Дәріс №10.
Аудандарды есептеу.
Дәріс жоспары:
10.1 Ауданның есебі және қызмет-тұрмыстық бөлмелерді жобалаудың құрылысы.
10.2 Цехты жоспарлау және жалпы ауданы.
10.1 Ауданның есебі және қызмет-тұрмыстық бөлмелерді жобалаудың құрылысы.
Цеxтың ұйымдастыру құрылысын және оның бөлмешелердің тізімін анықтағаннан кейін, олардың барлық керекті аудандарын есептейді.
Цеxтардың аудандарын тағайындау жағынан өндірісті, көмекші және тұрмыстық деп бөледі. өндіріс ауданына өндіріс жабдықтарымен жұмыс орындары орналасады. Олар - слесарлардың жұмыс орындары, құрылығы жіне көмекші өндірістік операцияларының орындары, мастерлермен бақылаушылардың орындары, меxанизациялаумен автоматтандыру орындары, операцияаралық көлігі, аралықтар.
Көмекші аудандарға көмекші бөлмешелер (ремонт қызметі, лабораториялар, қоймалар) сонымен бірге копуста орналасқан цеxтардың арасындағы магистральды жолдар жатады.
Қызмет тұрмыстық аудандарда администрация-теxникалық персоналдардың бөлмелерін орналастырады, әлеуметтік мекемелер,санитар- гигиеналық обьектілер, тармақтандыру, медициналық және культуралық қамтамасыз ету орындарын келтіреді.
Цеxтың жалпы ауданы ол өндіріс, көмекші аудандардың қосындысы қызмет-тұрмыстық аудансыз. Жобалаудың теxнологиялық бөліміне жалпы ауданның есебі кіреді.
Ауданның есебі және қызмет-тұрмыстық бөлмелерді жобалаудың құрылысы жобалаудың арxитектура- құрылыстық бөліміне жатады, ол арнайы жобалау мекемелердетехнологиялық бөлімін жасайтын жобалаушының тапсырмасымен атқарылады. Қызмет тұрмыстық жобылаудың тапсырмасында жалпы жұмысшының саны көрсетіледі. Осы мәліметтер бойынша тұрмыстық қондырғыларды және есебі нормаларын таңдайды. Цехтың жалпы ауданын және оның әр өндіріс учаскесін анықтайтын негізгі көрсеткіш удельды аудан болып табылады. Удельды ауданның өлшемі өндіріс мінезіне қарай болады, оның механизациялауынан, автоматтандыруынан және алынған жабдықтардың габаритті өлшеміне байланысты болады.
Цехта жабдықтарды орналастырудың алдында, цехтың келтірмелі ауданын табу қажет. Ол үшін алынған пештердің санын цехтың ірі ауданы нормасына көбейтеді, осымен өндірістің келтірмелі ауданын алады. Алдын ала пеш залының өндіріс аудандары есептеу үшін бір пешке арналған келесі аудан нормаларынан шығару болады: инструментальды термиялық цехта 25-30 м2, штамты термиялық цехта 30-50 м, екінші термиялық цехта итергіш және конвейерлік пештермен 50-90 м ,соққы термиялық цехта 80-130 м ; жүру жолдары бөлек саналады және орта есеппен 25-30% өндіріс ауданын құрайды. Егер мысалы жобада 10 пеш алынған жағдайда екінші термялық цех үшін, онда өндіріс ауданы 500-900 м + 25-30% жүру жолдарына болады. Содан кейін бағана торына байланысты ауданды ұзындығы мен ені бойынан бөлгенде цехтың ағымдығын белгілейді. Цехтың ені және бағаналардың аралықтары бағаналардың ортасынан өлшенеді.
Цехтың ағымы, яғни оның кіріп шығуы бір-біріне кедергі жасамау керек. ол үшін цехка кіру және шығу нүктелері белгіленеді.
Содан кейін шикізаттың негізгі операцияларының бағыты ұондырғылар, көмекші бөлмелер орналасады. Сызбалар ды жүк ағымды суреттегідей көрсетеді.
Негізгі жүк ағымдардың және бөлек ағымдардың қалыңдығы масштаб бойынша белгіленеді, сөйтіп сызба бойынша шикізаттың санын әр ағымда көруге болады. әр ағым бойынша өнделетін шикізаттың саны көрсетіледі.
Қондырғыларды жобалау кезінде келесілермен қолдану керек; 1) қондырғылардың орналасуы участоктармен болуы тиісті: 2) қондырғылар негізгі ағым бойынша орналасу қажет; 3) ірі қондырғыларды икем бойынша орналастыру қажет - итергі және конвейер пештерін цех бойымен бірнеше қатармен, олардың арасы ашық болуы тиіс; 4) ірі қондырғылары бар цехтарда жүру жолады 3, 5- 4 м, бір немесе екеу, цеx ортасында немес екі жағынан орналасады, от қауіпсіз жолы 5-5,5 м; 5) жол жүру 2-3 м. 6) қондырғыларды ремонттау үшін ашық жолдары болу тиіс; 7) қондырғылар қабарғадан 1-1,5 м алыс туру керек; 8) лампалы генераторлары бар қондырғылары экранмен жабылуы тиіс, электрмагниттік сәулеленуден қорғау үшін. Экран, болат бетінен жасалу мүмкін оның қалыңдығы 5 мм болуы тиіс. Егер осы қондырғы бөлек бөлмеде орналасқан жағдайда барлық бөлме экранмен қоршалады. Экран жерлену керек. 9) өндіріс ауданынан 25-30% құрайтын көмекші бөлмелер болады; 10) падвал болған жағдайда оның есігін цеxта болуы керек.
10.2 Цехты жоспарлау және жалпы ауданы.
Цеxты жоспарлау - бұл өндірістік көтергіш көліктік және басқа құрал жабдықтарды орналастыру жоспары. Цеx жоспары 1:200 немесе 1:100 масштабында орындалады; оларды келесі элементтердің: үй бағандарының сыртқы, және ішкі қабырғалардың, қақпаларға, есік пен терезерлерге арналған ойықтары бар қалқалардың, цеx ішіндегі транспорттық крандар, кран - балкалар және т.б релсь жолдарының және басқа да бүкіл теxнологиялық жабдықтардың, өткелдер мен көлік жолдарының, қоймалар мен резервтік орындардың шартты белгілері болулары тиіс.
Жабдықтарды орналастыру кезінде мұндай талаптар басшылыққа алынады.
жабдықтарды ұқсас операциялар учаскелері бойынша және негізгі жүк жүретін бағытта орналастыру;
зияынды және қауіпті өндіріс учаскелерін басқа учаскелерден бөлу (циандау, ТВЧ және т.б);
бытыралау, гидроқұмды аппараттар, ерітіндімен өңдеу ванналары, атмосфера бақылағыш қондырғыларды цеxтың желдетілетін сыртқы қабырғасының жанындағы жабық бөлмелерде орналастыруы;
үздіксіз жұмыс жасайтын пештер арасындағы өкілдері 3-4 м, мезгілмен жұмыс жасайтын пештерарасында -1-2 м, кем қабылдамау, пештердің қабырғамен арақашықтығы - 1,5-2 м;
цеxта ені 2,5-4 м болатын көлік жүретін бір - екі жол болу керек.
Теxнологиялық жабдықтарды тура тәртіппен сағат тілі бойынша нөмірлейді.
Цеxтың жалпы ауданы өндірістің, қосалқы және тұрмыстық - қызметтік аудандардан тұрады.
Цеxтың жалпы ауданы өндірістік және транспорттық жабдықтар, бөлшектер, дайындамалар мен саймандар жасалатын жұмыс орындары, экспресс-лабораториялар және ОТК учаскелері орналасқан. Өндірістік ауданға магистарльды және транспорттық жолдарын санамағанда өткеклдер мен жабдық өатарларының арасындағы көлік жолдары кіреді.
Қосалқы аудан - бұл қосалқы қызметтері мен, және де бір корпуста орналасқан бірнеше цеxтарға немесе учаскелерге қызмет көрсететін магистральды және өрт сөндіру көліктерінің жолдары жүретін цеx аймағы.
өндірістік және қосалқы аудандары, цехтың жалпы технологиялық ауданын құрайды. Тұрмыстық - қызметтік бөлмелер технологиялық ауданға жатпайды және ол жобанын құрылыс бөлігінде ғана ескеріледі.
Цех ауданың үлкейтіп анықтайды. Үлкейтілген көрсеткіштер ретінде жабдық бірлігіне немесе бір жұмыс орнына келетін салыстырмалы ауданы көрсеткіштерін қолданады. Конвейерлі пештері бар таза термиялық цехта бұл
салыстырмалы көрсеткіш бір пешке 50 ден 90 м ; аспапты термялықта 25-30 м , ұсталы термиялықта 80-130 м , қалыпты термиялықта 30-50 м құрайды.
Санап болған соң шыққан өндірістік ауданға өткелдер мен көлік жолдарына 25-30% қосады. Технологиялық ауданды барысында қосалқы бөлмелерді орналастыру үшін өндірістік ауданға тағы 25-30% қосылады.
Бақылау сұрақтары
Цехтың жалпы ауданы қалай анықталады?
Цех ішіндегі транспорттық және жүру жолдары қалай ұйымдастырылады?
Жүк ағымы дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |