Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»



бет25/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Өдігінен жаппай қызу - шеткі қатаң бөліктерінен басқа, астық массасының бүкіл бойында температураның көтерілуінен пайда болады. Бұл әдетте өздігінен қызудың басқа түрлерінің салдарынан туындайды және ылғалды әрі көп мөлшерде қоспасы бар, оның ішінде өсімдік бөліктері мен шала піскен дәндер бар астықты сақтағанда байқалады.
Астық массасының нығыздалуы /басылып қалуы/.
Астық массасы сусымалылығының аздап және мүлдем жоғалуын оның ныгыздалуы деп атайды. Бұл астықтың қасиеттері мен сапасының өзгеруіне әкеліп соғады. Басылып қалу /нығыздалу/ төмендегідей себептердің бірінен туындайды: қойма қабырғаларына таяу үйіндінің төменгі қабаттары мен учаскілеріндегі астық қысымынан; айтарлықтай салқындағанда ылғалды және дымқыл астықтың үсуінен; өздігінен қызуынан; жекелеген физиологиялық процестерден.

Бақылау сұрақтары
1. Өздігінен қызудың негізгі себептеріне талдау жасаңыздар.
2. Өздігінен төбелік қызу дегеніміз не?
3. Тұқым массасының өздігінен қызу құбылысы дегеніміз не?
4. Астық массасының нығыздалуының басты себебтеріне түсінік беріңіздер.


Дәріс № 9
Тақырып: Астық массасын сақтаудың режимдері мен тәсілдері.
Сабақтың мақсаты: Астық массасын сақтаудың режимдері мен тәсілдерін оқып,
танысу.
Жоспар:

  1. Өнімді сақтағанда ескерілетін жағдайлар.

  2. Астықты құрғақ күйінде сақтау.

Дән массасын сақтау кезіндегі режімі мен тәсілі оның физикалық және физиологиялық қасиеттеріне байланысты болады. Астық массасы бүкіл жыл бойы әр түрлі мақсаттарға қолданылады. Астық массасы мен қоршаған ортаның байланыстарын дұрыс пайдаланғанда ғана өнімді сақтау барынша тиімді болады.
Астықтың сапасы мен сақталу мерзіміне әсер ететін маңызды факторлар: астық массасы мен қоршаған ортаның ылғалдылығы; астық массасы мен қоршаған орта температурасы, астық массасында ауа алмасу (аэрация) процесі. Аталған факторлар сақтау ережелерінің негізін құрайды.
Әр уақытта азық-түліктің, тұқымның және құнарлы жемазықтың қоры болуы керек. Халық шаруашылығында, әрбір шаруашылықта кейбір астық тобы тез жұмсалады, ал кейбір топтары ұзақ сақталады.
Сақтаудағы астық массасында жүретін жекелеген процестердің арасындағы байланыс, олардың ортаның негізгі факторларына тәуелділігі және астық сапасы мен күйіне кешенді әсер ететін сақтау режимдерін анықтайды.
Біздің елімізде сақтаудың үш режимі қолданылады: қургақ күйінде, салқындатылган күйде, ауаның қатысуынсыз. Сонымен бірге астық массасының сақталуын қамтамасыз ететін әртүрлі технологиялық шаралар да қолданылады. Оларға кептіру, қоспалардан тазарту, белсенді желдету, залалсыздандыру, химиялық консервілеу, сәулелерді қолдану жатады. Белгілі бір сақтау режимін қолданудың тиімділігі астық сақтайтын ауданның климат жағдайларына, қоймалардың түрлері мен сыйымдылығына, кәсіпорынның техникалық мүмкіндіктеріне, астықтың пайдалану бағыты мен сапасына, белгілі бір режим мен жекелеген шараларды қолданудың экономикалық мақсатқа лайықтылығына қарай анықталады.
І.Астықты құрғақ күйінде сақтау.
Бұл тәсіл Я.Я. Никитинскийдің қағидасы бойынша ксероанабиозға негізделген. Бұл режим астық массасының көптеген компоненттерінің оларда су тапшы болғанда физиологиялық белсенділіктерінің баяулайтынына негізделген. Зиянкестермен залалданбаған дымқылдылығы 12-14% астық дәндері мен бұршақты дақылдардың тұқымдары дұрыс сақтағанда анабиоз күйінде болады. Анабиоз - өнімде биологиялық үрдістердің жүруін баяулататын немесе біржола байқалмайтындай етіп күйге келтіру.
Ылғалдылығы қиын - қыстау шегіндегі астық массасының төзімділігі ондағы физиологиялық процестердің, іссаналық маңызы жоқ, тек әлсіз тыныс алуымен ғана байқалатындығынан түсіндіріледі. Мұндай астық массаындағы ылғал дәннің құрғақ заттарымен тығыз байланыста болады да микроорганизмдер мен көптеген зиянкестердің енуіне мүмкіндік бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет