Білім беру бағдарламасы курс атауы «Тарихты оқытудағы ақпараттық технологиялар»



бет9/23
Дата01.05.2024
өлшемі88.14 Kb.
#500245
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Тарихты-оқытудағы-ақпараттық-технологиялар

6.1 Бағдарламаның жоспары



П/п

Модуль бойынша жұмыс түрлері

Сағат саны

Ескертпелер

1

Дәрістер

45




2

Практикалық сабақтар

30




3

Зертханалық жұмыстар







4

Тыңдаушының өзіндік жұмысы

28




5

Жұмыс орнында атқарылатын жұмыс

10







Мониторинг

10




6

Аралық бақылау

2




7

Қорытынды бақылау

4




8

Курс аяқталғаннан кейінгі қолдау

6







Барлығы

135






6.2. Дәрістер



Дәріс атауы

Дәріс мазмұны

Сағат саны

Ескертпе

1

«Тарихты оқытудағы ақпараттық технологиялар» курсына кіріспе

Білім - адам қызметінің маңызды салаларының бірі және адамзат дамуының анықтаушы факторы ретінде. Дидактикалық жүйені жаңарту негізінде оқыту, тәрбиелеу, ғылыми жұмыс пен басқару дағдыларын қалыптастыруды көздейтін білім беру тәжірибесіне ең жаңа технологияларды енгізу қажеттілігі. Заманауи жоғары тиімді әдістер, ғылыми білімдді шығармашылықпен игеруді қамтамасыз ететін құралдар мен тәсілдерді қолданудың маңызы. Ақпараттық және ақпараттық технологиялардың білім беру үрдісіндегі рөлі. Ақпараттық технологияларды тарих пәнін оқытуда қолданудың қажетті шарты.



3




2

Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер

Қазақстандағы білім беру жүйесінің барлық деңгейлерде қарқынды түрде жаңғыртылу үрдісінің маңызы. Білім мен кәсіби дағдылар қазіргі заманғы білім беру жүйесінің, кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары ретінде. Білім беруді басқару жүйесі қазіргі заманғы басқару құралдары мен басқарудың қағидаттары. ҚР білім беру саласын басқарудың инновациялық модельдерінің дамуы. Педагогикалық инновациялық технологиялардың шартты түрлері. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы өзекті мәселелер.

3




3

Тарих сабағында ақпараттық және білім беру ортасын жобалаудың жалпы негіздері

Мектептің ақпараттық-білім беру ортасын құрудың өзектілігі. Ақпараттық және білім беру ортасы ақпараттық-білім беру кеңістігінің бөлігі ретінде. «Білім беру ортасы» ұғымы. Оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттырудағы ақпараттық-білім беру ресурстары мен құралдары жүйесінің маңызы.
Ақпараттық орта аясындағы субъективті, ресурстық және технологиялық орталардың өзара әрекеттесуі. Субъективті орта - білім беру процесіне қатысушылардың қарым-қатынасы мен өзара әрекеттесу саласы. Ресурстық орта - ресурстық білім беру әлеуеті шоғырланған сала. Ресурстық орта оқу-әдістемелік кешенді немесе кешенді (ОӘК), дидактикалық компьютерлік ортаны (КҚД) және әлеуметтік-мәдени білім беру ресурсын (СКОР) қамтиды. ББ технологиялық ортаның маңыздылығы.

3




4

Білім берудегі технологиялық тәсіл

Технологиялық процесте алынуы тиіс болжамды нақты нәтижеге қол жеткізу дәрежесінің тиісті бағалау процедурасы және құралдары. Оқу материалын ұсыну үшін мультимедиялық презентацияларды қолдану. Білім берудегі инновациялық білім беру технологиялары жүйесінің құрылуы. қашықтықтан оқыту әдістемесі мен технологиясы, кейс әдісі, портфолио әдісі, Жоба әдісі, электрондық тестілеу т.б. Білім беруге жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың енуі. Әлеуметтік-гуманитарлық білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану кезінде ашылатын әдістемелік мүмкіндіктер.

3




5

Педагогикалық технологиялардың жіктелуі

Қазіргі педагогика ғылымы мен практикасындағы білім беру технологиялары топтарын жүйелеудің әртүрлі негіздері. Білім беру технологияларының топтастырылуы. Жеке-иеліктен шығарылған типтегі айқын белгілері бар технологиялар (оқытудың мақсаты – білімді игеру; құндылық-мағыналық негізді таңдаудағы технократтық тәсіл және технологияны практикада іске асырудағы авторитарлық стиль); Аралық позицияға ие технологиялар тобы. Тұлғаның дамуын мойындайтын және ынтымақтастық педагогикасы идеяларын іске асыратын гуманистік әдіснамаға негізделген жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиялары.

3




6

Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ)

Ақпараттық сауаттылық. Ақпараттық-білім беру кеңістігіндегі киберқауіпсіздік негіздері.
Пәндік білім. Педагогикалық білім. Технологиялық білім. Білімдердің аспектісі. ТПМБ. Подкаст, подкастинг. wiki бетін тарих сабақтарында пайдалану туралы кейс-стади. Мазмұнды білудің технологиялық аспектісінің электрондық қауіпсіздігі. АКТ-ны енгізу кезінде мұғалімдердің тәсілдеріндегі өзгерістер. Сандық орта – технологиялардың интеграциясы. Smart оқытудың негізі идеясы. Білім беру мазмұнын жетілдіру жағдайында білім беру процесінде IT-технологияларды табысты қолданудың жолдары.

3




7

Педагогтің инновациялық қызметін жобалаудағы технологиялық және мультимедиялық тәсілдер

Инновацияның түрлері. Педагогтың жаңашылдық логикасындағы кәсіби қызметін жобалау мәселелері. Педагогикалық жобалау педагогтардың инновациялық іс-әрекетін мотивациялау тәсілі ретінде. Мультимедиялық технологиялар, олардың түрлері.

3




8

Тарихты оқытуда көрнекті құралдарды және компьютерлік техниканы пайдалану

Тарихты көрнекілік құралдармен оқытудың функциясы мен мәні. Тарих сабақтарында оқу картинасымен жұмыс істеу тәсілдері. Тарих оқулықтарындағы иллюстрациямен жұмыс істеу тәсілдері. Тарихты окытудағы шартты көрнекілік. Пәндік көрнекілік және оның танымдық кұндылығы. Картамен жұмыс істеу методикасы. Оқушылардың тарихи білім алуындағы компьютердің ролі. Тарих пәні бойынша компьютерлік бағдарламалар қарастыру. Кино-фото құжаттарын, кезендік баспа материалдарын пайдалану. Баспадағы тарихи мәліметтермен жұмыс әдістері. Баспа мәтіндері. Тарих сабағында оларды пайдалану әдістері. Қазақстан тарихы пәні бойынша көрнекі құралдарды классификациялау (топтастыру) пәндік көрнекілік, (бейнелеу) суретті көрнекілік, шартты-графикалық (схемалық) көрнекілік. Қолдан көрнекілік жасау. Қазақстан тарихын оқытудың аудиовизуалдық құралы. Қазақстан тарихы пәні сабағында оларды қолдану әдістері. Тарихи-өлкетану материалдарын оқытуда көрнекіліктің рөлі.

3




9

Заманауи педагогтің АКТ құзыреттілігін қалыптастыру, оқыту мен үйретуде АКТ технологияларды қолдану тиімділігі

«Ақпараттық технология» ұғымы. «Ақпараттық технология» ұғымыны берілген түрлі анықтамалар (В. Глушков, А.Горячев, Р. Әбдірәсілова) және олардың мәні. Сандық технологияларды қолдану негізінде мұғалімнің АКТ құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі. Ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану және ол ақпаратты Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін жібере білу.

3




10

Lesson Study/ Сабақты зерттеу

Lesson Study сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі ретінде. Мұғалімдер топтарының Lesson Study –ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауы және талдауы. Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Білім берудегі Lesson Study педагагогикалық тәсілін қолданудың маңыздылығы.

3




11

Тарихты оқытуда дарынды және алымы нашар оқушылармен жұмыста ақпараттық технологияны тиімді қолданудың жолдары

Қазақстанның білім кеңістігін дамытудағы оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамытудың маңыздылығы. Жоғары жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар. жүргізіледі. Талантты және дарынды балаларды оқытуды дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсілдерді қолдану. Алымы нашар оқушылармен тарих пәнінен олқылықтарды жою бойынша жұмыстарда АКТ қолдану мәселесі.

3




12

Тарихты оқытудағы технотрондық құжаттардың ерекшеліктері мен қолданылуы

Ақпаратты жазу технологияларының даму тарихы. Дыбыс жазу, фотография, кино және бейнежазба сияқты технологиялар, сондай-ақ ақпаратты машинамен өңдеу технологияларының шығуы. «Технотрондық» ұғымының мәні. «Технотрондық дәуір», «технотрондық құжат», технотрондық мұрағаттану және технотрондық құжаттама. Кино-фото-фономатериалдарға құжаттық мәртебе беру, сондай-ақ оларды техникалық құжаттамамен бір топқа біріктіру. «Кітапсыз материалдар», «мета-кітап», «аудиовизуалды материалдар», «дәстүрлі емес», «медиа түрлеріндегі құжаттар» және т.б.

3




13

Қашықтан білім беру технологиялары

Қазіргі уақытта қашықтықтан оқытудың маңызы және ерекшеліктері.
Заманауи және жоғары тиімді педагогикалық технологияларды қолданудың жоғары мүмкіндіктері. Қашықтан оқытудың кері тұстары. Қашықтан оқыту жүйесінде қолданылатын технологияларға сипаттама. Топтық жұмыс, ынтымақтастықта оқытуға, белсенді танымдық процеске және әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуге бағытталған технологиялар.

3




14

Тарихты оқытуда қалыптастырушы бағалау жұмыстарын ұйымдастыруда АКТ қолдану.

Критериалды бағалау қағидаттары. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырма дайындау және өзін-өзі бағамдау. АКТ арқылы қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқудың стратегияларын айқындау. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқуда АКТ қолданудың тиімді жолдары.

3




15

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқуда АКТ қолданудың тиімді жолдары.

Тарих пәнің оқытуда түрлі жастағы балаларда байқалатын метасана деңгейі, балалардың жас шамасына бейімделген АКТ арқылы сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы. Білімді бақылау және тексеру мақсатында көп функциялы Google-құжат, Padlet, ClassTime қосымшаларын пайдалану технологиясы.

3







45






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет