Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Негізгі мектеп (6–10‑сыныптар)



Pdf көрінісі
бет22/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

6.3. Негізгі мектеп (6–10‑сыныптар)
Негізгі мектептің міндеті – оқушыларға қажетті базалық білім негіздерін меңгеруге, жа-
ратылыстану-математика бағыты бойынша өз бетінше оқу, жобалау және зерттеу жұмыстарын 
үйлестіре отырып, бейінді оқу түрін таңдауға және тұлғалық қасиеттерін дамытуға жағдай жасау.
Нормативтік оқу мерзімі – 5 жыл (6
10-сыныптар). Ұсынылатын оқушы жасы – 11 жастан 
16 жасқа дейін.
Негізгі мектепті бітірген оқушылардың бойында төмендегідей қасиеттер қалыптасады:
-
негізгі құндылықты көзқарастар және тұлғаның әлеуметтік маңызды қасиеттері;
-
өзін-өзі дамытуға, дербестікке, бастамашылдыққа және өзін-өзі тұлға ретінде анықтауға 
дайындық;
-
дүниені тануға, оқуға және мақсатты іс-әрекетке ынталандыру;
-
әлеуметтік-эмоциялық, практикалық және физикалық дағдылардың жеткілікті (орташа) 
деңгейі;
-
әр білім беру саласы мен әрбір пәнге тән жаңа білім алу, оны түрлендіру және функцио-
нал дық тұрғыдан қолдану тәжірибесі, оның ішінде оқу және әлеуметтік жобаларды 
жүзеге асыру;
-
жоғары мектепке көшуге, өзінің қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес жеке оқу 
траекториясын құруға дайындық.


21 |
6.4. Жоғары мектеп (11–12‑сыныптар)
Жоғары мектепте оқытудың басты міндеті – жаратылыстану-математика бағытында бейінді 
оқытуды жүзеге асыру және жоғары оқу орындарына түсу үшін оқушылардың академиялық даяр-
лығын қамтамасыз ету. Жоғары мектепте оқушылардың коммуникативтік, әлеуметтік, зерттеушілік 
дағдылары мен мәселелерді шеше білу қабілеттері белсенді әрі мақсатты түрде дамытылады. 
Бұл кезеңде оқушыларға өз-өзін тануға және әлеуметтік, азаматтық, кәсіби бағытын анықтауға 
мүмкіндік беріледі.
Нормативтік оқу мерзімі – 2 жыл (11
12-сыныптар). Ұсынылатын оқушы жасы – 16 жастан 
18 жасқа дейін.
Жоғары мектепті бітіргеннен кейін оқушыларда төмендегідей дағдылар қалыптасады:
-
негізгі құндылықты көзқарастар және тұлғаның әлеуметтік маңызды қасиеттері;
-
өмір бойы білім алуға, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі дамытуға ынталы болуы.
-
эмоциялық интеллект, физикалық белсенділік, шығармашылық хобби және салауатты 
өмір салтын ұстанудың жоғары деңгейін білдіретін әлеуметтік-эмоциялық, практикалық 
және физикалық дағдылар;
-
әр білім беру саласы мен әрбір пәнге тән жаңа білім алу, оны түрлендіру және функцио-
нал дық тұрғыдан қолдану тәжірибесі, оның ішінде білімдік, зерттеушілік және әлеу-
меттік жобалар;
-
қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім алу дағдысы.
-
үздік ұлттық және шетелдік оқу орындарына түсуге дайын болуы.


| 22


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет