Білім беру бағдарламасы тобының білім алушылары үшін «автоматтандырылған учаскені мен цехтерді жобалау»



бет6/17
Дата02.10.2023
өлшемі281.5 Kb.
#479509
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Дж Автомат жүйе

Дәріс №5.
Жабдықтарды таңдау.
Дәріс жоспары:
5.1 Жабдықтырды таңдау шарттары.
5.2 Өндірістің мінездемесі.
5.3 Жабдықтың таңдауы.

5.1 Жабдықтырды таңдау шарттары.


Жабдықтарды операцияны жүргізупарам етріне қарай таңдайды. Сонымен бірге жергілікті энергетикалық ресурстарын еске алады, қоршаған ортаның шарттарына қарайды және жабдықтардың түрін алу жағдайын қарастырады. Термиялық цехтарды жобалау кезінде жабдықтарды кең таңдайды. Жұмыс істеп жатқан цехтарды реконстркуциясы кезінде бар жабдықтарға қарай қолданады. Таңдаған кезде температуралық режимді, технологиялық орталарды параметрлердің дәлдігін, жыбдықтың бағасын, алып жатқан аймақты, энергиянының шыңынын есепке алады.
Периодты жабдықтар көбінесе ұсақ сериялы және бір сериялы өндірісте қолданады. Жұмыс режимынан басқа режим түріне ауысу мақсатымен бұл жабдық кен өндірістік жағдайымен қамтамасыз етілуі керек. Сериялық өндірісте жартылай үздіксіз жабдықтар қолданады.
Үлкен көлемді өндірісте бір типті бұйымдар дайындайтын жағдайда ағымды жабдықтарды қолданады.
Операцияның температуралық режиміне байланысты температуралық диапазонымен және технологиялық жүйесімен ерекшелінетін термиялық жабдықтарды таңдайды.
Жылу сипатына қарай жабдықтардың энергия тасымалдаушының экономиялық және дефецитті еместігіне қарайды, температуралық режимін ауыстыру жағдайына, термостардың жұмыс істеу жағдайларын және қоршаған ортаны қарастырады.
Жоғары температуралық пештерді қыздыру үшін энергия тасымалдаушының түрін дұрыс таңдап алу керек. өндірістің көбенде бір циклді жоғары температуралы өңдеуді 1 тонна бұйымға 110-150 м газ отынның немесе 600-800 кВт-час электрэнергиясы жұмсалады. Көп циклды өндіріс кезінде энергиялық жүргізушінің шығымы екі есе кейде үш есе өседі. Сондықтан кейбір термиялық цехтарда технологиялық энегиялық жүргіжушінің шығымы цехтын өзіндік құнына 15-50% құрайды.
Жабдықтардың формасы мен жұмыс істеу аймағының герметикалық жағдайы технологиялық ортамен белгіленеді және бұйымдардың өңдеу санымен, олардың ириентациясымен. Форманы таңдауы көбінісе бұйымдардың шынықтыру әдісіне байланысты болаты. Ұзын бұйымдарды шынықтыру кезінде шахталалық немесе коридорлық пештерді және вертикальды шынықтыру бактарын қолданады, өйткені бұйымдарды вертикальды етіп қойып қыздырады.

5.2 Өндірістің мінездемесі.


Жоблалаудың келесі сатысы жабдықтарды таңдау болып табылады. Бұл проектің жауапты бөлімі, өйткені дұрыс таңдап алынған жабдық шикізатын өңдеу сапасын ұамтамасыз етеді және экономикалық жағдайы мен өнімділігін.
Өндірістің мінездемесіне қарай жабдықтар таңдап алынады. өндірістің бірлік сериялық және массалық түрі бар.
Бірлік өндірісінде бұйымдардың бір түрі ғана шығады. Бұл жағдайда универсалдық жабдық қажет.
Сериялық өндірісінде бір түрлі бұйымдарды партиямен немесе сериямен шығарады, олар бір уақытта шығады. Партияда немесе серияда бір түрлі бұйымдардың санына байланысты сериялық өндірісті ұсақ сериялық, ортасериялық және ірі сериялық деп бөледі. Сериялық өндірісте өндірудің құны азаяды бірлік өндіріске қарағанда. Мысалы бірлік өндіріс ол штамп цехы, ал сериялық өндірісі ол инструменталды цех. Бұл өндірістің түрлері камералық немесе шахталы пештерді қажет етеді.
Массалық өндірісте біртипті бұйымдардың саны өте көп олар жыл бойы сақталады және стандартты формасы мен өлшемі, материалы болады. Массалық өндірістің шарты - бұйымдардың барлық бұйымдарға сәйкес келуі керек берілген маркасы бойынша қосымша өңдеусіз. Массалық өндірісте жоғары өнімді механизендірілген жабдықтарды қажет етеді. Массалық өндіріс төмен өзіндік құнымен және жабдықтың жоғары өнімділігімен мінездемеленіледі.
өндірістің жақсы формасы ағымдық әдіс болып табылады. Сериялық өндірісте ағымдық әдістер кең қолданылады. Ағымдды - массалық өндіріс өте эффектілі болады. Осындай өндірістің көрсеткіштері:
элементар операциясына технологиялық процестің дифференциясы, әр операция әр жұмысшыға бөлінген;
жоғарғы өнімді жабдықтардың қолдануы, өндірістік процестердің комплектсі механизациясы, автоматтандыруы;
технологиялық процестің сатылық операциялы ағымдық жабдықтар мен орналасқан;
жабдықтардың қасында жиын орындары жоқ, бұйымды дереу келесі операцияға жібереді;
жұмыстың ритмикасы бірдей немесе оперияның ұзақтығы бірдей.

5.3 Жабдықтың таңдауы.


Бұйымның формасына, өлшеміне, процесіне және өндірістің мінезіне байланысты әр цехтың өзіне сай жабдықтары болады.
Дәнекерлеу цехтардың негізгі жабдықтары - камералық пештер немесе итергіш пештер.
Суық штамповкада газды және электрлік конвейер пештері қолданады, бақылау атмосферасымен.
Жобаланып жатқан цехтың жабдыұтары жасалған технология мен жабдықтың мінездемесіне негізделеді. Жасалған технологиялық процестің негізінде жабдықтардың түрлері таңдалып алады, ал пештердің негізгі өлшемдері өндірістің түріне қарай және өндірілетін бұйымның түріне қарай таңдалып алынады.
Пештердің жұмыс істейтін аудандары жабдықтардың алдан-ала есебіне алынады.

Бақылау сұрақтары


Өндірістің мінездемесі
Жабдықтарды таңдау
Ағымдық әдістің түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет