Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет16/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

Эмоциялық тұрақтылық – өз эмоцияларын басқара алу және стрестік жағдайларда өзін 
ұстап, дұрыс шешім қабылдап, әрекет ету қабілеті. Бұл дағдыға эмоциялық жағдайды 
бағалап, оларды реттеу үшін әртүрлі стратегияларды тиімді қолдану қабілеті жатады. 
Бұл сабырлы болуға, дұрыс шешім қабылдауға және қиын жағдайларды еңсеруге көмек-
теседі.
-
Білуге құштарлық – жаңа білім алуға деген қабілет пен қызығушылық, адамдарға, 
құбылыстарға, қоршаған әлемге ашық болу, танымдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға 
және жаңа тәжірибе немесе әсер алуға деген шынайы ұмтылыс.
-
Эмпатия – басқа адамдардың эмоцияларын, тәжірибелері мен қажеттіліктерін түсіну 
және сезіну қабілеті, сондай-ақ өзін сол адамдардың орнына қоя білу және олардың 
эмоциялық күйіне жанашырлықпен және түсіністікпен жауап беру қабілеті. Бұл тиімді 
тұлғааралық қарым-қатынас жасау және басқа адамдармен жақын байланыс орнатудың 
негізгі дағдысы.
-
Өзіндік сана – өз ойларын, эмоцияларын және әрекеттерін түсіну, күшті және әл-
сіз жақтарын білу, өзін-өзі шынайы түсіну және өз әрекеттері мен қандай да бір 
жағдайларға қатысты реакциясын талдау қабілеті. Бұл дағдыға өз құндылықтарын, 
сенімдері мен мақсаттарын түсіну жатады, бұл өз кезегінде саналы шешімдер қа-
былдауға және жеке қажеттіліктер мен мақсаттарға сәйкес әрекет ету жоспарларын 
құруға көмектеседі.
-
Табандылық пен төзімділік – қиындықтарға, сәтсіздіктерге немесе стресстік жағдай-
ларға тап болған кезде де жұмысты жалғастыру және ынтасын сақтау қабілеті. Бұл 
дағдыға сәтсіздіктермен күресу, сындарлы сынды қабылдау және мақсаттарға қол жеткізу 
барысында туындауы мүмкін мәселелерді шешу жолдарын табу қабілеттері жатады. 
Табандылық пен төзімділік адамдарға өмірдің әртүрлі салаларында қиындықтарды 
жеңуге және табысқа жетуге көмектеседі.
-
Бейімділік пен икемділік – қоршаған ортадағы өзгерістерге тез бейімделу және жаңа 
жағдайлар мен талаптарға икемді бола білу қабілеті. Бұл дағдыға жоспарларды өзгертуге 
деген дайындық, тапсырмалар арасында жылдам ауысу және жаңа үдерістер мен тех-
нологияларға бейімделу, сындарлы сынды қабылдау және болашақтағы қиындықтарды 
еңсеру үшін жіберілген қателіктерден сабақ алу қабілеттері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет