Білім беру бағдарламасы Модулі №6 «Өсімдік шаруашылығындағы тәсілдер мен технологиялар» ooosm 3211- «Өсімдік өнімдерін өңдеу мен сақтауды механикаландыру»


Дәріс № 10 Тақырып: Астық өнімдерін салқындатып және ауаның қатысуысыз



бет27/74
Дата17.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#498989
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   74
УМКД Өсімдік өнім өңдеу мен сақтауды мех енгізу вар 2022ж 2

Дәріс № 10


Тақырып: Астық өнімдерін салқындатып және ауаның қатысуысыз
сақтау ережелері.


Сабақтың мақсаты: Астық массасын салқындатып және ауа қатысуысыз
сақтау түрлерін оқып, танысу.
Жоспар:

  1. Астықты салқындатылған күйінде сақтау.

  2. Астықты ауаның қатысуынсыз сақтау.

  3. Сақтау тәсілдерінің жалпы сипаттамасы мен жіктелуі.

Астықты салқындатылған күйінде сақтау.


Астық компонентерінің көпшілігі төменгі температураға төзімсіз. Салқын ортада олар тіршілігін уақытша болса да тоқтатаныдықтан астық сапасында көп өзгеріс болмайды.
Астық масссасын салқындатқанда оның тұрақтылығы артады және сыртқы ауаның дымқылдығы мен температурасының белгілі бір қатынасы астық сапасына теріс әсер көрсетпейді. Республиканың нан өнімдері жүйесінде үйіндідегі температура -100С аспағанда ғана салқындатылған астық топтарына жатқызады. Және де бүкіл үйіндідегі астық температурасы 0 ... 10ОС болғанда бірінші деңгейде салқындатылған, ал температурасы 0ОС- дан төмен болғанда екінші деңгейде салқындатылған деп есептейді.
Астық массасының салқындатудың екі тәсілі белгілі жайбарақат /пассивті/ және белсенді.
Жайбарақат /пассивті/ салқындатуды ауаның температурасы астық массасынікінен төмен болғанда барлық астық топтарына қолданады. Ол үшін табиғи сорып алынған ауамен астық қоймаларының вентиляциялау мен желдетуіді қолданады.
Белсенді салқындату бұл күрекпен «аудастыру», астықтазалагыш машиналар, кептіргіштер, конвейерлер арқылы өткізу және белсенді желдету. Астықты «аударыстыру» - өте қарапайым және көп еңбекті талап ететін процесс, артықшылықтарынан кемшіліктері көп. Технологиялық тиімділігі шамалы және еңбек шығынын қажетсінетіндіктен «аударыстыру» астық массасын салқындату құралы ретінде пайдалануға болмайды. Бұл ерекше жағдайда ғана астықты салқындатудың жетілдірген және экономикалық тиімді құралдары болмағанда ғана қолданылады.
Белсенді желдетуді астықты салқындатудағы барынша жетілдірілген және экономикалық тиімді тәсілдердің бірі деп есептейді. Белсенді желдету қондырғыларының мынадай түрлері қолданылады: стационарлық, еденді көшпелі және трубалық. Астықты белсенді желдету үшін барынша кең тарағандары стациоанрлық қондырғылар - СВУ-1. Белсенді желдету астықты салқындату, тоңазыту, немесе кептіру мақсатымен жүргізіледі. Бұл жұмыс профилактикалық шара түрінде қолданылады және ол дұрыс та, сонымен қатар астықты желдету құралы ретінде мынадай мәселелерді шешуге бағытталған:

  1. Сыртқы ауаның нақты салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасында белсенді желдетудің орындылығы;

  2. Астық массасын қандай қарқынмен желдетудің қажеттігі;

  3. Белсенді желдетудің әсерінен астықтың температурасы қандай жылдамдықпен төмендейтіндігі;

  4. Астық массасын қажетті температураға дейін салқындатуға қанша уақыт керектігі. Сонымен қатар астықты салқындату мен желдетудің басқа да тәсілдерін қарастырған жөн: қойманың есігін ашу, транспортерлердің көмегімен астықты бір орыннан екінші орынға алмастыру т.б.

Астықты ауаның қатысуынсыз сақтау.
Сақтаудың бұл тәсіл өнімнің ішкі қабатындағы оттегінің мөлшерін азайту арқылы астықта болатын физиологиялық процестерді тежеуге негізделген. Микроорганизмдер мен зиянкестердің көпшілігі оттегіні қажет ететіндіктен олар тіршілігін тоқтатады, тіпті көбісі өледі. Астық массасында ауасыз ортаны келесі үш тәсілдің бірімен қалыптастырады:

  1. Астық массасындағы тірі компоненттердің тыныс алуы барысында көмір қышқыл диоксиді көлемін табиғи жолмен арттыру (автоконсервация);

  2. Астық массасына оттегіні ығыстырып шығатын әр түрлі газдарды (көмір қышқыл диоксиді, азот т.б,) ендіре отырып арттыру;

  3. Астық массасында ауасыз орта (вакуум) жасау.

  4. Бұл тәсілдің кеңінен қолданылмау себептерінің бірі - қоймаларда толық герметизация жасаудың мүмкін еместігі және ауасыз ортада дәндердің өнгіштік қасиетін жоғалтуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет