді жіберу блоктарында жиі кездесетін символдар, сирек кездесетін 
түрлеріне қарағанда кіші ұзындықтағы биттердің тізбегімен кодталатынын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет