25 |
-
ұсынылған тақырыпқа және коммуникативті тапсырмаға сәйкес дәйекті, логикалық, дәлелді
мәлімдемелер жасай алады; ақпаратты ұсынудың алуан түрін: суреттер, диаграммалар,
графиктер, кестелер т. б. қолдана отырып, мәтін құрастыра алады; тиісті көркемдеу және
бейнелеу құралдарын таңдай отырып әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді
құрастырады; өзінің адамгершілік ұстанымын білдіріп, Қазақстан халқының мәдениеті
мен әдет-ғұрпына байланысты тақырыптарға шағын мәтіндерді синтездей алады.
7.6.1.4.
«Орыс тілі» (Т2) пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Бастауыш мектепті бітіргеннен кейін оқушы:
-
орыс тілінің фонетикалық құрылымының негізгі бірліктерін: дауысты және дауыссыз
дыбыстарды, дыбыстар мен әріптерді ажырата алады; сөзді буындарға бөледі, дыбыс-
тай ды және екпін қояды, сөздің фонетикалық және морфологиялық құрамын, сөйлеудің
негізгі бөліктері мен олардың маңызды грамматикалық санаттарын, сөйлемдегі сөздің
синтаксистік рөлін, оқылған орфограммаларды білетін болады;
-
оқылған немесе естіген мәтіннің негізгі мазмұнын, пікірталастың, диалогтың тақы-
рыптарын түсініп, мәтін түрлерін сипаттау, баяндау және пайымдау сияқты типтерін
ажыратады; көркем әдебиет шығармаларындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды
анықтай алады;
-
эмоциялық реңк беретін көркемдеу құралдарын қолдана отырып, көркем шығармаларды,
баяндау және сипаттау үлгісіндегі мәтіндерді түрлі тәсілдермен мазмұндайды; сөйлеуде
синоним, антоним, омонимдерді, тура және ауыспалы мағыналы сөздерді орнымен қол-
дана алады; сөйлеу қарым-қатынасының түрлі әдіс-тәсілдерін және сөйлеу нормаларын
қолданып, әңгімеге қатысу; көркем мәтіндерді көркем емес мәтіндерден ажыратады;
мәтін оқудың белгілі бір түрлері мен стратегияларын қолдана отырып оқиды; оқып, таныс
болған емле ережелерін қолдану; оқып, таныс болған грамматикалық, орфографиялық
және пунктуациялық нормаларға сәйкес жазатын болады;
-
оқыған немесе естіген ақпарат негізінде рухани-адамгершілік құндылықтар туралы
идеяларды талдайды; өз пайымын жасап, ойларымен және эмоцияларымен бөліседі;
шығарманың жанрын анықтап, өз таңдауын негіздейді; көркем шығармалардың негізгі
идеясы мен құрамын; автордың кейіпкер бейнесін сомдауда қолданған көркемдеу және
бейнелеу құралдарын анықтайды; жазушының өз кейіпкерлеріне деген көзқарасы туралы
қорытынды жасай алады;
-
шығарма авторының көзқарасын бағалай алады, ойдың логикалық реттілігін сақтап, өз
көзқарасын дәлелдейді; шығармалардағы оқиғалар барысын болжайды; өз жұмысын баға-
лайды,
өзін-өзі тексереді, орфографиялық және
пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді;
-
шығарма авторының көзқарасын бағалай алады, ойдың логикалық реттілігін сақтап, өз
көзқарасын дәлелдейді; шығармалардағы оқиғалар барысын болжайды; өз жұмысын баға-
лайды, өзін-өзі тексереді, орфографиялық және пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді;
-
ұсынылған тақырыпқа және коммуникативті тапсырмаға сәйкес дәйекті, логикалық,
дәлелді мәлімдемелер жасай алады; ақпаратты ұсынудың алуан түрін: суреттер, диа-
грам ма лар, графиктер, кестелер т. б. қолдана отырып мәтін құрастыра алады; тиісті
көркемдеу және бейнелеу құралдарын таңдай отырып әртүрлі типтегі, жанрдағы және
стильдегі мәтіндерді құрастырады; өзінің адамгершілік ұстанымын білдіріп, Қазақстан
халқының мәдениеті мен әдет-ғұрпына байланысты тақырыптарға шағын мәтіндерді
синтездей алады.
7.6.1.5.
«Ағылшын тілі» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Бастауыш мектепті бітіргеннен кейін оқушы:
-
жалпы және оқу тақырыптарының шектеулі аясынан алынған әріптермен айтылатын
сөздерді есту арқылы қабылдайды; жалпы және оқу тақырыптары бойынша қысқа,
қарапайым мәтіндердегі негізгі фактілер мен пікірлерді біледі;
| 26
-
жалпы және оқу тақырыптарының қысқа, қарапайым мәтіндеріндегі негізгі ойларды,
нақты ақпаратты түсінеді; сыныптағы нұсқаулықтардың түрлерін, жеке ақпарат беруге
қатысты мәселелерді, жалпы және оқу тақырыптарынан қарапайым сұрақтарды түсінеді;
-
сыныптағы заттарды, әрекеттерді және күн тәртібін сипаттауда қолданылатын негізгі
сөздерді, сөз тіркестері мен қысқа сөйлемдерді; жалпы және кейбір оқу тақырыптарын-
дағы қысқа баяндамалардың мазмұны мен мағынасын болжауға арналған контекстік
тұспалдарды қолданады;
-
түрлі фонемалық құрамдағы сөздерді талдайды және салыстырады, жалпы және оқу
тақырыптары бойынша қысқа, қарапайым мәтіндердегі негізгі пікірлерді ажыратады;
-
сыныпта немесе мектеп кітапханасында мұғалімнің көмегімен кітаптарды, жұмыс па-
рақтарын және басқа да
баспа материалдарын бағалап, жіктелімі бойынша табады;
-
көптеген жалпы және оқу тақырыптары туралы ақпарат беретін қарапайым мәлімдеме-
лер жасап, мұғалімнің көмегімен негізгі жеке, жалпы және оқу тақырыптары бойынша
ұсыныстарды жоспарлайды, жазады және түзетеді.
7.6.2.
Достарыңызбен бөлісу: