Бақылау сұрақтары
Дәннің пісіп-жетілу процессіне талдау жасаңыздар
Дәннің пісу жағдайына түсінік беріңіздер
Пісіп - жетілу кезеңінде қандай биологиялық өзгерістер орын алады?
Дәннің ылғал мөлшері дегеніміз не?
Дәріс № 7
Тақырып: Астық қабылдау, орналастыру және сақтауды ұйымдастырудың
технологиялық негіздері
Сабақтың мақсаты: Астықты қабылдау, орналастыру, сақтауды ұйымдастырудың
негізгі тәртіптерін оқып үйрену.
Жоспар:
Астықты қабылдауда атқарылатын жұмыстар.
Қоймаларда астықты орналастыру.
Астықты сақтауда қолданылатын қапты орналастырудың «екілік», «үштік» және «бестік» әдістері.
Астықты қоймада орналастырғанда ескерілетін жағдайлар.
Қойма ауласы мен оның маңайы барлық қоқыс-қалдықтардан тазаланып, қоршалады және астықты алғашқы өңдеуге арналған алаң асфальтталады.
Жинап алғаннан кейін астық массасын өңдеу үшін шаруашылықтарда толығымен механикаландырылған, өңдеу мүмкіндігі сағатына 10, 20, 40 т болатын, 14-18 пайыз аралығындағы ылғал астықты қоспадан тазалауға арналған ЗАВ-10, ЗАВ-20және ЗАВ-40 астық тазалағыш агрегаттары пайдаланылады.
ЗАВ-40 кешені екі ЗВС-20 астық тазалағышынан, екі сепаратордан, екі триер блогынан, автомобиль қорабындағы астықты түсіргіштен және астықты кешеннің жоғарғы жағына көтеретін екі қондырғыдан тұрады. Өңдеу мүмкіндігі: азық-түліктік астықтарды 40 т/сағ, тұқымдық мақсаттағы дәндерді 15 т/сағ. Кешенді бір адам басқарады.
Ылғалдылығы 20 пайыздан жоғары астықтарға арнап КЗС-10Б2, КЗС-20Ш агрегаттары қолданылдаы. Еліміздің күріш өсіретін шаруашылықтарында тазалау мүмкіндігі 5 т-дан (тағамдық мақсаттағы астық) 10 т-ға (тұқымдық дәндер) дейін болатын ЗАВ -5 кешені орнатылған.
Элиталы және бірінші репродукциялы тұқымдар міндетті түрде қаппен тасымалданып, қапта сақталады.
Қойманы тиімді пайалану мақсатында бір түрге, сортқа, жататын, сорттық тазалығы, ылғалдылығы, ластығы біркелкі дәндерді біріктіре отырып, ірі партия құрайды. Ұсақ партияларды біріктіру кезінде құжатқа сорттық тазалық көрсеткіші еғң төменгі нәтиже бойынша жазылады.
Элиталы, супер элиталы және бірінші репродукциялы ұсақ партия дәндерін ірі партия құрау мақсатында бір-біріне қосып араластыруға қатаң тиым салынады. Сондай-ақ, басқа өңірден алып келінген астық пен жергілікті астықты, жаңа жиналған астық пен өткен жылдар астығын араластыруға болмайды.
Ботаникалық ерекшеліктері. Астықтың ұндық, нандық және жармалық қасиеттерін негізінен астықтың типтері, тип тармақтары мен сорттары сипаттайды.
Астық массасының ылгалдылыгы -бұл физиологиялық процестерді анықтайтын негізгі фактор.
Төрт күйі: құрғақ, орташа құрғақ, дымқыл және су жеке-жеке 4-6 % интервалда орналастырылады.
Астық массасындагы қоспалар мөлшері мен құрамы. Әдетте қоспалар алғашқы кезеңде, тіпті құрғақ астықтың өзінде, жоғары дымқылдылығымен ерекшеленеді. Олар астыққа қарағанда қарқынды тыныс алады, зең ауруымен залалданады /көгереді/. Қоспалармен ластанған астықты қоймаларға құйғанда шөпшар қоспалар өздігінен сусып жинақталады да жоғары дымқылды ошақтары қалыптастырылады, соның салдарынан астықтың өздігінен қызуы байқалады.
Астық масссасының жәндіктермен және кенелермен залалдануы. Заладанған астық түскенде, жәндіктердің таралып кетпеуін ескеріп басқа қоймалардан оқшауланған және залалсыздандыруға қолайлы қоймаларды бөлген жөн.
Астықтың пайдалану бағытын белгілеу. Оны астықты орналастырғанда ескереді. Мысалы, тұқымға арналған астықты азық-түліктіік астықтан бөлек сақтайды. Кептірілген бидай астығын, сапасы бірдей кептірілмеген бидаймен араластыруға болмайды т.б.
Басқа белгілері. Оларға астықтың әртүрлі кемсіндері жатады. Атап айтқанда, аяз ұрған, жусан иісті, тасбақа, қандаламен залалданған, өнген дәндері бар астық тобын жеке орналастырады. Бұл топтар сақтауға шыдамсыз, сапасы төмен және белгілі бір шектеулермен ғана сатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |