ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ
1. Микробиология зертханасында жұмыс істейтін студенттер үшін қауіпсіздік ережелерімен танысу және зертханада жұмыс істеу ережелерімен танысу.
2. Микробиологиялық зертхана құрал-жабдықтарымен танысу.
2
|
ЗС2. Микроорганизмдер клеткаларын зерттеу үшін қолданылатын препараттар түрлері. Микроорганизмдер морфологиясы.
Тәжірибелік жұмыстың мақсаты – Микроорганизмдер клеткаларын зерттеу үшін қолданылатын препараттар түрлерін меңгеру
Міндеттері: - Микроорганизмдер клеткаларын зерттеу үшін қолданылатын препараттар түрлерімен танысу. Микроорганизмдер морфологиясымен танысу.
Микробиологиялық препараттар дайындау.
Препараттарды заттық шыныларда дайындайды. Ең алдымен заттық шынының бетін дайындап алу керек. Шынының беті тазаланған немесе майсызданған болуы керек. Майсыздандырудың ең тиімді жолы - шыныларды хром қоспасымен өңдеп, су және спиртпен шаю. Ал күнделікті жұмыста құрғақ шыныны сабынмен жуып, таза сүрткішпен сүрту жеткілікті.
Тірі клеткалардың препараттары. «Жаншылған тамшы» препараты. «Жаншылған тамшы» препараты микроорганизм клеткаларының пішінін, олардың мөлшерін және орналасуын, спора түзулерін, қозғалғыштықтарын зерттеу үшін қолданылады.
Препаратты дайындау үшін заттық шыныға бір тамшы су тамызып, оған тұзақпен зерттеу материалын енгізіп, араластырады да, жабынды шынымен жауып, микроскоп арқылы зерттейді.
«Ілінген тамшы» препараты. Бұл препарат микроорганизмдердің көбеюін бақылауда, споралардың түзілуін және дамуын зерттеуде, сонымен қатар қозғалғыштықты бақылауда қолданылады. Бұл препаратты дайындау үшін арнайы ойығы бар шыны қолданылады. Жабынды шынының бетіне вазелин жағады, ал ортасына бактериалды дақылдың тамшысын енгізеді. Одан кейін тамшы ойықтың ортасында тұратындай етіп заттық шыны үстіне жабынды шыныны жабады. Тамшы ойықтың үстінде, ойықтың түбіне де, шетіне де тимей ілініп тұруы қажет.
|
Достарыңызбен бөлісу: |