Өздігінен қызудың негізгі себептері:
Ылғалдылықтың жоғары болуы.
Температураның көтерілуі.
Егін жинағаннан кейінгі пісіп жетілу кезеңінен әлі өтпеген жаңа жиналған астық сақтауға төзімсіз, оларда өздігінен қызу ерте басталады.
Ұялы. Өздігінен ұялы қызу астық массасының кез келген бөлігінде мына себептердің бірінен пайда болады: астық массасының белгілі бір учаскісінің шатырдың ақаулығынан немесе қойма қабырғаларының ылғалдан жеткіліксіз қымталуынан; бір қоймаға әртүрлі ылғалдылықтағы астықты құю және соның нәтижесінде жоғары ылғалды ұялардың (ошақтар) пайда болуы; астық массасында жоғары мөлшердегі қоспалар мен шаң тозаң, соның нәтижесінде микроорганизмдердің (учаскілердің) пайда болуы; үйіндінің бір бөлігінде жәндіктер мен кенелердің шоғырлануы және басқалары.
Қабаттық. Өздігінен қабатты қызу құбылысы қоймаларда, элеваторларда астықты үйіп сақтағанда туындауы мүмкін. Өздігінен қабатты қызу құбылысы қызған қабаттың орналасуына қарай 3- ке бөлінеді: төбелік, төменгілік және тік қабатты.
Өздігінен төбелік қызу көбінесе күздің соңына қарай және көктемде байқалады. Егер дән массасының сақтау биіктігі 1-1,5 м болса, өздігінен қызу қабаты 15-25 см тереңдікте, ал егер биіктігі 4-5 м болса, 70-150 см тереңдікте кездеседі. Бұған себеп, егер жинап алған дән массасын кептірмей, желдетпей, тазаламай, қоймаға құяын болса, физиологиялық процестер (әсіресе жылулық процестер) дами бастайды да, өздігінен қызу басталады.
Өздігінен төменгілік қызу құбылысы күз не жазғы уақыттарда пайда болады. Әсіресе салқындатылмаған дән массасы суық қойманың еденіне құйылса, не болмаса керісінеше жылы еденге салқындатылған дән массасы құйылса төменгі қабатта өздігінен қызу пайда болады. Өздігінен төменгілік қызу астық массасының төменгі қабатында - еденнен 20-50 см биіктікте жалпақ қабатпен дамиды. Өздігінен тік қабатты қызу металл бункерлерде, элеватор силостарында сақталатын астық массасына көбірек тән, алайда астықпен жанасқан қабырғалардың бірі ылғалданғанда да кездеседі.
Жаппай. Өздігінен жаппай қызу - астық массасының бүкіл бойында температураның көтерілуінен пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |