Білім беру мазмұны - жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, педагогикалық адаптацияланған білім, іскерлік, дағдылардың, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен эмоционалдық-жігерлік қатынас тәжірибесінің жиынтығы немесе жүйесі.
Қашықтан оқыту – оқытудың негізгі құралы ретінде ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқыту түрі.
Қашықтан білім беру технологиялары - бұл негізінен ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқушы мен оқытушы арасындағы делдалдық (қашықтықта) немесе толық емес өзара әрекеттесу арқылы жүзеге асырылатын технологиялар.
Қашықтан оқытудың ақпараттық технологиясы - оқу процесін ұйымдастыруға және қолдауға арналған электрондық ақпарат құралдарында, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларда оқу материалдарын құруға, беруге және сақтауға арналған технология.
Кейс технологиясы - оқу-әдістемелік материалдарының қағаз, электронды және басқа тасымалдаушы және таратушы арқылы оларды білім алушыларға өз бетінше оқу құралдарының жиынтығына (кейстеріне) негізделген технология;
Мультимедиа - қолданушыға гетерогенді мәліметтермен (графика, мәтін, дыбыс, видео) жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық кешен;
Дағды - бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетте машықтандыру.
Дидактика - («didaktikas» - оқытушы, «didasko» - оқушы) грек тілінен аударғанда оқыту мен үйрету деген мағынаны білдіреді, білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін оқыту теориясы, педагогика ғылымның саласы.
Дидактикалық принциптер – оқытудың негізгі мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдерін, әдістерін мақсатына, заңдылықтарына сай орындайтын қағидалар жүйесі.
Емтихан – оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы.
Заңдылық – дегеніміз құбылыстар мен процестер арасындағы объективті, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанап отыратын өзара байланыс.
Мемлекеттік білім беру стандарты – мемлекеттік нормалар деп танылған және қоғам сұраныстары мен тұлға қажеттігі мен мүмкіндіктеріне сай білім деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі.
Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат.
Достарыңызбен бөлісу: |