Дәріс № 2
Жобалау негіздері.
Дәріс жоспары:
2.1 Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау.
2.2 Технолгиялық бөлімді жоспарлау.
2.1 Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау
Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау үш кезеңде жүргізілуі мүмкін:
Мақсаты цех құрылысының техникалық мүмкіндігі мен экономикалық мақсатқа сайкестігін орнықтыру, қажетті алаңның, жұмыс күші мен энергетиканың болжамды есебін жүргізу болып табылатын жобалық тапсырма. Бұл тапсарма цех құрылысына кететін шығынға, жабдықтар алуға және жабдықтауға және техникалық-экономикалық көрсеткіштер құруға смета жасаумен аяқталады.
Техникалық жоба құрылыс бөлімінің және әсіресе технологиялық бөлімнің, иғни технологиялық процестің неғұрлым толық сипаттамасын жасаудан тұрады. Деталь дарды термиялық өңдеудің технолгиялық процестің неғұрлым толық сипаттамасын жасаудан тұрады. Деталь дар ды термиялық өңдеуден технологиялық ведомстары мен схемалары жасалады. Экономикалық бөлімінде өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы жасалады және техникалық- экономикалық көрсеткіштер келтіріледі.
Жұмыс сызбалары бекітілген жобалық тапсырманың негізінде жасалады. Жұмыс құжаттамасының құрамында маршруттық, операцичялық карталар және термиялық өндеуге ведомостар, жабдықтарды дәл орнату орны көрсетілген цехты жоспарлаудың сызбасы, жүк тасқының бағыты және т.б. кіреді.
2.2 Технолгиялық бөлімді жоспарлау.
Технолгиялық бөлім. Бұл бөлім жобаның негізгі бөлімі болып табылады. Жоғарғы сапалы өнімді алу үшін аз уақытты пайдаланып және өндеудің өте арзан тұратын жағдайын қарастыратын технологиялық процесті таңдап алу керек. Счол үшін пайдаланатын әдісті анализ жасай отырып, прогрессивті термиялық өңдеу әдісін пайдалану қажет.
Жұмыс бұйым үшін таңдап алығна материалдаың физикалық және механикалық қасиеттерін екі, үш болат маркасымен салыстыра отырып, тиімдісін таңдау керек. Таңдап алынған материалдың маркасы термиялық өңдеудің техникалық талаптарына сай болуы керек. Сонымен қатар таңдап алынған материалдаың маркасы арзан, экономикалық жағынан тиімді, технолгиялы (жақсы штапматушылығы, жылуға төзімділігі, және т.б) болу қажет. Барлық осы аталған қасиеттер график бұйымның цехтар арасындағы, иғни бастапқы (құятын және соғу цехы) қалпынан және соңғы дайын техникалық өңдеуге дейін көрсету керек.
Термиялық өңдеу режимін таңдағанда мыналарды ескеру қажет:
материалдың түрі және химиялық құрамы;
бастапқы құрылымы және химиялық өңдеуден кейінгі құрылымы;
жылуөткізгіштігі, шынығуға бейімділігі және болаттың ішкі кернеу мен сызаттарға бейімділігі;
бұйымның пішінін;
сыртқы қабатының қажетті сапасын алуын;
бастапқы өлшемдерін сақтауын;
қажетті тереңдіктегі шыңдалған қабатты алуды.
Термиялық өңдеудің режимін таңдағаннан кейін, иғни температурасын, қыздыру уақытын, ұстау және суыту уақытын есептегегген кейін технологиялық процестің тиімділігін анықтау керек. Бұл үшін бұйымның өзіндік құны қосымша күрделі шығындардың үнемін, яғни қосымша капиталдың өзін-өзі ақтап шығу мерзімі нормалы мерзіммен жоғары болмауын салыстыру қажет.
Технологиялық процестің операциясын орындау үшін есептік уақыт норамсын дәл табу мынаған тауелді:
қажетті жабдықтар мен өндірістік аудандар саны
негізгі және көмекші жұмысшылар саны
яғни еңбек өнімділігі мен өзіндік құны жобаланған. Цехтың маңызды
көрсеткіштері болп табылады.
өнделінген термялық өңдеу технолгиясы. Бөлшектің негізгі құжаты болып табылады және технологиялық картасы деп аталады. Технологиялқ картанын стандарттық түрі жоқ. әрбері уақытта шығаратын өнімнің өндірістің талаптарна сай технологиялық картас болады. Бірақ тенологиялық карталардың маңызы бірдей болады.
Термиялық өндеудің технологиялық процесін техникалық - экономикалық негізінде мыналар болу тиіс.
тандап алынған болат маркасы үшін термиялық өндеу технологиясы ғылыми негізде сәйкес болу керек.
өндірістің сипатын және специализациясын (массалық, сериялы және жекеленген), уақыт бірлігімен шығарылған өнімін салмағы мен саны, сонымен қатар өнімнің техникалық талаптары;
механикаландырылған агрегаттар мен автоматты желілердің және стандарты технологиялық процестердің комплекті технологиясының мүмкіншілігіне талдау жасау керек;
таңдап алынңған термиялық өңдеу процесінің бағасын анықтау.
Бақылау сұрақтары
Құрылыс сызбалары туралы бастапқы мәліметтерді атаңыз?
Жобалау кезеңдері қанша кезеңге бөлінеді?
Технологиялық карта дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |