Білім беру бағдарламасының тобы- в009 Математика мұғалімдерін даярлау Білім беру бағдарламасы 6В01501 Математика Оқыту мерзімі: 2021-2025 жж


Ф-19-06 /04 Білім беру бағдарламасында қалыптасатын құзіреттіліктер мен күтілетін нәтижелері



бет4/11
Дата27.04.2024
өлшемі236.02 Kb.
#499965
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1 (1)

Ф-19-06 /04
Білім беру бағдарламасында қалыптасатын құзіреттіліктер мен күтілетін нәтижелері



Түйінді құзіреттіліктер

Құзіреттіліктер

Күтілетін нәтижелер

Оқу-танымдық

Қ1.БІЛІМІН ҚОЛДАНУ

ON 1 - Математика саласындағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету.
ON 2Ғылыми және философиялық таным әдістерімен табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда түсінуді және зерттеуді қамтамасыз ететін философия негіздерін білу арқылы қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған шындыққа баға беру, Мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның мазмұнын және ерекшеліктерін интерпретациялау, Құқықтық және демократиялық мемлекеттің құндылығы жалпы адамгершілік құндылығы туралы дағдысы болу.

Қ 2. АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ON 3 - Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғынып мейірімділік, шыншылдық, намыс, борыш, толеранттық, балаларға және өзінің мамандығына сүйіспеншілігі негізіндегі құндылықтар мен нормаларды білу.
ON 4 - Әлеуметтік және өндірістік салаларда болып жатқан барлық құбылыстарға жеке баға беру; Қазақстанның қазіргі заманғы оқиғаларының себептері мен салдарын талдау үшін тарихи сипаттау әдістері мен тәсілдерін қолдана білу; әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психологияның базалық білімі негізінде түрлі тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас салаларындағы жағдайларға баға беру; жеке және кәсіби бәсекеге қабілеттілігін таныту; байланысқа қатысушылардың іс-әрекеттеріне баға беру;

Жеке тұлғалық

Қ 3 ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ

ON 5 – Оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары болу, мектеп математикасының мәселелерін шешу дағдыларын дамыту, жаңартылған әртүрлі оқыту әдістерін меңгеру, оларды кәсіби қызметте пайдалану.
ON 6 - Өзінің моральдық және азаматтық ұстанымын дамыту; өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу үшін өмір бойына жеке білім беру траекториясын құру, дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтын ұстану.

Қ 4 КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ON 7 – Әлеуметтік этикалық, және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асыру, педагогикалық, білім беру және ғылыми-әдістемелік міндеттерді шешуде студенттерді, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар жастардың жеке және типологиялық айырмашылықтарын ескере отырып осы білімдерді қолдану.

ON 8 - Фундаменталды математика саласында білімді дамыту, кең ой-өрісі мен логикалық ойлау қабілеті бар жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру. Өз бетінше оқу, жоспарлау және өзінің білімін ұйымдастыру, өзіндік оқу стилін меңгеру, өзін дамытуға байланысты қажеттіліктер мен ерекшеліктерін білу, өзінің білімі мен өзін дамыту деңгейінің жетістіктерін бағалау;

Кәсіби

КҚ 5 ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ - БАСҚАРУШЫЛЫҚ

ON 9 - Жеке іс-әрекеттерінде түрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды: интернет-ресурстары, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша бұлтты және мобильді қызметтерді қолдана білу; математиканы оқытудың инновациялық технологияларын қолдану, пәндік дағдыларды қалыптастыру, мектеп оқушылары арасында математикаға қызығушылық туғызу әдіс тәсілдерін меңгеру.

КҚ 6 ОҚЫТУШЫЛЫҚ - ТӘРБИЕЛІК

ON 10 Күнделікті жағдайларда өндірістік проблемаларды шешу үшін математикалық ойлауды дамыту және қолдану; Математикалық ойлау тәсілдері (логикалық және кеңістіктік ойлау) және презентацияларды (Формулалар, Модельдер, Конструкциялар, Графиктер, Кестелер, Теоремалар, Анықтамаларды): кәсіби қызметінде іске асыру.

КҚ 7 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІСНАМА

ON 11 - Математикалық модельдерді жасауда қолдануға қабілетті, математикалық зерттеудің сапасының критерилерін, ғылыми теорияларды, тексерудің экспериметтік және эмпирикалық принциптерін түсіну.

КҚ 8 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ

ON 12 - Ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты білу және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті білу және түсіну, білімді интеграциялық процестердің қазіргі заманғы өнімі ретінде синтездеу; нақты ғылымды, сондай-ақ бүкіл әлеуметтік-саяси кластерді зерттеуге арналған ғылыми әдістер мен тәсілдерді қолдана білу; зерттеудің нәтижелерін жинақтай білу; жаңа білімді синтездеу және оны гуманитарлық әлеуметтік маңызды өнімдер түрінде ұсыну; Жеке түрде және команданың мүшесі ретінде тиімді жұмыс жасау, өз көзқарасын дәлелдей алу, өзінің ісін түзете білу және түрлі тәсілдерді қолдану.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет