8.2.4.5
формуласын біледі;
|
Оқушыларға калькулятор көмегімен sin 20 және sin 160 , ... мәндерін табуды ұсыныңыз, sin α = sin (180–α) деген гипотезаны алға тартыңыз.
Радиусы R-ға тең және центрі координаталар бас нүктесінде жататын жартыдөңгелекті ху жазықтығында қарастырыңыз. мәнін анықтаңыз.
| |
Погорелов А.В. Геометрия учебное пособие для 7-11 классов средней школы. – М.: Просвещение, 1989.
|
8.3.3.10
параллелограммның, ромбтың аудандарының формулаларын қорытып шығарады және қолданады;
|
Практикалық жұмыс жүргізіңіз.
Кез кезген параллелограммның картон моделін таратыңыз. Параллелограмды қиып, тіктөртбұрыш құрастыруын сұраңыз.
Сұрақтар қойыңыз:
1) Параллелограмм мен тіктөртбұрыш тең шамалас бола ма? Неге?
2) Табан ұзындығы өзгерді ме? Оны а деп белгілеңдер.
3) Тіктөртбұрыштың ені параллелограмм үшін не болады (параллелограмм биіктігі)? Оны h деп белгілеңдер.
4) Тіктөртбұрыштың ауданын табыңдар.
5) Параллелограмм ауданы туралы қорытынды жасаңдар. Алынған формуланы жазыңдар.
Параллелограмм ауданының формуласын қолдануға берілген есептерді шығаруда белгісіз шаманы формуладан бірден таба алмайтын есептерді қарастырған жөн.
Мысалы:
1) Алгебралық әдіспен шешілетін есептер.
а) а және b параллелограмның іргелес қабырғалары, ал h1 және h2 оның биіктіктері болсын. Егер болса, онда табыңдар.
b) АВСD параллелограмында В=135, диагональ BD мен АD қабырғасы өзара перпендикуляр. Параллелограмм ауданы 49 см2 тең. AD қабырғасын табыңдар.
2) Тікбұрышты үшбұрыш қасиеттерін пайдалануға берілген есептер.
Параллелограмм бұрыштарының біреуі 30, ал оның қабырғаларының біреуі 10 см, периметрі 56 см-ге тең. Параллелограмм ауданын табыңдар.
Оқушыларды есепті шешуге итермелеу барысында оларға сұрақтар қойып отырыңыз:
− Есепте нені табу сұралады?
− Ауданды табу үшін нені білу керек?
− Табан ретінде қай қабырғаны таңдап алу қажет?
Тақтаға екі оқушыны шақырып, біреуіне табан ретінде ВС қабырғасын, екіншісіне СD қабырғасын таңдап алуды ұсынуға болады. Қалғандары орындарында өз нұсқалары бойынша жұмыс жасайды.
Биіктікті тікбұрышты үшбұрыштан синустың анықтамасы бойынша табуға болатынын түсіндіріңіз. Осылайша оқушыларға параллелограмм ауданының S=absinα формуласын қорытып шығаруына көмектесіңіз.
Практикалық жұмыс жүргізіңіз.
Кез кезген ромбтың картон моделін таратыңыз.
Ромбты қиып, тіктөртбұрыш немесе тікбұрышты үшбұрыш құрастыруын сұраңыз.
Ромбтың ауданы туралы қорытынды жасатыңыз. Алынған формулаларды жаздырыңыз.
Ромб ауданының формуласын қолдануға берілген есептерді шығаруда келесі есептерді пайдалануға болады:
1) Алгебралық әдіспен шешілетін есептер.
Ромб ауданы 27 см2-ге тең, бір диагональ екіншісінен 1,5 есе артық. Ромб диагоналдарын табыңдар.
2) Ромб қабырғасы 6 см, бұрыштарының біреуі 150. Ромб ауданын табыңдар.
3) Периметрлері бірдей квадрат және ромб сызыңдар. Фигуралардың қайсысының ауданы үлкен? Неге?
| |