Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Білім салалары мен оқу пәндері бойынша



Pdf көрінісі
бет23/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

7. Білім салалары мен оқу пәндері бойынша 
күтілетін оқу нәтижелері
7.1. Күтілетін оқу нәтижелері дегеніміз – әрбір білім саласы мен әрбір пән үшін бекітілген 
ұзақ мерзімді оқу мақсаттарының жүйесі. Әрбір білім беру саласы бойынша күтілетін оқу 
нәтижелері орта білімнің барлық деңгейлеріне (бастауыш, негізгі және жоғары мектептер) 
жалпыланған түрде ұсынылған оқытудың жоспарланатын қорытынды нәтижелері болып 
табылады.
7.2. Күтілетін оқу нәтижелері пәндердің оқу бағдарламаларын әзірлеуге негіз болады. Оқу 
бағдарламаларында осы жалпыланған күтілетін оқу нәтижелері берілген пәнді сыныптар 
бойынша және әр бөлім бойынша оқыту мақсаттарында нақтыланып, көп деңгейлі жүйені 
құрайды.
7.3. Күтілетін оқыту нәтижелерінің жүйесі оқушыларды мектеп «бітірген» кезде білім беру-
дің ұзақ мерзімді мақсаттарына кезең-кезеңімен жетелеуге мүмкіндік туғызады. Ол үшін 
оқушылар пән бойынша ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді (нақты сабақ) 
оқу кезеңдеріне жоспарланған күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуі қажет.
7.4. Оқушылардың ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуі олардың пәндерден алған білімін 
пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай өмірде кездесетін түрлі жағдайларда туындаған мәсе-
лелерді шешуге дайын болуымен сипатталады.
7.5. Күтілетін оқыту нәтижелері бірнеше ұқсас пәнді кіріктіретін әрбір білім беру саласының, 
әрбір пәннің өзіне тән ерекшелігін ескеріп жобаланған.
Зияткерлік мектептердегі білім беру мазмұны функционалды толық білімнің міндетті ком-
поненттері ретінде қарастырылатын 
6 білім беру саласын қамтиды, олар: «Тіл және әдебиет», 
«Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Дене 
шынықтыру».
7.6. «Тіл және әдебиет» білім саласы бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Оқушы:
-
қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ауызша және жазбаша сөйлеуді меңгереді, қажетті 
ақпаратты қойылған мақсатқа сай немесе мәселені шешу үшін жинау, іріктеу, өңдеу 
және жеткізу мақсатында тілдік әрекеттерді (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) 
пайдаланады;
-
оқуда да, күнделікті өмірде де берілген контекске сай өз ойлары мен идеяларын үш 
тілде, ауызша және жазбаша түрде шығармашылық тұрғыда жеткізе алады;
-
қандай да бір өмірлік жағдайларда қарым-қатынас жасау мақсатында қоршаған ортаға 
деген эмоциялық-құндылықты қатынасын білдіру үшін коммуникативтік дағдыларын 
дамытады;
-
тілді қоршаған ортаны тану, сондай-ақ әртүрлі мәселелерді шешуде өз ұстанымын не-
гіздеу құралы ретінде түсінеді;
-
халықаралық мәдени мұраның бір бөлігі ретінде ұлттық және әлемдік әдебиетті бағалай 
алады, сондай-ақ әдебиетті өзін дамыту және жетілдірудің негізі ретінде қарастырады.


23 |
7.6.1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет