Астықты құрғақ күйінде сақтау тәсілі ежелден қолданылып келе жатқан өнім сапасы түсірмейтін , тұқымның өнгіштік қасиеттерін сақтап қалатын, ұзақ уақыт сақтауда тиімділігі жоғары тәсіл болып табылады. Қоспадан тазартылып, улы заттармен өңделіп, салқындатылған құрғақ астықты бір орыннан қозғамастан астық қоймаларында 4-5 жылға дейін, элеватор силостарында 2-3 жылға дейін сақтайды. Жақсы кептірілген астқты сапасын түсірместен алыс жерлерге тасымалдауға болады. Дегенмен, ылғалдылығы қауіпті деңгейден төмен астықтар дұрыс қарамау салдарынан бұзылуы мүмкін. Оған себеп - ылғал аз ортада тіршілік ете алатын жәндіктер мен кенелердің көбеюі. Бұндай астықты зиянкестер тіршілігін тоқтататын температуралық деңгейге дейін белсенді желдету арқылы міндетті түрде салқындату қажет.
Құрғақ астықтың бұзылуының тағы бір себебі - құбылмалы ауа райы кезінде астық масасының жекелеген бөліктерінде ылғалдылықтың артуы.
Құрғақ астық теміржол және су көліктерімен алыс қашықтыққа тасымалдауға жарамды. Ұзақ мерзімді сақтауға да сапалы құрғақ астық топтарын таңдап алады. Алайда дымқылдығы 12-14%құрғақ астық массасы элеваторларға тек қана ауаның салыстырмалы дымқылдығы төмен аудандардан немесе егін жинау кезеңінде құрғақ ауа райы қалыптасқан аудандардан түседі. Басқа аудандарда егін жинау маусымындағы климат ерекшеліктеріне байланысты айтарлықтай мөлшерде астық дымқылды және сулы күйінде қабылданады. Сондықтан негізгі міндет мұндай астықтың сақталуын қамтамасыз ету және бүлінудің алдын алу. Осыған байланысты дүниежүзілік тәжірибеде және біздің елімізде сақтауға құярда дымқылдықты төмендету мақсатымен әртүрлі кептіру тәсілдердің қолдану кең өріс алған.
Бақылау сұрақтары
Астық массасын сақтаудың режимдеріне қойылатын талаптар қандай?
Астық массасын сақтау тәсілдеріне талдау жасаңыздар.
Өнімді сақтағанда ескерілетін жағдайларға түсінік беріңіздер.
Астықты құрғақ күйінде сақтау ерекшеліктері қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |