Бақылау сұрақтары:
Астықты қоймаларға қабылдауда атқарылатын жұмыстары.
Астықты қоймада орналастырудың жоспарын жасаудың алғы шарттары.
Ұсақ партия астықтарды біріктіріп, ірі партия құрау.
Астықтың пайдалану бағытын белгілеуге қойылатын талаптар қандай?
Дәріс № 8
Тақырып: Сақтаудағы астық массасының өздігінен қызуы.
Сабақтың мақсаты: Сақтаудағы астық массасының өздігінен қызуын оқып білу.
Жоспар:
Өздігінен қызудың негізгі себептері.
Өздігінен қызудың түрі (Ұялы).
Өздігінен қызудың түрі (Қабаттық).
Өздігінен қызудың түрі (Жаппай).
Астық массасының нығыздалуы /басылып қалуы/.
Тұқым массасының өздігінен қызу құбылысы, оның мәні. Өздігінен қызудың түрлері және даму кезеңдері. Тұқым массасының өздігінен қызу құбылысы, физикалық және физиологиялық қасиеттермен тығыз байланысты. Өздігінен қызу құбылысы сақтау іс- санасында көп елдерде тараған. Бұл құбылыс әсіресе, күзігүні не жазғұтырым пайда болады. Бұл құбылыс дән массасының салмағын, оның дақылдық, азық-түліктік, жем-шөптік сапасын кемітеді.
Астық массасында жүретін физиологиялық процестердің нәтижесінде және жылу өткізгіштігінің төмендігінен ондағы температураның артуын өздігінен қызуы деп атайды.
Өздігінен қызу - кешенді құбылыс және ол астық массасындағы дәндер мен микроорганизмдердің тыныс алуының күшеюінің нәтижесі. Қалған тірі компоненттер астық массасында жылу бөлінуді күшейтеді. Астық массасының жылу өткізгіштігі төмендігінен онда жинақталатын жылу сыртқа шығатын жылудан артық болады да, астықтағы температураны арттырады.
Қызған астықтың температурасы, одан әрі 60-650С дейін, кейде 70-740С дейін көтерілуі баяулайды, 25-550С температурадағыға қарағанда және аталған макимумға жеткеннен кейін баяу да болса астық масасының табиғи салқындауы басталады, өйткені жоғары температурада барлық тірі компоненттер опат болады.
Астық қоймаларының судан қорғалуы жоғары және оның қабырғалары, төбесі, едені жылуды соншалықты нашар өткізетін болса, астық массасына келетін ауаны неғұрлым реттеу жеңіл болса, соғұрлым өздігінен қызу процесінің туу қаупі азырақ.
Достарыңызбен бөлісу: |