Білім беру бағдарламасы Пәннің коды Пәннің атауы Студенттің өзіндікжұмысы (БӨЖ)



бет17/18
Дата20.05.2022
өлшемі43.63 Kb.
#458042
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқау

ЗС 14.Ауа микрофлорасы, ауадағы микроорганизмдерді бөліп алу әдісі. Микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдылығын тексеру нәтижесін алу.
Жұмыстың мақсаты – ауа микрофлорасымен танысу.
Зертханалық жұмыстың мақсаты- ауаның микрофлорасын зерттеу әдістерімен танысу.
Ауа микрофлорасын зерттеу. Су және топырақ сияқты ауа микроорганизмдер тіршілік ететін орта болып саналады. Бактериялар көп мөлшерде ауаға шаң-тозаңмен түседі, олардың сандық және сапалық құрамы топырақ микрофлорасымен тығыз байланысты болып келеді. Микроорганизмдер ауада тіршілік еткенімен, ауа олардың көбею ортасы бола алмайды, яғни олар күн сәулесінің әсерінен тіршілігін жояды. Ауа микрофлорасы негізінен климаттық жағдайларға, жыл ж.әне тәулік мезгіліне, тұрғылықты жерлерге байланысты өзгеріп отырады. Жаңбырлы күнде микробтар шаңмен қоса топырақтың бетіне шөгіп, ауа тазарады. Ауаның жоғары қабаты микробтардан едеәуір таза болып келеді. Адамдар көп жерлерде, ластанған аймақтардың ауасында микроорганизмдер көп мөлшерде кездеседі. Зерттеу міндеттеріне байланысты ауа микрофлорасын зерттеу кезінде түрлі тәсілдер қолданылады. Бөлмелердегі ауа ластануына баға беру үшін Кох тәсілі кең қолданылады. Ол үшін зерттелетін бөлмеге қатты қоректік орта құйылған Петри табақшаларын 5 минутқа ашық қалдырып, уақыт аяқталған соң табақшаның бетін жауып, термостатқа 28 0 С орналастырады. 2-3 тәуліктік инкубациядан соң ауа микрофлорасына сандық есептеу жүргізеді. Бөлме ауаларында көбінесе бактериялардың кок тәрізді формалары, оның ішінде Sarcina flava,споралы таяқшалар, зең саңырауқұлақтары кездеседі.
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ
1. Әр түрлі бөлмелерге қойылған Петри табақшаларындағы микроорганизмдерді. 1 м 3 аудағы санын анықтап, салыстырмалы түрде талдау жасау, колонияларды сипаттап, препараттар дайындап, ауа микрофлорасымен танысу, суреттерді салып, түсініктеме беру.

15

ЗС 15. Ауа микрофлорасы, микроорганизмдердің дақылдық және морфологиялық қасиеттерін зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет