Дәріс № 1.
Кіріспе. Автоматтандыру жұйесі бойынша жалпы мағлұматтар.
Сызба және конструкциялау туралы жалпы маліметтер.
Дәріс жоспары:
1.1 Кіріспе. Бастапқы мәліметтер.
1.2 Өндірістің және термиялық цехтардың классификациясы.
1.1 Кіріспе. Бастапқы мәліметтер.
Құрылыс сызба деп ғимараттардың, эстакадалардың, тоннельдердің, жолдардың, гидротехникалық құрылыстардың және т.б құрылыс обьектілерінің жекелеген элементтерінің сызбасын айтады.
Құрылыс сызбалар өзінің әр алуандығымен ерекшеленеді. Құрылыс сызбалардың мазмұны, олардың безендірілуі, қолданылатын масштабтар, шартты бейнелеулер мен белгілеулер сызбада көрсетілген құрылыс обьектілерінің түріне байланысты.
Құрылыс сызбаларда бейнеленетін обьектілерге байланысты былайша атауға болады:
Сәулет құрылыс сызбалары деп тұрғын үйлердің, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың сызбаларын;
Инженерлік құрылысысызбалары деп түрлі инженерлік құрылыстардың (көпірлердің, темір жолдар мен тас жолдардың, гидротехникалық құрылыстардың, тоннельдердің, эстакадалардың, су салқындатқыштардың, резервуарлардың және т.б) және бетоннан, темірбетоннан, топырақтан, металдан, пластмассадан, ағаштан және басқа материалдардан жасалған құрылыс конструкцияларының сызбаларын;
Типографиялық сызбалар деп жердің бедерін, ситуацияны, (тогандарды, көшеттерді, құрылыстарды, жолдарды және т.б) бейнелейтін сызбаларды айтады.
Сызбалардың мазмұны мен безендірілуі сондай-ақ жобалаудың қай кезде екендігінен де байланысты.
Жаңа технологиялық процестердің енгізілуі жаңа обьектілердің құрылысына немесе істеп тұрған термиялық бөлңмшелердің қайта конструкциялауына алып келуі мүмкін. Кейде бұл енгізу жекелеген жобалау жұмыстарының орындалуымен байланысты. Жаңа құрылыс кезінде принципті түрдегі жаңа технологиялық процестерді, технологиялық жарақтандыру мен өндірісті ұйымдастырудың озық нысандарын енгізуге мүмкіндік береді. Алайда жаңа кәсіпорындарды жобалау мен салу үлкен күрделі шығынмен байланысты және көп уақытты талап етеді.
Қазіргі кезде аз шығын жұмсап өндіріс көлемін тез арттыруға мүмкіндік беретін істеп тұрған обьектілерді қайта конструкциялауға айрықша көңіл болінеді. Ғылыми-техникалық прогресті жылдамдатып, дамудың интенсивті жолына тезірек өту үшін қайта конструкциялауға және техникалық қайта
жарықтандыруға бөлінетін қаржының үлесін жоқ дегенде жартысына дейін арттыру керек.
Қайта конструкциялаудың тиімділігінің өзі мынадай көрінеді: өндіріс көлемін арттыруға тікелей өнімділікті арттрумен байланысты негізгі қордың тек сол бөлігін ғана дамыту жолымен қол жеткізуғе болатындығында. Қайта конструкциялаудың тағы бір артықшылығы, күрделі қарды ең алдымен өнім өндірумен тікелей байланысты негізгі өндірісті дамытуға бағытталуы болып табылады. Бұл қосымша обьектілерге, сондай-ақ көлікті, ғимарат құрылысын, энергетикалық коммуникацияларды ұстауға салынатын қаржыны әжептәуір қысқартады. Кадрді іріктеп, өндірістік байланыстарды қалпына келтіру жөніндегі міндеттің шешілуін жеңілдетеді. Сонымен қатар, алайда қолданыстағы технологиялық өзгеріс енгізілетін бөлігінің, қолда бар техниканы алмастырудың, термиялық учаскелердің жинақтаушы және жоспарлаушы құрылысының схемаларын өзгертудің жобалау шешімдерінің еркіндігі төмендейді. Сонымен, неғұрлым қайта констркуциялау көлемі аз болатын болса, жобалық шешімдердің сипатына жергілікті жағдайлар соғұрлым көп ықпал етеді. Егер орынды болса, онда қайта конструкциялау көлемі аз болатын болса, жобалық шешімдердің сипатына түбірлі өзгертулер жүргізіледі, соның ішінде принципті түрде жаңа процестерді енгізуді, термиялық учаскелерді және басқаларды түбірімен қайта жоспарлауды жүзеге асырады.
Жұмыс істеп тұрған цехтарды қайта конструкциялау алдында жабдықтарды, технологияларды және техникалық-экономикалық көрсеткіштерді алдын-ала зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Жұмыс істеп тұрған цех қайт конструкциялағанға дейін базалық есебінде қабылданады.
1.2 Өндірістің және термиялық цехтардың классификациясы.
Өндірістің мынадай үш негізгі классификациялары санаттары бар:
бұйым дайындауға қолданылатын әдісті сипаттайтын, мысалы, құю, пісіру, жайманы штапмтаушы, механизмдерді жинау, ұсталық және т.б;
кендігі, номенклатурасы, жүйелігі, тұрақтылығы және бұйым шығару көлемінің белгілерімен анықталатын: жеке, сериялы немесе жаппай шығару;
жұмыс орындары мен жабдықтардың орналасу принципінің мамандандару деңгейін сипааттайтын тасқынды немесе тасқынды емес.
өнделетін детальдардың өңдеу процесі кезінде операциядан операцияға олардың орындалуы ретінің тәртібімен үздіксізауыстырылуы тасқынды өндірістің негізгі белгісі болып табылады.
Жеке өндіріс- ол кең номенклатуралы детальда аз көлемде дайындалатын өндіріс. Жеке өндіріс ауыр машина жасауда ірі және бірегей станоктар дайындау, стандартқа сай емес жабдықтар, арнаулы құралдар (штапмтар, бейімделгіш детальдар) даярлау үшін іске қосылған.
Жаппай өндіріс деп, ұзақ уақыт бойы тар номенклатурадағы бір бұйымды көп көлемде дайынадауды үздіксіз жүзеге асыратын өндірісті айтады. Әрбір станок пен жұмыс орнынан бір технолгиялық операция бекітілген.
Термиялық цехтар мына белгілері бойынша бөлінеді:
завод құрылымындағы орны бойынша бөлінеді:
өнделетін детальдар бойынша;
термиялық өңдеудің басым операциялары бойынша;
өндірістік белгілері бойынша.
өндіріскөлемі завод құрылымында жекелешен термиялық цех, бөлімше немесе учаске (штапмтерды термиялық өңдеу учаскесі, тісті доңғалақтарды термиялық өңдеу учаскесі және т.б) түрінде орнын анықтайды.
Термиялық өңдеудің басым операциялары бойынша классификация - көміртектендіру цехы, шынықтыру цехы және т.б.
Соңғы белгісі бойынша классификациялау - барлық термиялық цехтардың бөлімшелерін негізгі және қосалқы деп бөлу.
Негізгі термиялық цехтар (бөлімшелер, учаскелер) былайша бөлінеді.
жартылац фабрикаттарды оларды мехикалық өңдеуге дейінгі термиялық
өңдеу цехтарына;
механикалық өңдеуден кейінгі термиялық цехтарға;
дайындау және өңдеу операцияларын (рессорлық, серіппелік цехтар және
т.б) біріктіретін цехтар.
Қосалқы термиялық цехтарға (бөлімшелерге, учаскілерге) жабдықтарды, штапмтарды, көпшілік қолды бұйымдарды және т.б өндейтін цехтар жатады.
Бақылау сұрақтары
Құрылыс сызбалары туралы қандай мәліметтер беріледі?
Өндірістердің классификациясы атаңыз?
Массалық өндіріс дегеніміз не?.
Термиылық цехтардың классификациясы атаңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |