Білім беру бағдарламасы курс атауы «Тарихты оқытудағы ақпараттық технологиялар»



бет6/23
Дата01.05.2024
өлшемі88.14 Kb.
#500245
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Тарихты-оқытудағы-ақпараттық-технологиялар

Flipped Classroom - "төңкерілген сынып" деп аталатын оқытуға заманауи көзқарас, онда әрбір педагог оқушылармен ыңғайлы форматта белгілі бір платформаның бар мүмкіндіктерін ескере отырып кері байланыс жасайды және осымен оқушылардың оқыту үдерісіне тартылуы мен уәждемесі артады.
Kundelik.kz - оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдерді және білім беруді басқару органдарын біріктіретін электрондық күнделік. Kundelik.kz – бұл Қазақстан Республикасы бойынша бірыңғай білім беру интернет порталы.
Flipped Classroom ( аударылған сынып) - оқушылардың жаңа материалды негізгі меңгеруі үйде жүргізілетін оқыту принципі, ал аудиториялық жұмыс уақыты тапсырмаларды, жаттығуларды орындауға, зертханалық және практикалық зерттеулер жүргізуге, мұғалімнің жеке консультациясына бөлінеді.
Smart-learning - көптеген көздердің, мультимедианың (аудио, бейне, графика) алуан түрлілігінің, мобильді құрылғылардың көмегімен тыңдаушының деңгейі мен қажеттіліктеріне тез және қарапайым күйге келтіру қабілетінің болуын болжайтын икемді оқыту.
OPIQ.KZ - 1-11 сынып оқушыларына арналған электронды оқулықтардың платформасы.
PADLET – онлайн тақта. Оған жазбаларды, суреттерді бекітуге болады.
YOUTUBE - бейне файлдарын орналастыру, сақтау және іздеу үшін хостинг.
ZOOM - бұл бейне-конференцияларды, вебинарларды және басқа да осындай онлайн іс-шараларды өткізуге арналған бұлтты платформа. Жұмыс істеу үшін пайдаланушы идентификаторды алады және оны кездесулерді өткізу үшін пайдаланады.



  1. Бағдарлама тақырыбы

Педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеруге арналған курстың тақырыбы: «Тарихты оқытудағы ақпараттық технологиялар» пәні (бұдан әрі – Бағдарлама).



  1. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтижелері

Бағдарламаның мақсаты: білім беру ұйымның ақпараттық және білім беру ортасын құру, дамыту мәселесін тарих пәні мәнмәтіні негізінде зерделеу мен ақпараттық технологияларды қолдануға бағыттау.
Міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының Ғылыми және жоғарғы білім және ғылым министрлігінің жалпы білім беру стандарттарына сай осы заманғы оқытуға қойылатын талаптар мен нормативті-құқықтық негіздерін білу;

  • тарихи пәндер бойынша тарихи ойлау дағдыларды қалыптастыру және оқу мақсаттарын тиімді жүзеге асыру, тарихи концептілер негізінде оқыту үшін ақпараттық технологияларды қолдануды меңгерту;

  • тыңдаушыларды қазіргі заманғы тарих ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, оқытудың негізгі ақпараттық технологиялары туралы кең деректі және бастапқы материалдармен таныстыру;

  • АКТ-құзіреттілігін дамыту құралдарын қолдану мәнмәтінінде білім беруді жаңғыртудың нормативтік құқықтық, теориялық негіздерінің тұжырымдамалық түсінігін қалыптастыру;

  • білім беру үдерісін дидактикалық қамтамасыз етуді және ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы заманауи сабақтарды жобалау;

  • мультимедиалық технологияларды, интерактивті тақтаны, компьютерлік бағдарламаларды, модельдеуді және т. б. тарих сабақтарын білім алушылар үшін қызықты әрі тиімді ету үшін пайдалануды меңгерту;





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет