10. Зияткерлік мектептерде білім беру үдерістерін ұйымдастыру
10.1. Зияткерлік мектептердің оқу үдерісі Зияткерлік мектептердің білім беру құндылықтары
мен мақсаттарына негізделген
білім мен тәрбиенің тұтастығы қағидасы жүзеге асыруды
көздейді. Мұны «бітіру» кезінде күтілетін оқу нәтижелері жүйесі және білім беру салаларын-
дағы күтілетін оқу нәтижелерінің көп деңгейлі жүйесі арқылы қадағалауға болады. Жалпы
алғанда, олар нұсқаулық ретінде күнделікті білім беру мен тәрбиелеу үдерістерін білім
берудің жалпы қисынымен ұштастырады. Осылайша, «Мектепте оқудың не қажеті бар?»
деген сұрақтың мәнін ашады. Күтілетін оқу нәтижелері оқудың да, тәрбиенің де мазмұнды
негізін айқындайды.
10.2. Оқу барысында тәрбиеге қатысты мәселелер пәндерді оқыту арқылы шешіледі (білім тәр-
биеге жетелейді). Тәрбие жұмысының барлық түрлері оқушылардың субъективті жаңа
білімді тану және меңгеру мәселелерін шешуге бағытталған (білім тәрбиеге жетелейді).
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әртүрлі формаларын жиынтықта ұйымдастыру азамат-
тық-патриоттық,
рухани‑адамгершілік, мәдени‑эстетикалық, еңбекке баулу тәрбиесін
қалыптастырады. Зияткерлік мектептердің тәрбие жұмысының жүйесі (оқу, сыныптан тыс,
мектептен тыс) оқу үдерісімен қатар оқушылардың кәсіптік бағдарын анықтауға, олардың
денсаулығын нығайтуға, интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық қабілеттерін
дамытуға ықпал етеді. Сондай-ақ, оқушылардың әлеуеті, өз елінің тағдыры мен оның гүл-
денуіне қосар үлесінің маңыздылығына деген сенімі арта түседі. Отбасымен және қоғаммен
өзара әрекеттесуге негізделген білім беру жүйесі мектепішілік және одан тыс барлық мәдени
және шығармашылық іc-шаралардың барлығын қамтиды.
10.3. Оқу үдерісін ұйымдастыру барысында негізгі басымдық білім алуға беріледі, өйткені ол
оқушылардың негізгі міндеті болып табылады. Білім алу
интерактивті оқу әдістерін қол-
дануды меңзейді, оның негізінде оқушының ізденімпаз болады, мәселені талқылауда, өз
көзқарасын дәлелдеуде белсенділік танытып, сындарлы тұжырым жасау арқылы тәжірибе
жинақтайды.
Оқушының танымдық және әлеуметтік тұрғыдан белсенділігі оқшауланған түрде емес, басқа
оқушылармен және мұғаліммен өзара әрекеттесу арқылы көрінеді. Әртүрлі интерактивті әдістер
жеке де, біріктірілген күйде де барлық қатысушыларны ынтымақтастықта шақырады, сол үшін
алғышарттар жасайды, қарым-қатынастағы авторитаризмге жол бермейді.
10.4. Интерактивті оқу әдістері оқушылардың танымдық жұмыстарын ұйымдастырудың ерекше
формасы ретінде шығармашылық ізденіс кезінде жаңа білім алуына ықпал етеді, бірлескен
жұмыстардың соңғы нәтижелеріне қол жеткізу барысында барлық қатысушылардың та-
бысқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде танымдық жұмыстар серіктестік пен
ынтымақтастықтың жоғары формасына айналады, өйткені әрбір қатысушы түпкі нәтижеге
қол жеткізуге өз үлесін қосады, біліммен, идеялармен, жұмыс жасау әдістерімен алмасу
белсенді түрде жүреді.
10.5. Интерактивті әдістерді қолдану оқуды репродуктивті оқу жұмысы барысындағы қарапайым
қарым-қатынастың орнына нақты шығармашылық жұмыс барысындағы әлеуметтік қарым-қа-
тынас үлгісіне айналдыруға мүмкіндік береді. Мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктерін,
нақты оқу материалы мазмұнының дидактикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, тренингке,
| 78
диалогқа және рефлексияға топтастырылған интерактивті әдістерді шығармашылықпен
қолдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |