Глоссарий
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ) - ақпараттандыру саласы, механизм мен технология, өңдеудің, сақтаудың, іздеудің және тұтынушыға ұсынудың тиімді құралы.
Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту үдерісінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар.
Бағалау — оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Бақылау - кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бейне контент – мақсатты аудиторияның қажеттіліктеріне және оның перспективті дағдыларына негізделген бейне. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл сіздің мақсатты аудиторияңызға қажет пайдалы бейне және оны міндетті түрде көреді.
Бейне сабақ - мультимедиялық технологияларды қолдана отырып, білім беру процесі. Бұл жағдайда мұғалімнің рөлі тірі адамды емес, виртуалды немесе кадр артындағы дауысы ғана естіледі. Сабақтың әдеттегі формасынан айырмашылығы, бейне сабақ - бұл қызығушылықтарын арттыратын оқу процесі.
Білім - адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы — талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |