Дәріс № 8
Ғимараттарың элементтері мен конструкциялары.
Дәріс жоспары:
8.1 Ғимаратардың конструкция элементтері не жатады?.
8.2 Ғимараттарың негізгі элементтері мен конструкцияларын атаңыз?.
8.1 Ғимаратардың конструкция элементтері.
Ғимаратардың негізгі конструкциялары бағаналар, қабырғалар, жабқыштар, фермалар, фонарлар, терезелер, есіктер, тамбурлар сатылар.
Ғимараттардың негізгі элементері - қабырғалар, олар бірқабатты үйлердің 10% құрайды. Олар мына шарттарға ие болу керек: ғимараттардағы керекті температура - ылғалдылығын сақтау қажет, статистикалық және динамикалық жүктемесіне берік және тұрақты болу керек; ұзақ уақыт тұрақтылығы мен отқа төзімділігі болу керек; керегінше салмағы жеңіл болуы тиіс және техника-экономикалық көрсеткіштері тиімді болу керек.
Жарылыс қауіпті өндірісінде ғимараттардың қабырғалары жеңіл түсетін болу керек жарылыс толқыны болған жағдайда.
Жұмыс мінездемесіне байланысты қабырғалар көтергіш, өзін көтеріп тұрған және аспалы болып бөләнеді.
Көтерігіш қабырғаларды қанқасыз және қанқасы толық емес үйлерді жасайды, олар кірпіштен, ұсақ жіне ірі блоктардан орындалады. Өндірістің
үйлер жоспарының өзгешелігін ескере отырып, үлкен көлемді бөлмелердің қабырғаларын едауір ұзындықта жоспарлайды. Олардың орнықтылығы үшін сыртқы және ішкі жағынан жаурындық қабырғалар жасайды. Бағандардың адымы айтарлықтай болған жағдайда қабырғылырдың орнықтылығын күшейту үшін жекелеген учаскеде қабырғаларды байланыстыратын қанқадай болып табылатын керегетірек жасалады.
Өзін көтеріп тұрған (көтергіш емес) қабырғалар негізіне қоршау қызметін орнайды және іргетасқа сүйене тек қана өз салсағын көтереді.
Аспалы қабырғалар тек қана қоршау қызметін атқарады және өзінің іргетасқа сүйенетін төменгі ярус (шығынғы ірге) қабырғаларынан басқа салмағын қаңқа бағандарына салады.
Бірқабатты өндірістік үйлердің темір бетон бағандары тікбұрышты, таңбалы пішінді және екі бұтақты болыды. Көлденең қима көлемі әрекеттегі жүктемеге байланысты. Мұндай біріңғайланған бағандар қимасының көлемдері қолданылады: тік бұрыштылар үшін - 400x400, 400x600, 400x800, 500x500, 500x600, 500x800 мм;
Таңбалар үтттін - 400x600, 400x800 мм;
Екібұтақтылар үтттін - 400x1000, 500x1000, 500x1300, 500x1400, 500x1500, 600x1400, 600x1900, 600x2400 мм.
Бағандар құрылыс алдында жиналатын бңрнеше бөліктен тұруы мімкін.
Консольдері бар бағандарға кранның үстінен және астынан жүретін бүтақтар енгізіледі. Кран үстінен жүретін бүтақтардың қимасы көбінесе квадрат немесе тікбұрышты - 400x400 немесе 500x500 мм.
Бағандар ұзындығын цехтың биіктігімен іргетастығы бітеу тереңдігін қоса санап қабылдайды, олар көпір қараңсыз тік бұрышты қимасы бар бағандар үтттін 750 мм, көпір крандары бар тікбұрышты және қостаңбалы қимасы бар бағандар үтттін 850 мм, екі бүтақты бағандар үтттін 900-1200 мм.
Болат бағандардағы қималы биіктігі бойнша тұрақты және ауыспалы болады. Оларды болат консткрциялар зауытында өзара пісіру немесе шегелеумен құрастырлатын илектеу профилінен дайындайды. Бағаннан іргетасын көлемді аумағына салмақ жіберу үшін бағаннын төменгі басына табан жасалалы фермалар сегменттік (сараланған ) аркалы, параллель белдемелер мен болулары мүмкін. Үшбұрышты және т.б. фермалардың төменгі және жоғарғы белдемелері арасына тіреу және қиғаш тіреулер жүйесін орналастырады.
Ферма жабынының көтергіш конструкциялары - бұл үйдің мағызды конструктивті элементі. Жұмыс сипаты бойынша олар жазық және кеңістікті, ал материалы бойынша темірбетон металл және құрастырылған болып бөлінеді.
Темір бетон ферамларды үйлердегі аралықтар 18,24, 30 және 36 м болған жағдайда қолданады.
Фермаларды үстінгі бұрандамалармен және бекіту элементтерін пісіру арқылы бекітеді.
Жабының ең нәтижелі көтергіш конструкциялары болып болат фермалар табьылады.
Фермалардың белдемелерімен кереге торын бұрыштықтардан немесе құбырлардан құрастырылады және оларды өзара пісіру арқылы біріктіреді.
Фермалардың ұстындарымен түйіндесуін негізінен топсалы қылып
жасайды.
Өндірістік үйлердің жабындары көтергіш және қоршама бөлімдерден тұрады.
Жобаның қоршама бөлімінің құрамына мыналар кіре алады: қоршау элементтерін ұстап тұратын көтергіш төсем; жылу оқшаулағаш қабатын су буларынан дымданудан сақтайтын, буоқшалауғыш; бөлмені қыста жылу шығынынан және жазда ысып кетуден қорғау үшін жасалатын жылу қорғау қабаты; төменде орналастырылған немесе ерітіндісі немесе асфальттан жасалған қабатты тегістеу үшін арналған шатыр, шатырдың күн сәулесінің тура әсерінен қорғауға арнылған. Ірі түйіршікті құмнан немесе битум майындағы малтастан жасалатын қорғау қабаты.
Бөлменің температуралары-ылғалдылық режиміне байланысты, жабындар жылытылған және суық болуы мүмкін.
Жылытылған жабындар жылтылатын бөлмелерде, және де жылу шығару шамалы үйлерде жасалады.
Жылытылмайтын цехтардың үстінен, және де жылу шығаруы едауір ыстық цехтарда жылу қорғау қабаты және буоқшалауғышы жоқ суық жабындар жасалады.
8.2 Ғимараттарың элементтері мен конструкциялары.
Фонарьлар. Фонарь деп өндіріс алаңдарының жоғары жағын
жарықтандыруға және де үйлердегі қажетті ауа алмасуына арналған әйнектелген немесе жарым жартылай әйнектелген үй жабынының үстіндегі жай үсті салынымын айтады.
Мақсаты бойынша фонарлар жарықтық, аэрациялық және құрастырылған болып бөлінеді. Қима профилі бойынша фонарлар тік бұрышты, трапеция түріндегі, үшбұрышты, м тәріздес болады.
Фонарларды жасау қажеттілігі негізделген болу керек. осылай, үйлерді күн саулесінің тура әсерінен қорғау үшін,айнектелген жағы солтүстікке қарайтын шадовый фонары керек. Көп аралықты үйлерге арналған құрастырылған фонарларды барлық аралыққа, біркелкі биіктікте орналастырылған тиімді.
Сыртқы су буру жүйесі бар жылтылмайтын үйлерге М - тәріздес фонарларды қою тиімді емес. Фонарлардан суды бұру, сыртқы және ішкі болып жобылыныды. Сыртқы су бұруды үйдің биіктігі 10 м - ден артық болмаған жағдайда сол күйінде қабыладайды, және де жиналғанын суағар варонка арқылы жасайды. Ішкі су бұруды құрастыру кезінде, суды жинап және нөсер канализациясына әкететін, су қабылдағыш варонкалар, әкету құбырлары мен тік құбырларының орналасуын, жабына аумағы мен көлдене профильдің көлемдеріне сәйкес бекітеді.
Жабынды жасау барысында, суқабылдағыш варонкаларға қарай, енді оларды ауыспалы жуандықпен жеңіл бетон қабатын төсеу арқылы еңіс жасау қажет.
Суағар варонкаларын құрған жерлердегі, шатырлардың суөткізбеушілігіне, варонка шанағандағы шен темірге үш қабат мастикамен күшейтілген, шыныкенеп немесе шынытормен арматураланған, негізгі гидрооқшаулағыш жабынкілем қабаттарын жабыстыру арқылы кетеді.
Варонкалар шатыр жобасында біркелкі орналастырулы керек. олардың бір біріне арақашықтығы 48...60 м аспауы керек. Үйдің көлденең бағытындағы әрбір кординациялық ось бойына екі варонкадан орналастыру қажет.
Суағар тік құбырға келетін сужинайтын аумақтың судың шығын есебі, варонканың диаметрі 80 мм болған жаңдайда - 5 л/ с 100 мм - 10 л/ с аспауы керек. Мұнымен бірге, жабынға түйісіп тұрған қабырғаларың қосылған 30% аумағын қоса санағанда.
Фонарьлар (зинитныйдан басқа) болаттан жасалады. Темірбетонды өте сирек қолданады.
Рамалық фонарлрьды құру, едәуір күрделі болуына байланысты, ферма аралық зоналарда көп қар қалдықтары немесе әйнектің кірленуі салдарынан, талап бойынша жарық түспеуі, оларды құруға жұмсалатын және үйлердің жылуы сақтау шығындары көп жағдайда қамтамасыз етілмейді. Сонғы кезде зенитті фонарлардың жарық өтекізетін конструкциясын көрсететін нәтижелі конструкциялар жасалған.
Пластмассадан жасалатын жарық өткізгіш конструкциялардың дайындалуы өнеркәсіпті, жеңіл, төзімділігі жоғары, жинақтауға қарапайым және қолдануға ыңғайлы.
Зенитті фонарларьдың, нүктелі және бөлік типті болады. Зенитті фонарьлар күмбездерінің өлшемдері 1400-1600 мм, ал органикалық айнектен жасалған панельдер- 1600x6200 мм болады.
Аэрация кезіндегі ауаның келуі мен кетуі, кіру және сору тесіктерінің екі жағындағы қысымдардың әрқилы болу салдарынан екендігін есепке ала отырып, аэрациялық фонарларды жобаладйды. Сору тесіктерінің бір мезгілде жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін, фонарлардың екі жағынан, тігінен әйнектелген ілінбейтін аэрациялық фонарлар қойылады. Мұндай фонарлар, желдің кез келген бағытында сору жұмысын тоқтатпайды.
Ірге тастар. өндірістік үйдің жалпы көлемінде, іргетас құрылысының еңбек сиымдылығы 6 - 8 % құрайды.
Құру тәсілі бойынша бойынша іргетастар, құрастырмалы және монолитті болады. Ұстындардың астына, стакан типті ұстынастылық жеке іргетастар қарастырылған.
Ірге тастар - үйдің мағызды конструктивті элементі, ол үйдің жер үсті бөліктерінің негізгі салмағын қабылдап, оның негізіне жібереді. Конструкциясы бойынша іргетастар- таспалы бағаналы, тұтыс болады.
Еден түрін және оның конструктивті шешімін табу барысында, ең алдымен еденге түсетін өндірістік әсерлердің түрі мен дененің қызмет көрсетуге сенімділігі және ұзақ уақытқа шыдамдылығын қамтамасыз ету талаптарын ескеру керек.
Осыған байланысты, өндірістік үйлер едендерді келесі талаптарды қанағаттандыру керек: жоғары механикалық берік болуы; бетінің тегіс және жазық болуы; тайғақ емес; аз сүйкелетін және үстінен көлік құралдары мен адамдар жүргенге шанданбайтын болуы; заттар еденге құлаған сәтте, зақым келтіруден қорғайтын, жақсы тиімділіг болуы: шусыз болуы; жылу сақтау коэффициентінің аз болуы; шусыз болуы; жылу сақтау коэффициентінің аз болуы; суөткізбеушілік, ылғалға қарсылық; жануға қарсы шыдамдылығы мен химиялық агрессивті заттарға қарсы шыдамдылығының болуы, тез және аз еңбексиымлдылықты жөндеулерді өткізу мүмкіншілігін қамтамасыз ету, құрылуының өндірістік болуы; тез тазартылатын және әдемі сырт келбетін ұзақ сақтауы.
Бірінші қабаттағы еден деңгейі, әдетте, территория учаскесінің жобалауы белгісінен 150 мм - ге жоғары болуы керек. Жекелеген жағдайларда, топырақ суының деңгейі жоғары болған кезде еден деңгейін жобалау белгісінен 500 мм - ге көтерілуі мүмкін.
Еден атауы, оны жапқан материалға байланысты. Конструкциямен жабын төсеу тәсіліне байланысты, едендер, жеке материалдар және бітеу (монолоит) болып бөлінеді.
Бір қабатты өндірістік үйлерде еденді, әдетте негіз топырағынан үстінен жасайды, ал элементері кіреді: негізі төсеніш қабат және жабын. Басқа қабаттарды, талаптарға байланысты жасайды. Бір қабатты үйлердің едені үшін, табиғи топырақ негіз болып табылады. Әлсіз топырақты негіздерге, күшейту үшін малтатас немесе қиыршық тас қосады, содан кейін ол қабатты, катокпен дірілдеткіш немесе тығындауышпен нығыздайды. Төсеніш қабат (дайындық) негіздің үстінен орналасады және салмақты негіз бойынша таратуға арналған. Дайындық түрі, қабылданған жабын түрі мен технологиялық талаптарға, ал оның қалыңдығы негіздің салмағы мен түріне байланысты, ол 80 - нен 250 мм ге дейін қабылдана алады.
Тұтас едендерге, саз балшықтан соғылған, малта тасты және қиыршақ тасты бетонды және цементті құмды, мозайкалы және металды-цементті, асфальт бетонды, ксиолит және т.б жатады.
Саз балшық едендерді, кейбір ыстық цехтарға жасайды. Еден жабыны, саз балшық, құм және су қоспаларынан тұрады және төсеніш қабаттың қызметін атқарады 2МПа (20 кгс/ см ) аз болмаған жағдайда жабын материалының қажетті берігтілін құрайды. Егер қоспаға 2-3% майлы зат және 55-65% малтатас немесе қиыршықтас қосса, онда жоғары механикалық сапалы саз балшық еден шығады.
Металтасты және қиыршықтасты едендерді көлік жүретін жерлерге жасайды. Оларды, ірілігі 25-75 мм болатын малтатас пен қиыршақтастардың құммен қосылған қоспасынан, қалыңдығы 100-200 мм болатын қабаттармен төсеп, жасайды. Қабаттарды тегістеп нығыздайды. Жоғарғы бетінің ірілігі 15-25 мм күйділрілген цемент тасы және 5-15 мм болатын ұсақ тастармен өндейді. Қиыршықтасты жабындарға ыстық битум сіңдіруге болады. Жабын төсеніш қабаты да бола алады.
Айқара ашылатын және жылжымалы қақпалардың тақтасы металдан және металды ағаштан болуы мүмкін. Орамасын металл профиль дер ден жасайды. Көп жағдайда, қақпа тақталарында адамдар өту үшін есік жасалады.
Өндірістік үйлердің есіктері бір және екі тақталы, айқара ашылатын және жылжымалы болып жасалады. Ойықтардың номинальды мөлшерлері, келесі ені - 1; 1,5 и 2 м, биіктігі- 1,8; 2; 2,3 және 2,4 м. сыртқы есіктердің қасына, есік тақтасының енінен тереңдігі 0,4-0,5 м ге үлкен тамбур жасайды.
Бақылау сұрақтары
Өндіріс қақпалардың түрлері
Болатты фермалар
Іргетастардың түрлері
Темірбетонды бағаналардың типтері
Достарыңызбен бөлісу: |