Бағалау – оқушы білімін
тексеруді қалай
жоспарлайсыз?
Қалыптастырушы бағалауға
білім алушыларды
ынталандыру үшін мадақтау
сөздер айту межеленген.
Қалыптастырушы бағалау
тиімді кері байланыс беру
мақсатында төмендегі сөздер
қолданылды: «тапсырманы
жақсы орындадыңдар», «сенің
қолыңнан осы жұмысты
орындау келеді» сөздер мен
тағы басқа тиімді тәсілдер
ескеріледі.
Пәнаралық байланыс
Әдебиеттен Қ.Аманжоловтың «Туған жер»
өлеңінің мазмұнын, музыкадан
Б.Тәжібаевтың сөзіне жазылған «Туған жер»
әнін, географиядан Қазақстан картасын
тақырыппен байланыстыру межеленген,
келесі сабақта да ескеріледі.
Денсаулық және қауіпсіздік Оқушыларға
компьютер, интерактивті тақтаны
пайдаланудың қауіпсіздік ережелерін
ескерту көзделген, әр сабақта қолданылып
отырады.
АКТ-мен байланыс
Сабақ барысында актер Бекжан Тұрыстың
«Ұлым, саған айтам, Ұлтым, сен тыңда»
бейнекөрінісін көрсету межеленген, келесі
сабақта да оқу мақсаттарына сай АКТ
құралдары пайдалану көзделген.
Құндылықтармен байланыс (тәрбие
элементі).
Құндылықтарды дамыту мақсатында
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының
құндылықтары негізінде Қазақстандық
отансүйгіштік және азаматтық жауапкер-
шілік ескерілген, келесі сабақтарда да
пайдалану көзделген.
Рефлексия
1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері
орындалды ма?
2.Бүгін оқушылар не үйренді?
3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?
(тапсырмалар сәйкес болды ма?)
5.Уақытты қалай пайдаландым?
6.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
1.ҰМЖ , ОМЖ-да келтірілген мақсаттар толығымен
орындалды.
2.Сыни ойлау, бір-бірін тыңдап, түзете алуды үйренді.
3.Сабақ орта деңгейде өтті.
4. Саралауға құрылған тапсырмалар сәйкес келеді.
5.Уақытты тиімді пайдаландым.
6. Жоспарға жаңалықтар енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |